JW subtitle extractor

Бетти Джордж. Мойынсұнушылық — әрқашан жетістікке жеткізеді (Пат. 1-ж. 2:3)

Video Other languages Share text Share link Show times

Қазір бүгінгі күннің тармағының
мәнмәтінін
қарастырайықшы.
Ол жерде
барлығымыз үшін де
пайдалы болатын
бір маңызды
принцип бар.
Қазір Киелі кітаптарымыздан
Патшалар 1-жазба
2-тарауды ашайық.
Патшалар 1-жазба 2-тарау,
1-тармақтан қандай жағдай орын алғанын оқиықшы:
“Дәуіттің көз жұматын кезі жақындағанда,
ұлы Сүлейменге мынаны өсиет етті”.
Демек, мұнда Дәуіттің өлер алдында ұлына айтқан сөздері жазылған.
Ал келесі 2-тармақ, бұл бүгінгі күннің тармағы:
Дәуіт онда “берік әрі батыл бол”,— деді.
Ал 3-тармаққа қарасақ,
өте маңызды бір принципті байқаймыз.
Онда Дәуіт Сүлейменге былай деді:
“Құдайың Ехобаға мойынсұнып, оның жолдарымен жүр,
жарлықтары мен бұйрықтарын ұстан”.
Біз осы жерден тоқтасақ болады.
Дәуіт патшаның ұлы Сүлейменге айтқан сөздерін бір сөзбен қалай қорытындылауға болады?
Мойынсұнушылық.
Егер Сүлеймен мойынсұнушылық танытса,
мұның нәтижесі қандай болар еді?
3-тармақтың соңында Дәуіт қандай нәтиже әкелерін айтып,
Сүлейменге былай деді: “Сонда
қайда барсаң да, не істесең де ісің алға басады”.
Әсерлі сөздер. Демек, бұдан келіп шығатын маңызды принцип:
мойынсұнушылық — әрқашан жақсы нәтиже береді.
Сүлеймен мойынсұнушылық танытқан кездің бәрінде солай болды.
Ол жетістікке жетті.
Ал қазір дәл осы принципті Даниял пайғамбар
өз өмірінде қалай қолданғанын қарастырайық.
Қандай жақсы нәтиже алып келгенін көрейік.
Бұл үшін Киелі кітаптарымыздан
Даниял кітабы 1-тарауды ашсақ болады.
1-тараудан біз Даниялдың Бабыл жеріне келгенін оқимыз.
Біз Даниялдың өмірін қарастыра келе, бүгінде
дүниежүзіндегі ауруханалармен байланыс комитеттері
Даниялға қалай еліктейтінін көреміз.
Сонымен, Даниял кітабы 1-тарауға қарасақ.
8-тармақтан Даниялдың
“Ехобаға мойынсұнамын” деген берік шешімін көреміз.
Даниял 1:8-ден былай деп оқимыз:
“Алайда Даниял жүрегінде патшаның тағамын жеп, шарабын ішіп
өзін арамдамаймын деп шешті”.
Алайда Даниял неліктен патша ұсынған тамақты жемеймін деді?
Мұның себебі, бәлкім, ұсынылған етте қан болған шығар.
Демек, Даниял Ехобаның қанға қатысты заңына мойынсұнды.
Біз де Ехоба Құдайымыздың қанға қатысты заңына мойынсұнғымыз келеді.
Десе де Даниял “мойынсұнамын” деген шешімінде
берік тұру үшін көмек сұрау керек екенін түсінді.
Сондықтан ол не істеді?
Тармақта былай делінеді:
“Сондықтан сарайдың бас қызметкеріне өзін арамдағысы келмейтінін айтып, өтініш жасады”.
Бүгінде де солай.
Біз де Ехобаның қанға қатысты заңын ұстану үшін
сол көзқарасымызды құрметтейтін әрі қансыз емдей алатын
дәрігерлерден көмек сұраймыз.
Тармақта “Даниял сарайдың бас қызметкеріне өтініш жасады” делінген.
Қалай ойлайсыздар, ол бір-ақ рет өтінді ма?
Бір қызығы, Даниял бір рет емес, бірнеше рет қайта-қайта өтініш жасай берген екен.
Бүгінде біз де солай етеміз.
Ауруханалармен байланыс комитетінде қызмет ететін бауырластар
дәрігерлермен жақсы қарым-қатынаста болу үшін көп еңбек етеді.
Соның арқасында бұл көп жақсы нәтиже әкеліп жатыр.
Даниялдың жағдайында да оның өтініш жасағаны, жақсы нәтиже алып келді.
9-тармаққа назар аударатын болсақ, былай деп оқимыз:
“Құдай оның [яғни сарай бас қызметкерінің] жүрегін жібітіп,
Даниялға ықыласын түсіртті”.
Иә, көріп отқанымыздай, бұл Даниял үшін жақсы нәтиже алып келді.
Бүгінде де дүниежүзі бойынша АБК-дағы бауырластар талмай еңбек етеді.
Соның арқасында қазір дүниежүзі бойынша жүз мыңнан астам дәрігер,
Ехоба куәгерлерінің қанға қатысты көзқарасына құрмет танытып, оларды емдеуге дайын.
Енді 10-тармаққа қарайықшы.
Бір өзгеріс болғанын байқаймыз.
10-тармақта сарайдың бас қызметкері
Даниялға: “Мен патша ағзамнан қорқамын”,— дейді.
Сарай қызметкері аяқ астынан көзқарасын өзгертті.
Бүгінде де солай болып жатады.
Кейде дәрігерлер бауырластарымызды емдеуге тартыншақтап жатады.
Мұның себебі, бәлкім, олар Куәгерлерді бірінші рет емдеп жатқан шығар.
Қажетті құрал жабдықтары болмауы мүмкін.
Я болмаса олар өздеріне берілген нұсқаулықтан аттап кете алмайтын шығар.
Сарай бас қызметкерінің жағдайында да осылай болды.
Ол “мен патшаның айтқанын тыңдауым керек”,— деді.
Сол кезде Даниял “Ехоба мен мойынсұну үшін қолымнан келгенін істедім.
Бірақ енді, басқа амалым жоқ” деп беріліп қалды ма?
11-тармаққа қарасақ,
“Даниял сарайдың бас қызметкері,
үстерінен қараушы етіп тағайындаған адаммен сөйлескені” айтылған.
Демек, ол тағы біреумен сөйлесті.
Бүгінде де ауруханалармен байланыс комитетінде қызмет ететін бауырластар,
біздің қанға қатысты көзқарасамызды құрметтейтін бірнеше дәрігермен ғана шектелмейді.
Олар әрі қарай да Ехобаның қанға қатысты көзқарасына
құрмет танытатын дәрігерлерді іздей береді.
Даниялдың жағдайына оралсақ, оның сөйлескені қандай нәтиже әкелді?
12-тармақтан ол әлгі адамға не дегенін көрейікші:
Даниял: “Өтінем, қызметшілеріңізді он күн сынап көріңіз”,— деді.
Демек, Даниял бұл жерде оған басқа да ұсыныстар айтты.
Былайша айтқанда, “мынадай да жолы бар, солай істеп көрсек қалай?”— деді.
Бүгінде де АБК-да қызмет ететін бауырластар,
былайша айтқанда, дәрігерлерден
“қанға қатысы жоқ басқа ем түрін қолдансаңыздар қалай?”— деп сұрайды.
Даниялдың жағдайына оралсақ,
оның басқа тәсіл ұсынғаны қандай нәтиже әкелді?
14-тармақта: “Қараушы кісінің олардың ұсынысымен келісіп, он күн сынап көргені” айтылған.
Бүгінде АБК өкілдері дәрігерлерге басқа да тәсілдерді ұсынады.
Негізі, жақында ұйым жаңа презентация жасап шығарды.
Сол презентациялардың көмегімен АБК
өкілдері өз ұсыныстарын дәрігерлерге көрсете алады.
Қазір сіздерге сол презентацияның кейбір слайдтарын көрсеткім келген еді.
1-слайдта біз дәрігерлермен ынтымақтастық орнатқымыз келетіні,
олармен дауласпай, қайта,
дәрігерлермен қызметтескіміз келетіні көрсетіледі.
Ал егер 2-слайдқа қарайтын болсақ,
кейде куәгерлер мен дәрігерлердің көзқарасы екі түрлі болуы мүмкін.
Олар екі жақта тұруы мүмкін.
Бірақ осы 2-слайдтың мақсаты — олардың ойларын бір жерден шығаруға көмектесу.
Былайша айтқанда, куәгер науқас пен дәрігердің арасына көпір салу.
Және бір қуантатын жайт, осы презентациялар
ауруханалармен байланыс комитетінде
қызмет ететін бауырластарға көп көмегін тигізіп жатыр.
Және де Құрама Штаттардың аумағына қарасты жерлердің өзінде,
дәрігерлерге 3 600-ден астам презентациялар жасалды.
Осылай дәрігерлер куәгер науқастарды
басқа да тәсілдермен емдеуге болатынын көре алды.
Демек, көретініміздей, осы принцип Даниялға жақсы көмектесті.
Ол мойынсұнушылық танытты,
ал Ехоба сол үшін батасын берді.
Бүгінде де Ехоба қаннан бас тартуға қатысты бұйрығына
мойынсұнып жатқанымыз үшін батасын беруде.
АБК-да қызмет ететін бауырластардың ерен еңбектері
жақсы нәтижелер әкеп жатыр. Солардың арқасында
бізді қансыз емдеуге келісетін дәрігерлер өте көп.
Ендеше, бізге мынадай сұрақ:
Ехобаның осы бір сүйіспеншілікпен жасаған керемет шарасын қалай қолдай аламыз?
Мұның екі жолына тоқталайық:
Алғашқысы, біз басқарушы кеңестің нұсқауына құлақ асқымыз келеді.
Есімізде болса, 2023 жылдың қаңтарында,
біз бір хабарландыру алған едік.
Онда біз медициналық көмекке
мұқтаж болып жатсақ, мүмкіндігінше ертерек
АБК өкілдеріне хабарласуға шақырылдық.
Тіпті қан мәселесі туындамаса да солай етуіміз керектігі айтылды.
Себебі неғұрлым ерте хабарлассақ, соғұрлым өзімізге жақсы.
Дүниежүзі бойынша бауырластардың
осы басшылыққа құлақ асып жатқаны, бізді қуантады.
Осының нәтижесінде, төтенше жағдайлардың саны анағұрлым азайып жатыр.
Қаншама адамның өмірі аман қалуда.
Бұл шынымен де жүрекке жылу береді.
Әсіресе, жүкті әйел бауырластардың осылай еткені аса маңызды.
Өйткені бұндай жағдай бір адамның емес, екі адамның өміріне әсер етеді.
Сондықтан да АБК-дағы бауырластарға мүмкіндігінше ертерек хабарласу аса маңызды.
Осыны растайтын Африкада болған бір жағдайды айтып берейін.
Жүкті әйел бауырласымыз күйеуі екеуі АБК-ға хабарласады.
АБК-ның өкілдері оларға қанға қатысты көзқарасымызды құрметтейтін дәрігерді тауып береді.
Содан әйел бауырласымызда жүктіліктің алғашқы екі кезеңі жақсы өтеді.
Бірақ үшінші кезеңге келгенде, қиындықтар туындай бастайды.
Олар дәрігерге хабарласады.
Ал дәрігер демалыста екен.
Бірақ ол демалысын тоқтатып, бірден әйел бауырласымызға көмектесуге келеді.
Дәрігер оларға: “Ерте хабарласқандарыңыз қандай жақсы болды,
өйткені сізге де, баланың өміріне де қауіп төніп тұрған еді”,— деді.
Иә, Ехобаның ұйымы беріп жатқан басшылықтар өте жақсы нәтиже әкеліп жатыр.
Бұл шынымен де біздің жүрегімізді қуантады.
Ендеше, АБК-ны қолдағымыз келсе,
ең алдымен оларға мүмкіндігінше ертерек хабарласайық.
Біз қауымдағы басқа бауырластарды да осылай етуге талпындырсақ болады.
Екіншіден, АБК-дағы баруырластар мен олардың отбасылары үшін дұға айтайық.
Егер әлде біреу сізге тәулік бойы көмектесуге дайын тұрса,
оған қанша ақша төлер едіңіз?
Ал АБК-дағы бауырластар мұны тегін істеп жатыр.
Біз Ехобаға, сол бауырластармен, әсіресе,
олардың отбасыларына барып жатқан құрбандықтары үшін дән ризамыз.
Олар бізге Құдайдың қанға қатысты заңын ұстанып,
жақсы нәтижелерін көруге көмектесіп жатыр.
Сонымен, біз Даниялға көмектескен принципті қарастырдық.
Ол мойынсұнғыш болып, батаға кенелді.
Бүгінде біз де Ехобаның нұсқауларына, заңдарына мойынсұнамыз.
Және соның молынан пайдасын көріп жатырмыз.
Ендеше, мына принципті ұмытпайық:
Мойынсұнушылық — әрқашан жетістікке жеткізеді.