JW subtitle extractor

Пер Кристенсен. Уайымдап тұрсыңдар ма? Ғалақат мектебінің 159-сыныбының бітіру салтанаты

Video Other languages Share text Share link Show times

Қалай, уайымдап жүрсіңдер ме?
Әрине, уайымдайсыңдар.
Сендер Ғалақат мектебінен өттіңдер.
Ал мінеки, енді оны бітіргелі жатырсыңдар.
Әрине, бұл сендер үшін үлкен жетістік.
Мектеп сендерді өзгертті.
Өмірлерің де, алда ұйымда атқаратын қызметтерің де өзгеретін болады.
Сендерге көп нәрсе берілді.
Ал кімге көп берілсе, содан көп талап етілетінін біз жақсы білеміз.
Оның үстіне, сендерге жаңа жауапкершіліктер, тапсырмалар берілген болуы мүмкін.
Алдағы уақытта да берілетін болады.
Сондықтан сендерге артар үмітіміз зор.
Одан сайын уайымдап кеткен шығарсыңдар?
Үлкен жауапкершілік артылып отыр ғой!
Сендердің жағдайларың Мұса қайтыс болғаннан кейінгі Ешуаның жағдайына ұқсайды.
Мұса қайтыс болғаннан кейін, Ешуа бүкіл халықтың жетекшісі атанды.
Ол халықты Иордан өзенінен өткізіп,
Уәде етілген жерге бастау керек еді.
Сол үлкен аумақты жаулап алу керек болды.
Ол да сол кезде уайымдаған шығар.
Ойлаңдаршы, бір ғана адам миллиондаған халықты бастайын деп жүр.
Көптеген жауларға қарсы тұру керек еді.
Мұндайда қалай уайымға салынбайсың?!
Сол кезде Ехобаның айтқандары оны жұбатса керек.
Қазір Киелі кітабымыздан Ешуа 1-тарауды ашсақ,
осы тараудың 2-тармағында Ехоба Ешуамен сөйлесіп, оған былай дейді:
“Қызметшім Мұса қайтыс болды. Енді орныңнан тұр да,
өзің де, бүкіл халық та Иордан өзенінен өтіп,
мен сендерге, Исраил халқына, беріп отырған жерге барыңдар.
Мұсаға уәде еткенімдей, аяқтарың басқан жердің бәрін сендерге беремін.
Шөл даладан Ливанға және ұлы өзен Евфратқа дейін, яғни бүкіл хеттіктердің жерін,
сондай-ақ күнбатыстағы Ұлы теңізге дейінгі жерді сендерге беремін.
Көзіңнің тірісінде ешкім саған қарсы тұра алмайды.
Мұсаға жар болғанымдай, саған да әрқашан жар боламын.
Сені ешқашан қалдырмаймын да, тастамаймын да.
Батыл да берік бол!
Ата-бабаларына беремін деп ант еткен жерді
халқым мұра ету үшін, сен оларды бастап алып жүресің”.
3-тармаққа тағы да қарайықшы.
“Аяқтарың басқан жердің бәрін сендерге беремін” дейді.
Қандай күшті!
Енді 5-тармақ:
“Көзіңнің тірісінде ешкім саған қарсы тұра алмайды.
Сені ешқашан қалдырмаймын да, тастамаймын да”.
Мына сөздерді естіген Ешуа жеңілдік сезінсе керек.
Өйткені Ехобаның өзі оны қолдап тұрды.
Негізі, Ешуаның мойнына үлкен жауапкершілік артылды.
Оған үлкен жерді жаулап алу үшін соғыстан соғысқа,
бір қаладан басқа қалаға,
бір ұлттан екінші ұлтқа аттану керек болды.
Әрине, бұл оңай іс емес еді.
Ехоба Ешуаны бұл іске қалай дайындады?
Оған қандай басшылықтар берді?
Қазір 7-тармаққа назар аударайықшы.
“Тек батыл да берік бол!
Қызметшім Мұса өзіңе тапсырған Заңның бәрін мұқият орында.
Қайда жүрсең де ақылмен әрекет ету үшін осы Заңнан оңға да, солға да ауытқыма.
Осы Заң кітабындағы сөздерді аузыңнан тастама,
әрі мұқият орындау үшін күндіз-түні соларды күбірлеп оқы.
Сонда әрқашан жемісті болып, даналықпен әрекет етесің.
Мен саған батыл да берік бол деп тағы да бұйырамын!
Еш қорықпа, шошыма да, өйткені қайда барсаң да,
мен, Құдайың Ехоба, саған жар боламын”.
8-тармаққа сай, ол Заңды күн сайын оқып, оны қолдану керек еді.
Сонда ғана дана болып, жетістікке жетер еді.
Бір қарағанда, біз “иә, бұл оңай нұсқау ғой” дейтін шығармыз.
Бірақ шындығында,
бұл нұсқаулар оған жеткілікті болар ма еді?
Не дегенмен, қаншама соғыс жүргізеді,
бүкіл халықты басқарады, қаншама әскерді соғысқа бастайды.
Бәлкім, сендер
Ехоба оған тағы да мынадай нұсқау беру керек еді деп ойлайтын шығарсыңдар:
“Әр күні екі сағаттан қылышыңды алып, әрі-бері сермеп үйрен, жақсылап шыңдал.
Күніне екі сағаттан соғысудың қыр-сырларын үйрен.
Әскер басқаруды үйрен. Түрлі стратегиялар ойлап тап”.
Ехоба бұлардың ешқайсысын талап еткен жоқ.
Неге десек, өйткені Ехоба исраилдіктер үшін өзі соғысатын еді.
Өзі оларға көмектеспек еді.
Ал халық үшін Ехоба соғысатын болса, онда олар не істеулері керек еді?
Мысал ретінде олар жаулап алған алғашқы қала Иерихонды алайықшы.
Иерихонды жаулап алу үшін қандай әскери тәсіл қолданылды?
Ешуа әскерімен Иерихон қаласын айналдыра жүріп отыру керек еді.
Алдыңғы қатарда жеті діни қызметкер болды.
Олардың әрқайсысында керней болды.
Олар кернейлетіп отырды.
Соңдарынан діни қызметкерлер келісім сандығын көтеріп жүрді.
Келісім сандығының алдында қарулы әскер жүрді.
Олар алты күн бойы күніне бір рет қаланы айналды.
Ал жетінші күні болса, қаланы жеті рет айналды.
Жетінші рет айналып керней тартылғанда,
халық бар дауыстарымен айғай салды.
Сол кезде қаланың қабырғалары өзінен-өзі құлап, әскер кіріп, оп-оңай жаулап алды.
Иерихонға қарсы қолданылған әскери тәсіл осындай болды.
Меніңше, бұндай соғыс тәсілін
ешбір кітаптан таба алмайсың.
Өйткені адам баласы үшін бұлай соғысу мүмкін емес.
Бұл Ехобаның соғысу тәсілі.
Немесе Ехобаның исраилдіктер үшін соғысқан басқа да жағдайларды еске түсірейікші.
Мысалы, Жосафаттың әскерін алайық.
Ол өте айбынды қарсыласқа бетпе-бет келген еді.
Жосафатқа “бұл сендердің емес, Құдайдың шайқасы” деп айтылды.
Сол кезде Жосафат әскердің алдына әншілерді қойып қойды.
Олар Ехобаға мадақ әнін айтты.
Осылай оларға соғысудың қажеті де болмады, өйткені Ехобаның өзі шайқасты.
Гедеонды еске алсақ, бар-жоғы 300 адам 135 000 адамға қарсы шықты.
Адам баласы үшін бұл мүмкін еместей көрінді.
Әскери стратегиялар жазылған ешбір кітаптан да ондай тәсілдер жайлы оқымайсың.
Бұлай соғысу тек қана Ехобаның қолынан келеді.
Ешуамен болған жағдайда да
Ехоба бәрін жоспарлап қойған еді.
Халқы үшін өзі соғыспақ еді.
Қазір Ешуа кітабына қайта оралып, Ехоба оған не істеуді бұйырғанын еске алайықшы.
1-тарау, 8-тармақта Ехоба оған былай деді:
“Осы Заң кітабындағы сөздерді аузыңнан тастама,
әрі мұқият орындау үшін күндіз-түні соларды күбірлеп оқы”.
Сонымен, Ехоба Ешуаға Заңды күн сайын оқып, оны орындауды тапсырды.
Бірақ Ехоба не үшін осылай айтты екен?
Сонда Ехоба былай дегісі келді ме?
“Халық үшін өзім соғысамын. Ал сен, Ешуа бос жүрмес үшін
барып, Киелі кітабыңды күн сайын тастамай, оқып жүр”.
Солай деді ме?
Әрине, жоқ.
Ехобаның Ешуаға берген тапсырмасы өте маңызды болды.
Бұған өзінің де, халқының да болашағы байланысты еді.
Олар Заңды оқып, оны орындап отырса, табысқа жетер еді.
Ехоба Ешуа үшін тек бір нәрсені істеп бере алмайтын еді.
Қалғанның бәрін істеп бере алар еді.
Бірақ сендер “Ехобаның қолынан келмейтін нәрсе бар ма өзі?” дерсіңдер.
Иә, солай боп тұр.
Ехоба Ешуаға “жүрегіңді сақта,
дұрыс нәрсені істе, Заңды ұстан” деп айтқан еді.
Ехоба бұларды Ешуаның орнына істеп бере алмас еді.
Оны күштей алмайтын да еді.
Мұны тек Ешуаның өзі істей алатын еді.
Ал Ешуа мұны істемегенде, бәрі құрдымға кетер еді.
Ехобаның көмегі оларға ауадай қажет болды.
Өйткені Ехобаның өзі айтпақшы, олар өздерінен әлдеқайда қуатты
әрі саны көп халықтармен шайқасқалы жатты.
Ехобаның көмегінсіз бәрі бір тиын болар еді.
Ал Ешуа Ехобадан теріс бұрылып, адалдығынан тайып кетсе, онда не болар еді?
Мұны Гай қаласына шайқасқандағы жағдайдан көруге болады.
Естеріңде болса,
олар Иерихон қаласын жаулап алғаннан кейін Гай қаласына қарсы шабуылдаған еді.
Олар сол шайқаста жеңіліп, қырылып қалды.
Бәрі Аханның күнәсінің кесірінен болды.
Ахан жай ғана қатардағы жауынгер болды.
Ал оның орнында бүкіл халықтың жетекшісі Ешуа болғанда не болар еді?
Ол да түзу жолдан адасып, жамандыққа барғанда,
онда бәрі де құритын еді.
Міне, сондықтан да Ехобаның Ешуаға берген нұсқауы өте маңызды болды дей аламыз,
яғни жүректі қорғап, адалдықтан таймау тек Ешуаның қолында еді.
Солай етсе, жеңіліс көрмей, тек жеңіске жетер еді.
Ехоба оларды жарылқап, олар үшін өзі соғысар еді.
Осы ретте бәріміз үшін, әсіресе Ғалақат түлектері сендерге де алар өте маңызды бір сабақ бар.
Сендер жаңа қызметтеріңе кіріскелі жатырсыңдар.
Патшалық ісін қолдап, Ехобаның соғысына қатысатын боласыңдар.
Әрине, ол сендердің шайқастарың емес, қайта Ехобаның шайқасы.
Сондықтан сендерге оның көмегі керек, батасы қажет.
Сонда ғана табысқа жете аласыңдар.
Ехобаның Ешуаға не дегені естеріңде ме?
Ол: “Аяқтарың басқан жердің бәрін жаулап аласыңдар”,— деп айтты.
Ал сендер не істеулерің керек?
“Заң кітабындағы сөздерді аузыңнан тастама”.
Басқаша айтқанда, күн сайын Киелі кітапты оқып,
соған сай өмір сүріңдер, жүректеріңді қорғаңдар.
Сонда Ехоба сендерді жарылқайды әрі еңбектеріңе батасын береді.
Әрі сендер ештеңені уайымдамайтын боласыңдар!