JW subtitle extractor

Марк Нумар. Әйүп төзсе, біз де төзе аламыз (Рим. 15:4)

Video Other languages Share text Share link Show times

Осы баяндамада біз
Әйүп кітабын
қарастыратын боламыз.
Алар сабағымыз келесідей:
Ехоба Ібіліс Шайтанға
осы дүниенің билеушісі болуға
жол берді.
Соған қарамастан, Әйүп кітабынан көрінетіндей,
Ехоба ең жоғарғы билікке ие.
Егер біз осыған сенімді болсақ,
бұл бізге кез келген сынақта төзімді болуға көмектеседі.
Негізі, Әйүп кітабында Ехоба жайлы
“Құдіреті шексіз Құдай” деп 32 рет айтылады.
Бұл тіркес бүкіл Жазбаларды қоссаң да, мұншалықты жиі кездеспейді.
Жазбаларда жай ғана Әйүптің оқиғасы айтылып қоймайды.
Қайта, сол оқиғалардың астарында не жатқаны аян етіледі.
Онда көкте қандай жағдай орын алғаны сипатталады
және біз бұдан Ехобаның қаншалықты үстем екенін түсінеміз.
Қазір Әйүп кітабы 1-тарауды ашып, осы жайлы көбірек білейік.
Әйүп кітабы 1-тарау, 6-тармақтан бастасақ болады.
“Бірде белгіленген күні Құдай ұлдары Ехобаның алдына жиналды.
Олардың арасында Шайтан да болды”.
Шайтан Ехобаның алдына тек оның рұқсатымен ғана кіре алды.
Ехоба бұған жол бергенінің себебі — даулы сұрақ шешілсін деді.
Ұмытпайтын бір жайт — Ехоба бүкіл Әлемнің Әміршісі,
сондықтан Шайтан алдына келгенде, оған ешқандай қауіп төнген жоқ.
Ехоба бәрін өз бақылауында ұстады.
Тізгін оның қолында болды
және оның билігіне еш қауіп төнген жоқ.
Бұл жайлы біз келесі 7-тармақтан да білеміз:
“Ехоба Шайтаннан: “Сен қайдан келдің?”— деп сұрады”.
Ехоба Шайтаннан үстем болды.
Ол Шайтанға сұрақ қойды,
ал Шайтан жауап берді.
Бәрі Ехобаның қолында болды.
Негізі, Ехоба “сен қайдан келдің” деген сұрақтын жауабын біліп тұрды.
Десе де ол Шайтанның сөйлеуіне рұқсат берді.
Осылайша Ехоба онсыз да білетін жауапты басқалар да
Ібілістің өз аузынан естісін деді,
яғни оның жер бетін кезіп, жамандық істеуді ойластырып жүргенін білсін деді.
Әрі қарай Ехоба не істегенін 8-тармақтан көрейік.
Ол Ібіліс Шайтанды қыспаққа ала бастады.
8-тармақ, ол жерден былай деп оқимыз: “Сонда Ехоба:
Қызметшім Әйүпке назар аудардың ба?”
Немесе басқаша айтқанда, зер салдың ба деді.
Ехоба Шайтанның ішіндегісін суырып алды.
Оның не ойлап тұрғанын білді.
Ал қорқақ Шайтанның тіпті Әйүптің атын атауға аузы бармады.
Ехобаның өзі бұл мәселені көтерді.
Өйткені Шайтанның Әйүпті көздеп жүргенін білді.
Тармақтан Ехоба Шайтанның ойын оқығанын байқаймыз.
Былайша айтқанда, Ехоба Шайтанға “ойыңдағыны айт, кәне” деді.
Сонда Шайтан 10-тармақта жазылғандай Ехобаға былай деді:
“Оның өзін де, үй іші мен бүкіл меншігін де
жан-жақтан қорғап жүрген өзің емессің бе?!”
Иә, солай. Бұл сенің шаруаң емес!
Ехоба Әйүпті қорғады. Шайтан бұған тосқауыл бола алмады.
Бұдан Шайтанның Ехобамен салыстырғанда ешкім емес екені көрінді.
Ехобаның өз адамдарын қорғауға толықтай құқығы бар
және ол сол құқығын қолданады да.
Мысалы, Едем бағында Адам бүлік шығарғанда, Ехоба не істеді?
Ол Едем бағы мен өмір беретін ағашты қорғау үшін
сол жаққа екі керубті орналастырды.
Және Шайтан бұған еш әсер ете алмайтын еді.
Ал Нұхтың заманында Топан су кезінде Ехоба Шайтанның жақтастары
нефилимдерді жойып жіберген еді.
Сол кезде де Ібілістің қолынан түк келмеді.
Бұдан да Ехобаның қаншалықты үстем екенін көреміз.
Кейін 1-тарау, 11-тармақта Шайтан Ехобаға былай деді:
“Қолыңды созып, онда бардың бәрін алып қойшы”.
Сонда Шайтан Ехобаның Әйүпте бардың бәрін тартып алғанын қалады ма?
Жоқ. Бұлай ешқашан болмас еді.
Ехоба Шайтанның деңгейіне түскен де жоқ, онымен саудаласқан да жоқ.
Ехоба Шайтанның өзіне бұйрық беруіне жол бермейді.
Қызметшілерінің қиналуына да себепші болмайды.
Десе де Шайтанға Әйүпті қандай да бір
деңгейге дейін сынауға жол берді.
Бұл жайлы 12-ден білеміз.
Осы жерден де Ехобаның Шайтаннан қаншалықты
үстем екенін байқауға болады.
12-тармақта Ехоба Шайтанға Әйүпті сынауға жол берсе де, оған былай дейді:
“Тек оның өзіне тиіспе!”
Осы сөздерден көрінетіндей, Ехоба Шайтанға шектеу қойды,
ал ода мойынсұнудан басқа амал болмады.
Бұдан Шайтанның барлығын өз уысында ұстауға қауқарсыз екені көрінді.
Осылай Ехоба Шайтанның жалған әрі дәрменсіз билеуші екенін көрсетті.
Бір ескеретін жайт, Шайтан қатты көксеп тұратын нәрсесін ешқашан ала алмайды.
Өйткені жер бетінде таза ғибадатты қолдайтын
адамдар әрқашан табылатын болады.
Иә, көріп отырғанымыздай, Әйүптің 1-тарауынан
Шайтанның кім екені және Ехобаның кім екені анық байқалды.
Әрі қарай 2-тарауға қарасақ, көкте періштердің тағы жиналғаны жайлы оқимыз.
1-тармақта Шайтан қайтадан Ехобаның алдына келеді.
Шайтан қайтадан Әйүпті “мінсіздік сақтамады”
деп айыптағысы келгенде, Ехоба оған былай деді,
6-тармаққа қарайық: “Міне, ол сенің қолыңда.
Тек оны өмірінен айырма!”
Бұл жерде де Шайтанның Ехобаның алдында дәрменсіз екені көрінді.
Ехоба оған шектеу қойды, Шайтан соған бағынды.
Оның басқа амалы болмады.
Бұл жағдайда да Ехобаның Құдіреті шексіз екені дәлелденді.
Баяндамамыздың негізгі ойы да осы.
Ехобаның Құдіреті шексіз Құдай екенін білгеніміз сенімімізді нығайтып,
бізге қиындықтарға төзуге көмектеседі.
Әйүп 42-тарау, 10-тармақта Ехоба осы мәселенің нүктесін қойды.
42:10.
Негізі, Әйүптің қиналғаны, азап шегуі
бірнеше айларға созылып, бәлкім, бір жылға жетпей аяқталды.
10-тармақтан әрі қарай не болғанын көрейікші.
Әйүп үш досы үшін дұға айтқаннан кейін,
Ехоба оны бақытсыздығынан арылтты.
Басқаша айтқанда, шеккен азабынан босатты.
Бұл жерде де Әйүп қажетінше сыналып,
мінсіздікке қатысты сұрақ жабылғанда, Ехоба былайша айтқанда,
“Болды! Жетеді! Осымен бәрі бітті! Сұрақтың жауабы шықты!” деді.
Бүкіл Әлемнің Әміршісі бірден әрекетке кірісіп, Әйүпті азабынан арылтты.
Ехоба Шайтанды әрқашан шектеп отырды.
Бұны білгеніміз неге маңызды?
Иә, өйткені Ехобаның ең жоғарғы билеуші екенін жақсы түсінсек, біз
осы дүниенің соңы қажетінен артық бір күнге де созылмайтынына толықтай сенімді боламыз.
Енді, бүгін білгендерімізді Римдіктерге 15:4-пен байланыстырайық.
“Бұрын жазылғандар” бізге келесі жайттарға қатысты сенімділік береді:
біз қиындықтарда төзімді бола аламыз және шамадан тыс сыналмаймыз.
Ехоба бәрінен де үстем тұрады. Барлығы оның қадағалауында.
Ол тек ниетіне сай келетін қиындықтарға ғана жол береді.
Шайтанның билік жүргізуге ешқандай құқығы жоқ.
Көктегі Әкеміз бізді шегіп жатқан азабымыздан босатуды қатты қалайды.
Иә, “бұрын жазылғандар бізге тәлім болсын деп жазылған”.