JW subtitle extractor

Херманс ван Селм. Ехоба уәдесін орындайтынына кепілдік береді (Аян 21:4—6)

Video Other languages Share text Share link Show times

Бүгінгі күннің тармағында
жер бетінде орнайтын
жұмақта өмір сүретіндер
қандай баталарды иемденетіні айтылған.
Біз мына сұрақтарды қарастырамыз:
Ехоба бізге қандай
баталарды уәде етті
және олардың орындалатынына не үшін сенімді бола аламыз?
Алғашқысы, Ехоба нені уәде етті?
Бұл сұрақтың жауабын бүгінгі күннің түсініктемесі алынған “Күзет мұнарасынан” табамыз,
абзацтың соңында тармақ келтірілген.
Бұл тармақтағы сөздерді барлығымыз жақсы көреміз.
Ол Аян кітабы 21:4.
Онда былай делінеді:
“Сонда Құдай олардың көзіндегі әрбір жасты сүртіп тастайды,
енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайды.
Бұрынғы жайттар құрып жоқ болды”.
Осы керемет сөздерді біз қызметте
адамдарға оқып бергенде, олар сене алмай жатады.
Адамдар жиі бізге “әй, қайдам, бұлай болуы мүмкін емес” деп айтады.
Әрине, Ехоба осы жұмақ жайлы уәдені Жоханға жаздырғанда,
біздің бұл сөздерді уағыз ісінде қолданатынымызды жақсы білген.
Және Ехоба адамдар осы уәде жайлы естігенде,
оған оңайлықпен сене бермейтінін де жақсы білген.
Осы орайда екінші сұраққа тоқталсақ болады.
Ехобаның уәделері орындалатынына неліктен біз кәміл сене аламыз?
Негізі, Ехоба бізге жай ғана уәде беріп қойған жоқ.
Сонымен қатар ол сол уәдеге сенім артуымыз үшін бұлтартпас дәлелдер де берді.
Ал біз адамдарға уағыздағанда,
Құдайдың уәделері міндетті түрде орындалатынын оларға дәлелдей алу үшін
Ехоба бізге қандай себептер берді?
Қандай себептер екенін біз
дәл осы тараудың 5-ші, 6-тармағынан табамыз.
Ол тармақтардан былай деп оқимыз:
“Тақта отырған: “Міне, бәрін де жаңадан жаратып жатырмын”,— деді.
Артынан: “Жазып қой, өйткені бұл сөздер сенуге тұрарлық әрі шынайы”,— деп қосты.
Сосын маған былай деді: “Бұлар орындалды!
Мен Альфа және Омегамын, басы және аяғы менмін”.
Неге бұл сөздер Ехоба уәдесін орындайтынына деген сенімімізді нығайтады?
Осы 5-ші, 6-тармақтарға қатысты
“Аян. Оның салтанатты шарықтау шегі жақын!” кітабында бір ой бар.
Онда былай делінеді: “Ехоба әлгі тармақтардағы сөздерді айтуымен
болашаққа қатысты уәдесін орындайтынына
кепілдік беретін құжатқа қол қойғандай болған”.
Яғни Аян кітабының 21-тарауы,
4-тармағында Құдайдың уәдесі жазылса,
ал 5-тармақтағы сөздерді
оның уәдесінде тұратынына кепілдік беретін қолы деуге болады.
Қазір 5-тармақтағы сөздерге жақсылап назар аударайықшы.
Байқасаңыздар, бұл тармақ “Тақта отырған” деген тіркеспен басталады.
Бұл сөздер несімен ерекше?
Негізі, Жоханға берілген аянда
Ехобаның өзі тікелей сөйлеген бар-жоғы үш-ақ жағдай кездеседі.
Ал Ехобаның 5-тармақта айтқан сөздері сол үш жағдайдың біреуі.
Демек, бұл кепілдікті құдіреті күшті періште емес,
тіпті қайта тірілген Иса да емес,
Ехобаның өзі айтқан!
Сондықтан да бұл Ехобаның әлгі біз оқыған уәдесі,
расымен де орындалатынына сенімділігімізді арттырады.
Неге бұлай дей аламыз?
Бір салыстыру келтірейін.
Негізі, Бетелде не қауымда
өте маңызды бір хабарландыру айтылу керек болса,
мұны әдетте кім айтады?
Иә, әдетте мұндай хабарландыруды
Бетелде не қауымда беделі бар ақсақал айтады.
Неге?
Өйткені хабарландыруды сенім артуға тұрарлық адам оқыса,
тыңдаушылар үшін бұл хабарландыруды қабылдау
анағұрлым оңайға соғады.
Дәл осы іспетті, Ехоба өтірік айта алмайтын Құдай болғандықтан,
оның 5-тармақта берген кепілдігі толықтай сенім артуға тұрарлық.
Ал сол кепілдіктің алғашқы бөлігі қандай?
Ехоба: “Міне, бәрін де жаңадан жаратып жатырмын”,—деді.
Назар аударсақ, ол “жаратып жатырмын” деген.
Ехоба болашақта істейтін жайттар жайлы айтса да,
неліктен ол “жаратып жатырмын” деген?
Иә, Ехоба болашақта істейтін жайттарды айтып тұрса да,
ол оны осы шақта айтқан.
Өйткені оны істейтініне толықтай сенімді болған.
Сондықтан да Ехоба жаратамын деп емес,
“жаратып жатырмын” деп айтқан.
Ал енді 5-тармақтағы “бәрін де жаңадан жаратып жатырмын” деген тіркеске назар аударайық.
Осы 21-тараудағы “бәрін де жаңадан жаратып жатырмын” деген тіркес
Ехобаның екі әрекетіне нұсқайды.
Бұлар: бір нәрсені ауыстыру, қалпына келтіру.
Мысалы, 1-тармақтан Ехобаның нені ауыстыратынын оқимыз.
Онда “бұрынғы аспан мен бұрынғы жер құрып кетті” делінген.
Демек, мұнда Ехоба бұрынғы нәрселерден толықтай арылып жатыр.
Ол қазіргі “аспан” мен қазіргі “жерді” “жаңа аспан” мен “жаңа жерге” алмастырады.
Бұл дегеніміз — жаңа үкімет пен жаңа қоғам орнатады.
Десе де 5-тармақтағы Ехобаның жұмаққа қатысты сөздері
оның ауыстыратынына емес, қайта қалпына келтіретініне нұсқайды.
Бір зерттеу мәліметінде айтылғандай, Ехоба мұнда
“Мен жаңа нәрселерді жаратамын” демеген.
Қайта, “бәрін де жаңадан жаратамын” деп, бар нәрселерді қалпына келтіретінін айтқан.
Демек, нақтырақ айтатын болсақ,
Ехоба осы уақытқа дейін бар нәрселерді қалпына келтіріп,
оларды кемелді күйге жеткізеді.
Ехобаның уәдесі орындалатынына тағы қандай сөздер кепілдік бола алады?
5-тармақтың соңындағы “Жазып қой, бұл сөздер сенуге тұрарлық әрі шынайы” деген сөздер.
Ехобаның Жоханға берген қарапайым нұсқауы жазып қою еді.
Десе де Ехоба не үшін жазу керек екенінің себебін де келтірді.
Өйткені оның “бұл сөздері сенуге тұрарлық әрі шынайы” еді.
Осы себепті де біз Құдайдың Сөзіне сенім арта аламыз.
Жоханның осы бұйрыққа құлақ асып, жазып қойғаны қандай жақсы болған?!
Соның арқасында біз Аян кітабын оқып, зерттей аламыз.
Құдайдың уәдесіне кепілдік бола алатын келесі сөздер 6-тармақта жазылған.
Онда “Бұлар орындалды!” деген сөздер жазылған.
Ехоба Жоханмен сөйлескенде, 4-тармақта айтылған жайттар тура бір орындалып қойғандай етіп айтқан.
Оның ниетінің орындалуына ештеңе кедергі бола алмайтындықтан, Ехоба осылай айта алған.
Ехобаның уәдесіне кепілдік бола алатын тағы бір ой
6-тармақтың екінші бөлігінде жазылған.
Онда Ехоба: “Мен Альфа және Омегамын”,— деген.
Жоғарыда айтқанымыздай, Жохан көрген аяндарда Ехобаның өзі үш рет сөйлеген.
Бұл үш жағдай Аян 1:8, 21:5 және 22:13-те жазылған.
Және көңіл бұратын жайт, Ехоба осы үш жағдайда бір тіркесті айтқан болатын.
Яғни “Мен Альфа және Омегамын” деген тіркесті.
Альфа — грек әліпбиінің алғашқы әрпі болса, омега — соңғы әрпі.
Ал неліктен Ехоба өзіне осындай атау берді?
Альфа — әліпбидің бастамасы,
ал омега — әліпбиді қорытындылайтын соңғы әріп.
Сол сияқты Ехоба бір істі бастаса,
ол соны нәтижелі түрде соңына дейін жеткізеді.
Мысалы, алғашында Ехоба Едем бағын жаратқанда,
оның ниеті бойынша тек қана кемелді болған Адам мен Хауа ғана емес,
олардан тарайтын барлық кемелді адамдар да
бүкіл жер бетін толтырып, оны жұмаққа айналдырулары керек еді.
Сол уақытта Ехоба былайша айтқанда, “Альфа” деді.
Оның үстіне, Мұсаның 1-жазбасы 2-тарау, 3-тармаққа сай,
Ехоба тынығатын жетінші күннің соңына қарай,
оның адамдар мен жерге қатысты ниеті жүзеге асады.
Мыңжылдықтың соңында
Адам мен Хауаның кемелді ұрпақтары Ехобаның өзі уәде еткендей,
бүкіл жер бетін мұра етеді.
Сол уақытта Ехоба былайша айтқанда, “Омега” дейді.
Сонымен, қорытындыласақ, жер бетінде расымен де жұмақ орнайтынына
адамдардың көзін жеткізу үшін оларға қандай дәлелдер келтірсек болады?
Ехобаның өзі кепіл бола алатын үш жайтты айтсақ болады.
Алғашқысы, бұл уәдені Ехобаның өзі беріп отыр.
Және оны орындауға Ехобаның ықыласы да бар, даналығы да жетеді.
Екнішісі, Ехоба бұл уәденің орындалатынына сенімді екені соншалық,
оны орындалып қойғандай етіп айтқан.
Үшіншісі, Ехоба бір істі бастаса, оны соңына дейін жеткізбей қоймайды.
Өзіміз үшін есте ұстайтын бір жайт,
біз адамдарға Ехобаның осы кепілдік беретін сөздерін айтқанда,
оның уәделерінің шынымен де орындалатынына өзіміздің де сеніміміз нығайып қалады.
Ендеше, келесіде біреуге Аян 21:4-тегі жұмақ жайлы әсем сөздерді оқығанда,
ол сізге “бұл мүмкін емес сияқты” десе,
не деуге болады?
Киелі кітаптан Аян 21-тарау, 5-ші және 6-тармақтарды оқып,
Ехоба осы уәдесіне қол қойып, қалай кепілдік бергенін көрсетіңіз.