JW subtitle extractor

Джоди Джедли. Сынақтарға кезіккенде Әйүпке еліктеңіз (Әйүп 1:8)

Video Other languages Share text Share link Show times

Топан судан кейін Ехоба
Мұсаның 1-жазбасы 8:21-де
былай деді:
“Адамның жүрегі
бала кезден-ақ
жамандыққа бейім”.
Иә, өкінішке орай,
барлығымызда да күнәкар бейімділіктер бар
және Шайтан сол бейімділіктеріміздің жетегінде кеткенімізді қалайды.
Мысалы, бүгінгі күнге берілген тармақтан көрінетіндей,
Әйүпке кішіпейілділік қасиеті жетіспеді.
Негізі, Әйүп жайлы зерттесек,
оған басқа да қасиеттер жетіспегенін байқаймыз.
Мысалы, ол қысым көргенде ашынып, салы суға кетті.
Кім біледі, оның жағдайына түссек, бізде солай етер ме едік?!
Бірақ солай етер едік деп, ақталғанымыз дұрыс болмас.
Өйткені оның көзқарасы не күнәкар бейімділігі
қиындығының басқа да себептерін көре білуге кедергі болды.
Сондықтан ол Ехобаны кінәлап, оны айыптады.
Әйүпке осындай сипаттама берілгенде,
бұл құлаққа жағымсыз естілетін шығар.
Өйткені оған кішіпейілділікпен жұмыс істеп,
ашыну, ренжу, ақталу,
сынап-мінеу, кінәні басқаға жабудан арылу керек болды.
Барлығымызда да Әйүптікіндей осындай
жұмыс істеу керек жақтарымыз бар.
Шайтан сол күнәкар бейімділіктер Әйүптің түбіне жетіп,
оны мінсіздігінен тайдырады деп үміттенді.
Бірақ Ехоба Әйүпке Шайтандікіндей көзқараспен қарады ма?
Ал бізге ше, солай қарайды ма?
Мүлдем олай емес.
Қазір Әйүптің қиындығы басталмай тұрған кезге оралып,
Ехобаның көзқарасын байқап көрейікші.
Бірге Әйүп кітабы 1-тарау, 8-тармақты ашайық.
Көкте болып жатқан жағдай: Шайтан Ехобаның алдына келді.
8-тармақтағы араларында болған әңгімеге назар аударайықшы.
“Сонда Ехоба: “Қызметшім Әйүпке назар аудардың ба?
Жер бетінде ол сияқты әділ де мінсіз,
Құдайдан қорқып, жамандықтан аулақ жүретін адам жоқ”,— деді”.
Ехоба Әйүп жайлы жақсы ойда болды.
Қандай айырмашылық бар?
Ал біз бүгінде бұдан
қиындықтарымызбен күресуге көмектесетін қандай сабақ аламыз?
Алар алғашқы сабағымыз: бізде Ехобамен,
бауырластарымызбен өте жақын қарым-қатынас болу керек.
Алдымен Ехоба жайлы сөйлесейік.
Шайтанның Әйүпті жек көретіні айдан анық еді.
Шайтан Әйүпті мінсіздігінен тайдыра алса ғана, оны керек қылар еді.
Бірақ Әйүптің Ехобамен тығыз қарым-қатынасы болды.
Әйүп неліктен азап шегіп жатқанын бірден түсінбеді.
Десе де ол Ехобаны жақсы көріп, мінсіздігінен айырылғысы келмеді.
Ехоба да Әйүпті жақсы білді.
Оның адалдығын, отбасына деген сүйіспеншілігін байқады.
Басқаларға ұқсап ай, күн, жұлдыз сияқты
аспан денелеріне табынып кетпегенін де естен шығармады.
Оның жетім-жесірлерге көмектесіп,
қызметшілеріне мейірімділік танытқанын да ұмытпады.
Әйүптің мінсіздігін сақтап қалғысы келетіні де
Ехобаның көзінен таса қалмады.
Әрине, Ехоба Әйүптің кемелсіз бейімділіктерін көрмеді емес, көрді.
Бірақ Ехоба сол кемшіліктерге қадалып қалмады.
Қайта, жалпы тұлға ретінде оның жақсы қасиеттеріне назар аударды.
Ехоба бізге де солай қарайды.
Неліктен?
Өйткені бізде сүйіспеншілікке негізделген
онымен жеке қарым-қатынасымыз бар.
Рас, кейде Ехобаның мәселені тезірек түзетіп,
тезірек басшылық бергенін қалаймыз.
Немесе кейде керісінше,
берілген басшылық ұнамай қалуы мүмкін.
Не кейде “Ехоба неліктен бұл қиындыққа
жол беріп жатыр” деп ойлауымыз мүмкін.
Бірақ осындайда Ехобамен достығымыз
шыдамдылық пен сенімділік береді.
Әйүптің жағдайындағыдай Ехоба бізді де қамқорлап,
мойынсұнушылық танытқанымызға батасын беретінін жақсы білеміз.
Сынақтардан сүрінбей өту үшін бізге
бауырластарымызбен де жеке қарым-қатынас түзу керек.
Мысалы, Ехобаның киелі рухы Елихуға
Әйүпке көмектесуге қозғау салды.
Елиху жас әрі тәжірибесі де аздау болды.
Бірақ Әйүп кеңесті қабыл алды.
Ол көмекке мұқтаж еді.
Бір еңбекте айтылғандай, “Елиху Әйүпке мейірімділікпен,
десе де тіке кеңес бергенде,
Әйүп көзіне жас алып, көңілі босап қалса керек”.
Бүгінде де бауырластарымыз бізге көмектескісі келеді.
Бірақ біз өз тарапымыздан олардың көмектерін қабылдауымыз қажет.
Мейлі, бұл рухани, тәндік, эмоциялық жағынан болсын.
Біз бауырластарымыздың кемшіліктерін көргендіктен,
я болмаса масыл болмайын деп ойлағандықтан,
олардың көмектерін жоққа шығарғымыз келмейді.
Бауырластарымыз біздерге қамқорлық көрсеткісі келеді.
Осы дүниенің соңы жақындаған сайын,
олармен тығыз қарым-қатынас орнату аса маңызды.
Сонымен қиындықтарға төзу үшін бізге Ехобамен де, бауырластармен де
жақсы қарым-қатынас қажет.
Алар екінші сабағымыз қандай?
Біз кезігетін қиындықтарымызға қатысты оң көзқарас сақтағымыз келеді.
Есімізде шығар, Ехоба Әйүптің қиындық көруіне себепкер болған жоқ.
Десе де оның қиындықтарына тосқауыл болмады.
Әйүптің қиындық көруінің себебі бар еді.
Ең алдымен, ол өзінің мінсіз екенін
әрі Шайтанның өтірікші екенін дәлелдеу керек еді.
Екінші жағынан, Ехоба қиындықтарға жол бергендіктен ода
Әйүпті әрі қарай да шыңдаудың мүмкіндігі болды.
Бүгінде де солай деуге болады.
Уақыт өткен сайын Шайтан зұлым боп барады.
Әрине, қиындықтарды біз өзіміз іздемейміз.
Бірақ оларға кезігіп жатсақ, таңғалмаймыз.
Әрі қиындықты шешемін деп Жазбалардан аттап кетпейміз.
Неге?
Өйткені біз қиындықтарды Ехобаға деген сүйіспеншілігімізді дәлелдеудің
мүмкіндігі деп қарастырамыз.
Есімізде ғой, Шайтан Ехобаны қорлаған еді.
Сол кезде жауап ретінде Ехоба Шайтанға былай дегенде,
Әйүп не сезінер еді?
“Білесің ба, Әйүп жақсы адам.
Бірақ оның жақсаратын тұстары бар.
Ол әлі дайын емес.
Мұса келгенше біраз күте тұрайық”.
Бірақ жағдай бұлай болмады.
8-тармаққа қарайықшы.
Байқасаңыздар, Әйүп жайлы әңгімені Шайтан бастаған жоқ.
Әрине, Әйүп Шайтанның ойында болды.
Десе де Әйүптің атын бірінші боп атаған Ехоба еді.
Әрі ол Әйүп жайлы тармақтағы керемет сөздерді айтты.
Иә, Әйүпте Ехобаның есімін қорғау мәртебесі болды.
Бізде де сондай мәртебе бар.
Ехоба Әйүп жайлы не айтса,
біз жайлы да солай айтқанын қалаймыз.
Біз де қиындықтарды Ехобаның есімін қорғаудың
жақсы мүмкіндігі деп қарастырамыз.
Қазір сіздерді Петірдің 1-хатын ашуға шақырамын.
Бізге Петірдің 1-хаты 5-тарау, 10-тармақ керек.
Былай деп оқимыз:
“Бірақ аз уақыт қасірет шеккендеріңнен кейін
[яғни қиындықтар болады деп жатыр],
Мәсіхпен бірлікте болғандарың үшін, мәңгі ұлылығына бөленуге шақырған
әрі рақым атаулының қайнар көзі — Құдайдың өзі
тәлімдеріңді ақырына дейін жеткізіп, сендерді нығайтып,
күшейтеді, негіздеріңді берік етеді”.
Сонымен Ехоба Әйүпке қайғы-қасірет жіберген жоқ.
Бірақ ол осы сәтті Әйүпті шыңдайтын мүмкіндік деп қарастырды.
Ехоба Әйүпке жағдайға кеңінен қарауға әрі кішіпейіл болуға көмектесті.
Ехоба бүгінде де солай етеді.
Егер біз қиындыққа кезігіп жатсақ, былай деп ойланып көрейік:
Ехоба мені не нәрсеге үйреткісі келіп жатыр?
Сенімімді нығайтып, жұмсақтық,
кішіпейілділік танытуым керек пе екен?
Бізге қандай қасиет жетіспесін,
Ехобаға өзімізді шыңдауға мүмкіндік береміз.
Мен жақында ұзақ уақыт бойы қиындықтан көз аша алмай жүрген
бір әйел бауырласпен сөйлесіп қалдым.
Өзінің жағдайын түсіндіріп жатып ол күшті сөздерді айтты.
“Мен бұндай қиындық басыма түседі деп ешқашан күтпедім
және қайтып қайталанғанын да қаламаймын.
Бірақ сол кезде Ехоба мені
қаншалықты қамқорлағанын көрдім.
Мен Ехобаның көмек қолын бұрын-соңды бұлай көрген емеспін”.
Иә, бұл қиындық әйел бауырласымыздың сенімін
шынымен де нығайтып тастады.
Көріп отырғанымыздай, қиындық сенімімізді нығайтып, Ехобадан үйренудің
жақсы мүмкіндігі бола алады.
Осы дүниенің соңы келгенше біз неше түрлі сынақтарға кезігеміз.
Шайтан күнәкар бейімділіктерімізге беріліп қалады деп күтеді.
Бірақ Ехобаның қызметшілері ретінде біз бәріне төземіз.
Қиындықтардан сүрінбей аман өту үшін бізде Ехобамен
және бауырластарымызбен тығыз қарым-қатынас болу керек.
Жалғыз өзіміз алысқа бара алмаймыз.
Және екіншіден, біз қиындықтарда оң көзқарас танытуымыз керек.
Осылай біз Ехобаның есімін қорлаған Шайтанға жауап береміз.
Әрі Ехобаға өзімізді соңына дейін шыңдауға мүмкіндік береміз.