JW subtitle extractor

Жаратылыс ғажайыптары. Өнерлі жануарлар

Video Other languages Share text Share link Show times

Сан алуан реңдер мен бояулар
назарыңды еріксіз баурап әкетеді.
Үлкен болсын,
кіші болсын,
көркем өнер туындылары
адамды тәнті етпей қоймайды.
Бірақ бұндай ғажайып туындылар
көрмелерде ғана кездеспейді.
Мысал үшін, теңізде мекендейтін
нудибранк моллюскілерін алайық.
Олардың сан түрлі қанық түстері
жыртқыштарды үркітеді,
ал біздің көзіміздің жауын алады.
Хамелеондар түстерін
неше түрлі қылып өзгертеді.
Не үшін?
Қорқыту үшін,
ал кейде іздеген жұбының
көзіне түсу үшін.
Бір-біріне мүлдем ұқсамайтын
кейбір тіршілік иелері
тура бір мектепті бітіріп шыққандай,
бірдей өнер көрсетеді.
Мысалы, тауыс өрмекшісі мен тауыс құсы.
Қозғалмай қаз қалпында тұратын
жансыз суреттерден айырмашылығы —
көп жануарлар небір қимылдар жасап,
үлбіреп, буырқанып,
түстерін мың құбылтып,
мүлдем өзгеше кейіпке енеді.
Бұл жағынан мына жұмақ құстарынан
асып түсетіндер кемде-кем.
Ал батыс американдық
сұқсыр үйректер
өз жұптарын тапқанда,
бар өнерлерін ортаға салады.
Олар су бетінде бір уақытта
бірдей қозғалып, балет билейді.
Үйшікті құстардың еркектері
әдеміліктің не екенін сезе біледі.
Олар тура адамдар сияқты
өз үйлерін әрлеп, сәндеп қояды.
Теңіз түбінде өз көлемінен
әлдеқайда үлкен туындылар жасайтын
тағы бір өнерлі жануар бар.
“Суретші” деп те аталатын
бұл инелі балық
құмды өрнектеп сызып,
таң-тамаша қалдыратын суреттер салады.
Бұл балық су астында
бар ынтасымен жасап жатқан туындысын
ұрғашы балық байқап,
бағалар деген үмітте.
Сіз қалай ойлайсыз?
Жануарлардың өнері өздігінен пайда болды ма,
әлде бұл Жаратушының жасампаздығы ма?