JW subtitle extractor

Роберт Луччони. Ехобаның уәделерін көз алдымызда ұстайық (Аян 7:9)

Video Other languages Share text Share link Show times

Бүгінгі күннің тармағы
Аян 7-тараудан алынған.
Онда болашақта орын алатын
керемет жайттар баяндалады.
Мысалы, Мәсіхпен көкте билік ететін
144 00-ға соңғы белгі салынуы жайлы,
сондай-ақ ұлы жамағаттың зор алапаттан қалай аман қалатыны жайлы.
Үмітіміз көкте не жерде болсын,
болашақта орын алатын осындай оқиғалар жайлы ой жүгірту
бізге зор қуаныш сыйлайды.
Десе де Киелі кітап пайғамбарлықтарынан біз
адамзат тарихындағы бұрын-соңды болмаған
ең ауыр кезеңнің жақындап келе жатқанын білеміз.
Даниял 12-тарау, 1-тармақта айтылатындай,
сол уақытта “халық пайда болғалы бері,
бұрын-соңды басқа түспеген қиын-қыстау уақыт болады”.
Иә, алда бізді ауыр күндер күтіп тұр.
Біз күн сайын зор алапатқа жақындап келеміз.
Сондықтан Ехоба Құдайымыздың
болашаққа қатысты берген уәделерін санамызда жаңғыртқанымыз маңызды.
Бұл уәделердің майланғандар мен ұлы жамағатқа қатысы бар.
Бұл бізге үмітімізді көз алдымызда ұстап,
батылдығымызды жоғалтпауға көмектеседі.
Мысалы, майланғандар қандай сыйды күтіп жүргенін ойлайықшы.
Соңғы өткен жылдық жиында Херд бауырласымыз
майланғандардың үмітіне қатысты жақсы айтқан еді.
Олар бұл үміттері жайлы ыстық дұға етеді
әрі оны асыға күтеді.
Оның үстіне, елші Жоханның майланғандарға қатысты
Жоханның 1-хаты 3-тарау, 2-тармақта не дегенін еске алсақ болады.
Ол біз Ехобаның “қандай екенін көреміз” деп айтқан.
Ойлап көрейікші, олар Ехобаның алдында тұрады.
Исамен, періштелермен, басқа майланғандармен көріседі.
Иә, бұл олар елестеткеннен де асып түсетін болады.
Ал ұлы жамағат ше?
Олар қандай баталарды иемденеді?
Езекиел 47-тарауда Езекиел бір аян көрген.
Аянда ғибадатханадан су ағып жатты.
Сыздықтап аққан бұл су бірте-бірте молайып, ақырында өзенге айналды.
Су біз жұмақта иемденетін баталарды бейнелейді.
1000 жылдық билік кезінде бұл баталар молая түседі.
Сол кездегі өмірдің керемет болатыны соншалық,
біз ойлағаннан да асып түседі.
Сіз ара-тұра уақыт бөліп,
Ехобаның берген уәделері жайлы ойланасыз ба?
Оның шынымен де орындалатынына көз жеткізесіз бе?
Қазір Ехобаның үш уәдесіне тоқталайықшы.
Бірге Ишая кітабының 65-тарауы, 21-ші, 22-ші тармақтарын ашайық.
Ишая 65:21, 22.
“Жұрт үйлер салып, соларға қоныстанады,
Жүзімдіктер отырғызып, жемісін жейтін болады.
Олар үйді өзге біреу тұрсын деп салмайды,
Жүзімдікті де жемісін өзгелер жесін деп отырғызбайды.
Өйткені халқымның ғұмыры мықты ағаштың ғұмырындай ұзақ болады,
Таңдаулыларым еңбектерінің рақатын көреді”.
Мұнда бейбіт, тыныш, молшылық заман сипатталып жатыр.
Бірақ адамзат мыңдаған жылдар бойы қиналып жүр ғой, үкіметтер де дәрменсіз.
Ал Мәсіх пен 144 000 майланған
осындай заманды орната алатынына біз шын мәнінде сенімдіміз бе?
Әрине.
Ехобаның кезінде Исраил халқына жасаған істерінен-ақ,
оның осындай заманды орната алатыны көрінеді.
Мысалы, Ехоба исраилдіктерге заң берген.
Егер халық сол заңдарды ұстанғанда,
барлығының жағдайлары бірдей жақсы болар еді.
Жатжерліктің де, исраилдіктердің де құқықтары бірдей болатын еді.
Ешкім аш қалмас еді.
Ал мұқтаждықта қалған әрбір адам егіндікке барып, масақ жинай алатын.
Десе де бұл үшін өздеріне еңбектену керек еді.
Осының арқасында олар қадір-қасиеттерін жоғалтпас еді.
Оның үстіне, Ехоба әрбір исраилдік отбасына жер берген
және олар оны ешкімге сата алмайтын.
Әрі ешкім де біржола оны тартып ала алмайтын.
Осы заңның арқасында барлық жер санаулы адамдарға ғана өтіп кетпейтін.
Оның үстіне, бұл заң адамды тақыр кедейліктен сақтайтын еді.
Тіпті қандай да бір отбасы барлық мал-мүлкінен айырылып,
біреуге жұмыс істеуге тура келсе де,
әрбір Азаттық жылы келгенде олар еркіндікке шығып,
өздеріне тиесілі жерді қайта иемдене алатын.
Халық экономикалық тоқырауға ұшырамайтын еді.
Азаттық жылы әрбір 50 жыл сайын орын алғандықтан,
барлығы қарыздарынан босатылып, жағдайлары бірдей болатын еді.
Соның арқасында бүгінгі таңдағыдай ақшаның құнсыздануы, қарыздың өсуі,
өндірістің азаюы сияқты мәселелер болмады.
Көріп отырғанымыздай, бірнеше заңның өзі-ақ қаншама игілік алып келген.
Ал Құдай Патшалығы кезінде
Иса Мәсіх пен 144 000 билік еткенде
өміріміз одан да жақсы болады емес пе?!
Иә, ол өмір біз ойлағаннан да асып түседі.
Ал енді екінші уәдені қарастырайық.
Езекиел 34-тарау, 25-тармақты ашсақ болады.
Езекиел 34:25-те былай делінеді: “Мен олармен татулық келісімін жасасып,
елдерінен жабайы аңдарды қуып шығарамын.
Осылай олар иен далада бейқам жатып,
орманда да алаңдамай ұйықтайтын болады”.
Бірақ жануарлармен тату болу шынымен де мүмкін бе?
Бірақ Киелі кітапта мұндай татулық бейнелі мағынада да айтылуы мүмкін бе?
Мұны түсіну үшін исраилдіктер Уәде етілген жерге кіргенде не болғанын қарастырайықшы.
Ехобаның жауларға қатысты не айтқаны, есімізде шығар?!
Мұсаның 2-жазбасы 23:29-да Ехоба былай деген:
“Мен осы халықтарды бір жылдың ішінде қуып шықпаймын,
әйтпесе жер қаңырап бос қалып, қауіпті жабайы аңдар көбейіп кетеді”.
Иә, Ехоба сол жақтағы халықтардың бәрін бір уақытта қуып жібергісі келмеді.
Өйткені жабайы аңдар қаптап кететін еді.
Бірақ Ехоба болашақта зұлым адамдарды біртіндеп емес, бірден жояды ғой?!
Сонда жерді жыртқыш аңдар басып кетпей ме екен?
Ехобаның зұлымдарды бірден жоятынына қарағанда, ол жануарларды да момын ете алады.
Елестетіңізші, сіздің бала кезіңіздегі арманыңыз орындалып,
жануарлармен тату-тәтті тұра аласыз.
Орманда еш қорықпай, қауіпсіздікте ұйықтай аласыз.
Енді үшінші уәде.
Елшілердің істері 24:15-ті ашайық.
Елшілердің істері 24:15-те былай делінеді:
“Мен де олар сияқты, Құдайдың әділдерді де,
әділетсіздерді де қайта тірілтетініне үміттенемін”.
Біз тіпті қазірдің өзінде экономикалық жағынан біршама тұрақты кезеңде,
бейбіт кезеңде өмір сүріп жатқан шығармыз.
Кейде жануарлардың да жуас мінезін көріп жатамыз.
Бірақ ешқайсысымыз да адамның қайта тірілгенін көрген емеспіз.
Ендеше, бұл шынымен де болады ма?
Ехобаның қайтыс болған адамдарды қайта тірілтетініне қандай дәлелдер бар?
Маған әсер ететін оқиғалардың бірі бұл Әйүптің жағдайы.
Барлығымыз да Әйүптің бүкіл мал-мүлкінен,
бала-шағасынан айырылғанын жақсы білеміз.
Бірақ ең соңында не болды?
Егер Әйүп 42-тарау, 10-тармаққа қарайтын болсақ,
Ехоба оған жоғалтқанын екі есе көбейтіп бергені айтылған.
Ехоба мұнымен шектелмей, Мұсаға киелі рухтың жетелеуімен
Әйүп нақты қанша нәрсені жоғалтқанын жаздырған.
Әйүп 1-тарауда бастапқыда Әйүптің қанша қойы, түйесі, ірі қарасы,
есегі мен бала-шағасы болғаны жазылған.
Ал кейінірек, Әйүп 42-тарауда оның жоғалтқан мал-мүлкі қалай екі есеге көбейгенінің
нақты саны жазылып кеткен.
Бірақ бір ерекшелік бар.
Әйүп 42:13-те
“Ол тағы да жеті ұл, үш қыз сүйгені” айтылған.
Бірақ неге Ехоба Әйүпке 14 ұл, 6 қыз сыйламады?
Өйткені Ехоба оған “бәрін екі есе етіп көбейтіп берем” деп уәде еткен еді ғой?!
Сонда бұл Ехобаның уәдесін толық орындамағаны болып тұр ма?
Жоқ, бұлай болуы мүмкін емес.
Өйткені Ехоба жануарларды қайта тірілтпейтіндіктен,
оған сол уақытта екі есе етіп қосып берді.
Ал Әйүптің балалары болса, Ехобаның санасында әлі де тірі еді.
Бұл жағдай Ехоба Әйүпті де, оның алғашқы 10 бала-шағасын да
және кейіннен туылған 10 бала-шағасын да қайта тірілтетінін айқын көрсетеді.
Ехоба Әйүпке жоғалған мал-мүлкін екі есе етіп қайтарып берген еді.
Енді жұмақта екі есе көбейген бала-шағасымен қайта қауышатын болады.
Иә, қайта тірілу міндетті түрде болады!
Бұл неткен керемет уақыт болмақ!
Бүгінде дүниежүзіндегі бауырластарымыздың жағдайы күннен-күнге қиындап барады.
Мысалы, Еуропадағы, басқа жердегі бауырластардың
қандай жағдайларға кезігіп жатқанын білеміз.
Және осы дүниенің соңы келгенше, барлығымыз да қиындықтарға кезігетін боламыз.
Бауырластар, бізді алда ауыр күндер күтіп тұр.
Сондықтан үмітімізді берік етіп сақтайық.
Батылдығымызды еш жоғалтпайық.
Алдымызда күтіп тұрған керемет уәделерді әрқашанда көз алдымызда ұстайық.
Ехоба өз уәделерін орындап жатқанын біз қазірдің өзінде көріп жатырмыз.
Және болашақта да ол өз уәделерін қалай бұлжытпай орындайтынын
өз көзімізбен көретін боламыз.
Сол уақытта көктегі де, жердегі де барлық жаратылыс
бірлікте, Ехобаға қуанышпен ғибадат ететін болады.
Сол кезде Ехобаның баталары өзен сияқты асып-тасиды.
Сол уақыттағы керемет өмірді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес!