00:00:01
Егер байқасаңыздар,00:00:03
00:00:03
бүгінгі күннің тармағында00:00:04
00:00:04
кешірімділік жайлы сөз етіледі.00:00:06
00:00:07
Онда әсіресе Исаның00:00:09
00:00:09
Петірді қалай кешіргені айтылады.00:00:11
00:00:14
Негізі, былай ойланып қарасақ,00:00:16
00:00:16
Исаның Петірді не үшін00:00:18
00:00:18
он екі шәкіртінің бірі етіп таңдағаны түсінікті.00:00:21
00:00:22
Өйткені Петір бірден іске кірісетін,00:00:25
00:00:25
кішіпейіл, жүрегі кең адам болған.00:00:28
00:00:30
Сонымен, Петір бірден шешім қабылдайтын адам болған.00:00:33
00:00:33
Мысалы, Иса Петір мен оның бауыры Әндірді оның шәкірттері болуға шақырған еді.00:00:39
00:00:39
Сол кезде олар екі ойланып отырмады.00:00:41
00:00:41
“Отбасымыз бар, ойланып көруіміз керек” демеді.00:00:45
00:00:45
Киелі кітапта айтылғандай, “олар00:00:47
00:00:47
ауларын тастай сала, Исаның соңынан ерді”.00:00:51
00:00:52
Кейінірек Иса Ғалилея теңізінің бетімен жүрген кезінде00:00:55
00:00:56
Петір жай ғана тамсанып отыра алмады.00:00:58
00:00:58
Өзі де судың бетімен жүріп көргісі келді.00:01:02
00:01:03
Біздің арамызда00:01:04
00:01:06
Петірге ұқсайтын бауырластар бар.00:01:08
00:01:09
Сіздер жаңа нәрселерді істегілеріңіз келеді.00:01:11
00:01:11
Соларды істесеңіздер, күшті эмоция аласыздар.00:01:14
00:01:14
Мысалы, әлдебіреу: “Кеттік, ат шауып қайтайық” десе,00:01:18
00:01:18
атқа мініп көрмесеңіздер де: “Кеттік, барсақ, барып қайтайық” деп тұрасыздар.00:01:23
00:01:23
Ал басқаларымыз Исаның өзге елшілері сияқтымыз.00:01:27
00:01:27
Бізге қауіпсіз жерден бақылап тұрғанның өзі жеткілікті.00:01:30
00:01:32
Петірдің осындай адам болғаны бір шетінен жақсы болды,00:01:35
00:01:35
яғни тез шешім қабылдайтын,00:01:38
00:01:38
жаңа нәрселерді істеп көргісі келетін адам болғаны.00:01:40
00:01:41
Сол себепті оған Патшалықтың екінші,00:01:44
00:01:44
үшінші кілттері сеніп тапсырылды.00:01:46
00:01:46
Неге десек, өйткені оған жаңа нәрселерді істеп көру керек еді.00:01:50
00:01:50
Мысалы, ол самариялықтарды, басқа ұлт адамдарын00:01:54
00:01:54
өзінің бауырластары ретінде көру керек еді.00:01:56
00:01:56
Мұндай тапсырманы өзгерістерді ұнатпайтын адамға бере алмайсың ғой.00:01:59
00:02:00
Өйткені ол: “Мен өмір бақи яһуди болғам. Менің қолымнан келмейтін сияқты.00:02:04
00:02:04
Басқа біреуге тапсырыңдаршы”,— дер еді.00:02:06
00:02:06
Ал Киелі кітапта айтылатындай, Петір00:02:08
00:02:09
бұл тапсырманы еш қарсылықсыз қабыл алған.00:02:11
00:02:13
Иә, ол кез келген жаңа істі істеуге дайын тұрған.00:02:16
00:02:18
Демек, Иса жаңа нәрселерге00:02:21
00:02:22
тез бейімделетін, дұрыс адамды таңдады деген сөз.00:02:25
00:02:26
Ал енді Петірдің кішіпейілділігі жайлы сөйлесейікші.00:02:29
00:02:29
Ол сол қасиетті көп жағдайда танытқан.00:02:31
00:02:32
Мысалы, ол түсінбеген нәрселерін сұрауға тартынбаған.00:02:35
00:02:37
Меніңше, Исаның “әке-шеше,00:02:39
00:02:40
әпке-бауыр, үй, танап00:02:42
00:02:42
жүз есе қосылып береді” деген сөздері00:02:45
00:02:45
барлығымыздың бойымызға жігер құяды солай емес пе?!00:02:49
00:02:50
Ал бұл сөздерді Иса Петірдің қойған сұрағына жауап ретінде айтқан.00:02:55
00:02:56
Петірдің Исаға “Бауырласымды қанша рет кешіруім керек?00:02:59
00:03:00
Жеті ретке дейін бе?” деп сұрақ қойғанына да риза емеспіз бе?!00:03:03
00:03:04
Өйткені Исаның берген жауабы бәріміз үшін де пайдалы.00:03:08
00:03:08
Біз бауырластарымыздың бізге қарсы жасаған күнәларын00:03:11
00:03:11
жіпке тізбеуіміз керектігін түсінеміз.00:03:13
00:03:14
Ал бұдан да маңыздысы, бұл Иса да,00:03:17
00:03:17
көктегі Әкеміз де біздің00:03:19
00:03:19
оларға қарсы жасаған күнәларымызды санап отырмайтынын көрсетеді.00:03:23
00:03:25
Айтпақшы, Иса Петірдің “Бауырласымды қанша рет кешіруім керек?” деген сұрағына00:03:31
00:03:32
қалай жауап берген еді?00:03:33
00:03:34
Иса оған бауырласыңды жетпіс жеті ретке дейін кешір деді ма?00:03:38
00:03:40
Әлде жеті қайтара жетпіс рет деді ме?00:03:42
00:03:43
Жетпіс жеті мен жетпіс көбейту жетінің үлкен айырмашылығы бар.00:03:47
00:03:47
Жетпісті жетіге көбейтсең төрт жүз тоқсан болады.00:03:50
00:03:50
Бұл сұрақтың жауабы бізге не үшін қажет?00:03:52
00:03:53
Өйткені Король Яковтың аудармасында бұл тармақ00:03:56
00:03:56
“жеті қайтара жетпіс ретке дейін кешіру керексің” деп аударылған.00:04:01
00:04:03
Негізі, грек тілінде бұл екі аударма да қате емес.00:04:06
00:04:07
Жетпіс жеті рет деп те,00:04:08
00:04:08
жеті қайтара жетпіс рет деп аударсаң да, дұрыс болады.00:04:12
00:04:12
Сондықтан аудармашыларға бір шешімге келу керек еді.00:04:16
00:04:16
1940-жылдары Жаңа дүние аудармасының комитетіне осы сұраққа байланысты00:04:22
00:04:23
бір шешімге келу керек еді.00:04:24
00:04:24
Қайсысы дұрыс? Жетпіс жеті рет пе,00:04:26
00:04:26
әлде жеті қайтара жетпіс рет пе?00:04:29
00:04:29
Бауырластар жақсы ой жүгіртті.00:04:31
00:04:31
Олар Петірдің сұрағының астарында00:04:34
00:04:34
қандай мағына жатқанын ескерді.00:04:36
00:04:36
Петір қанша рет кешіруім керек деп сұрағанда,00:04:38
00:04:38
қиыннан қиыстырылған есеп айтады деп күткен жоқ.00:04:41
00:04:43
Петір осы сұрақты қоюымен 00:04:45
00:04:45
бауырласымды қанша рет кешіруім керек деп00:04:48
00:04:48
жай ғана нақты санын білгісі келді.00:04:50
00:04:52
Сондықтан аударма комитеті00:04:54
00:04:54
Иса да Петірдің қойған сұрағына00:04:56
00:04:56
дәл сол мағынада жауап берсе керек деген тұжырымға келді.00:04:59
00:04:59
Яғни Иса жетпіс жеті рет деуімен00:05:02
00:05:02
үздіксіз кешіре беру керектігіне нұсқады.00:05:04
00:05:04
Егер жеті қайтара жетпіс рет болса,00:05:06
00:05:06
онда санға нұсқап кетер еді.00:05:08
00:05:08
Бұл “Жаңа дүние аудармасының” туралығына сенімімізді арттырады.00:05:12
00:05:14
Петірдің қасиеттеріне келер болсақ,00:05:16
00:05:16
ол өте кішіпейіл болған.00:05:18
00:05:19
Мысалы, Иса басқа елшілерінің көзінше Петірге кеңес бергенде ол ашуланып,00:05:24
00:05:24
ренжіген жоқ. “Маған бұлай берілген кеңес мүлдем ұнамайды” да демеді.00:05:28
00:05:29
Қауым кездесулеріне де келмей қоймады.00:05:31
00:05:31
Кеңесті қабылдап, әрі қарай қызметін жалғастыра берді.00:05:34
00:05:34
Бәлкім, сіздің берілген кеңесті дұрыс қабылдамай,00:05:37
00:05:37
ұялып қалған кезіңіз болған шығар.00:05:39
00:05:39
Сондықтан кеңесті қабылдау үшін батылдық пен00:05:41
00:05:41
кішіпейілділік керектігімен келісетін шығарсыздар.00:05:44
00:05:45
Ал неліктен Иса Петірді былай шақырып алып, оңашада емес,00:05:49
00:05:49
басқа елшілерінің көзінше түзеткен?00:05:51
00:05:53
Біздің әдебиеттерімізде бұның бір себебі келтірілген.00:05:56
00:05:57
Иса Петірге кеңес беріп, оны түзеткенде00:06:00
00:06:00
ол басқа да елшілерге қараған екен.00:06:03
00:06:03
Бұл жайлы негізі Киелі кітапта да айтылады.00:06:05
00:06:06
Өйткені Петірдің айтып жатқандары00:06:09
00:06:09
басқа елшілердің де ойында болса керек.00:06:12
00:06:12
Міне, сондықтан да Иса Петірді түзету арқылы00:06:15
00:06:16
басқа елшілерін де түзеткісі келді.00:06:18
00:06:19
Пауыл да Петірді басқа ұлттан шыққан мәсіхшілерге дұрыс қарамағаны үшін түзеткен еді.00:06:24
00:06:24
Сонда ол өзінің дәрежесін алға тартып,00:06:27
00:06:28
“мен он екі шәкірттің бірімін,00:06:30
00:06:30
мені түзетуге қалай ғана дәтің барады” деп кеңесті қабылдамай қойған жоқ.00:06:34
00:06:35
Бауырлас қандай жауапты міндет атқармасын,00:06:37
00:06:37
бәрі кеңесті қажет етеді.00:06:39
00:06:39
Бізбен тығыз қызметтесетін бауырластар00:06:41
00:06:41
кемшіліктерімізді байқап жатса,00:06:43
00:06:43
оны құрметпен бізге айтқандары дұрыс.00:06:45
00:06:47
Иса шәкірттеріне азапталып, өлетінін айтқанда00:06:51
00:06:52
Петір түсінбей қалса керек.00:06:54
00:06:54
“Бұл мүмкін емес! Сен Мәсіхсің ғой!00:06:57
00:06:57
Сен арғы атаң Дәуіттің тағында отырасың.00:07:00
00:07:00
Патшалығыңның шегі болмайды.00:07:02
00:07:02
Қалайша өлемін деп жатырсың?” деген шығар.00:07:04
00:07:05
Сол жағдайда Петір не істеді?00:07:07
00:07:07
Ол Исаны түзетпек болды.00:07:10
00:07:12
Осы оқиғадан Иса жайлы не білуге болады?00:07:16
00:07:18
Ол жайлы адам болған.00:07:20
00:07:20
Иса қарапайым болғаны сонша,00:07:23
00:07:23
Петір бір сәтке шектен шығып,00:07:26
00:07:26
Құдайдың Ұлымен сөйлесіп тұрғанын ұмытып кетті.00:07:29
00:07:30
Сізбен де сондай болған ба?00:07:32
00:07:33
Қатты сыйлайтын адаммен тым еркінсіп кеткен кезіңіз болған шығар?00:07:37
00:07:37
Бәлкім, сіз ол адамға жеке, орынсыз болатын сұрақтар қойып кеткен боларсыз.00:07:43
00:07:43
Кейін артынан “Неге бұлай еттім?” деп өкінген шығарсыз.00:07:47
00:07:47
Дәл сол сияқты Петір де Исаның Құдайдың Ұлы екенін,00:07:51
00:07:51
атқаратын маңызды тапсырмасы бар екенін ұмытып кетті.00:07:54
00:07:54
Бәлкім, Петір Исаны уайымдағандықтан,00:07:57
00:07:57
оның Мәсіх ретіндегі рөлін дұрыс түсінбегендіктен түзетсе керек.00:08:01
00:08:02
Не болса да, бұл Исаны алған бетінен қайтаратын уақыт емес еді.00:08:07
00:08:08
Петір жүрегі кең адам болған.00:08:11
00:08:11
Пауыл мәсіхшілікті жаңадан қабылдап, Иерусалимге барған уақытта00:08:15
00:08:16
оны жылы қабылдап, қамқорлық танытқан Петір ғана еді.00:08:20
00:08:21
Иә, Петір өзгелерге жүрегін айқара ашқан.00:08:24
00:08:25
Кейде біз Петірдің жасаған қателіктерін қарастырып жатамыз.00:08:28
00:08:29
Бүгінгі түсініктемеде де сол жайлы айтылды.00:08:32
00:08:32
Әрі Исаның кешірімділігіне де назар аударылды.00:08:35
00:08:35
Иә, кешірімділік — неткен баға жетпес қасиет!00:08:39
00:08:40
Бірақ біз Петірдің қателіктеріне ғана қадалып,00:08:44
00:08:44
оған баға бермейміз.00:08:46
00:08:46
Өйткені өзіміз де басқалардың қателіктерімізге қарай тұжырым жасағанын қаламаймыз.00:08:51
00:08:51
Біз Петірді қызмет десе, ішкен асын жерге қоятын адам деп білеміз.00:08:55
00:08:55
Ол Ехобаға өле-өлгенше адал болған.00:08:58
00:08:59
Бүгінде ол біздің бақылаушыларымыздың бірі.00:09:01
00:09:02
Егер сіз бақылаушы болсаңыз,00:09:04
00:09:04
басқалардың сіз жайлы қандай ойда болғанын қалар едіңіз?00:09:07
00:09:08
Рас, Петірдің өмірінен білеріміз,00:09:10
00:09:10
оқып-тоқитынымыз00:09:12
00:09:12
және алар сабағымыз жетіп артылады.00:09:15
Дейвид Сплейн. Петірдің қасиеттерінен үйренейік (Зәб. 86:5)
Егер байқасаңыздар,
бүгінгі күннің тармағында
кешірімділік жайлы сөз етіледі.
Онда әсіресе Исаның
Петірді қалай кешіргені айтылады.
Негізі, былай ойланып қарасақ,
Исаның Петірді не үшін
он екі шәкіртінің бірі етіп таңдағаны түсінікті.
Өйткені Петір бірден іске кірісетін,
кішіпейіл, жүрегі кең адам болған.
Сонымен, Петір бірден шешім қабылдайтын адам болған.
Мысалы, Иса Петір мен оның бауыры Әндірді оның шәкірттері болуға шақырған еді.
Сол кезде олар екі ойланып отырмады.
“Отбасымыз бар, ойланып көруіміз керек” демеді.
Киелі кітапта айтылғандай, “олар
ауларын тастай сала, Исаның соңынан ерді”.
Кейінірек Иса Ғалилея теңізінің бетімен жүрген кезінде
Петір жай ғана тамсанып отыра алмады.
Өзі де судың бетімен жүріп көргісі келді.
Біздің арамызда
Петірге ұқсайтын бауырластар бар.
Сіздер жаңа нәрселерді істегілеріңіз келеді.
Соларды істесеңіздер, күшті эмоция аласыздар.
Мысалы, әлдебіреу: “Кеттік, ат шауып қайтайық” десе,
атқа мініп көрмесеңіздер де: “Кеттік, барсақ, барып қайтайық” деп тұрасыздар.
Ал басқаларымыз Исаның өзге елшілері сияқтымыз.
Бізге қауіпсіз жерден бақылап тұрғанның өзі жеткілікті.
Петірдің осындай адам болғаны бір шетінен жақсы болды,
яғни тез шешім қабылдайтын,
жаңа нәрселерді істеп көргісі келетін адам болғаны.
Сол себепті оған Патшалықтың екінші,
үшінші кілттері сеніп тапсырылды.
Неге десек, өйткені оған жаңа нәрселерді істеп көру керек еді.
Мысалы, ол самариялықтарды, басқа ұлт адамдарын
өзінің бауырластары ретінде көру керек еді.
Мұндай тапсырманы өзгерістерді ұнатпайтын адамға бере алмайсың ғой.
Өйткені ол: “Мен өмір бақи яһуди болғам. Менің қолымнан келмейтін сияқты.
Басқа біреуге тапсырыңдаршы”,— дер еді.
Ал Киелі кітапта айтылатындай, Петір
бұл тапсырманы еш қарсылықсыз қабыл алған.
Иә, ол кез келген жаңа істі істеуге дайын тұрған.
Демек, Иса жаңа нәрселерге
тез бейімделетін, дұрыс адамды таңдады деген сөз.
Ал енді Петірдің кішіпейілділігі жайлы сөйлесейікші.
Ол сол қасиетті көп жағдайда танытқан.
Мысалы, ол түсінбеген нәрселерін сұрауға тартынбаған.
Меніңше, Исаның “әке-шеше,
әпке-бауыр, үй, танап
жүз есе қосылып береді” деген сөздері
барлығымыздың бойымызға жігер құяды солай емес пе?!
Ал бұл сөздерді Иса Петірдің қойған сұрағына жауап ретінде айтқан.
Петірдің Исаға “Бауырласымды қанша рет кешіруім керек?
Жеті ретке дейін бе?” деп сұрақ қойғанына да риза емеспіз бе?!
Өйткені Исаның берген жауабы бәріміз үшін де пайдалы.
Біз бауырластарымыздың бізге қарсы жасаған күнәларын
жіпке тізбеуіміз керектігін түсінеміз.
Ал бұдан да маңыздысы, бұл Иса да,
көктегі Әкеміз де біздің
оларға қарсы жасаған күнәларымызды санап отырмайтынын көрсетеді.
Айтпақшы, Иса Петірдің “Бауырласымды қанша рет кешіруім керек?” деген сұрағына
қалай жауап берген еді?
Иса оған бауырласыңды жетпіс жеті ретке дейін кешір деді ма?
Әлде жеті қайтара жетпіс рет деді ме?
Жетпіс жеті мен жетпіс көбейту жетінің үлкен айырмашылығы бар.
Жетпісті жетіге көбейтсең төрт жүз тоқсан болады.
Бұл сұрақтың жауабы бізге не үшін қажет?
Өйткені Король Яковтың аудармасында бұл тармақ
“жеті қайтара жетпіс ретке дейін кешіру керексің” деп аударылған.
Негізі, грек тілінде бұл екі аударма да қате емес.
Жетпіс жеті рет деп те,
жеті қайтара жетпіс рет деп аударсаң да, дұрыс болады.
Сондықтан аудармашыларға бір шешімге келу керек еді.
1940-жылдары Жаңа дүние аудармасының комитетіне осы сұраққа байланысты
бір шешімге келу керек еді.
Қайсысы дұрыс? Жетпіс жеті рет пе,
әлде жеті қайтара жетпіс рет пе?
Бауырластар жақсы ой жүгіртті.
Олар Петірдің сұрағының астарында
қандай мағына жатқанын ескерді.
Петір қанша рет кешіруім керек деп сұрағанда,
қиыннан қиыстырылған есеп айтады деп күткен жоқ.
Петір осы сұрақты қоюымен
бауырласымды қанша рет кешіруім керек деп
жай ғана нақты санын білгісі келді.
Сондықтан аударма комитеті
Иса да Петірдің қойған сұрағына
дәл сол мағынада жауап берсе керек деген тұжырымға келді.
Яғни Иса жетпіс жеті рет деуімен
үздіксіз кешіре беру керектігіне нұсқады.
Егер жеті қайтара жетпіс рет болса,
онда санға нұсқап кетер еді.
Бұл “Жаңа дүние аудармасының” туралығына сенімімізді арттырады.
Петірдің қасиеттеріне келер болсақ,
ол өте кішіпейіл болған.
Мысалы, Иса басқа елшілерінің көзінше Петірге кеңес бергенде ол ашуланып,
ренжіген жоқ. “Маған бұлай берілген кеңес мүлдем ұнамайды” да демеді.
Қауым кездесулеріне де келмей қоймады.
Кеңесті қабылдап, әрі қарай қызметін жалғастыра берді.
Бәлкім, сіздің берілген кеңесті дұрыс қабылдамай,
ұялып қалған кезіңіз болған шығар.
Сондықтан кеңесті қабылдау үшін батылдық пен
кішіпейілділік керектігімен келісетін шығарсыздар.
Ал неліктен Иса Петірді былай шақырып алып, оңашада емес,
басқа елшілерінің көзінше түзеткен?
Біздің әдебиеттерімізде бұның бір себебі келтірілген.
Иса Петірге кеңес беріп, оны түзеткенде
ол басқа да елшілерге қараған екен.
Бұл жайлы негізі Киелі кітапта да айтылады.
Өйткені Петірдің айтып жатқандары
басқа елшілердің де ойында болса керек.
Міне, сондықтан да Иса Петірді түзету арқылы
басқа елшілерін де түзеткісі келді.
Пауыл да Петірді басқа ұлттан шыққан мәсіхшілерге дұрыс қарамағаны үшін түзеткен еді.
Сонда ол өзінің дәрежесін алға тартып,
“мен он екі шәкірттің бірімін,
мені түзетуге қалай ғана дәтің барады” деп кеңесті қабылдамай қойған жоқ.
Бауырлас қандай жауапты міндет атқармасын,
бәрі кеңесті қажет етеді.
Бізбен тығыз қызметтесетін бауырластар
кемшіліктерімізді байқап жатса,
оны құрметпен бізге айтқандары дұрыс.
Иса шәкірттеріне азапталып, өлетінін айтқанда
Петір түсінбей қалса керек.
“Бұл мүмкін емес! Сен Мәсіхсің ғой!
Сен арғы атаң Дәуіттің тағында отырасың.
Патшалығыңның шегі болмайды.
Қалайша өлемін деп жатырсың?” деген шығар.
Сол жағдайда Петір не істеді?
Ол Исаны түзетпек болды.
Осы оқиғадан Иса жайлы не білуге болады?
Ол жайлы адам болған.
Иса қарапайым болғаны сонша,
Петір бір сәтке шектен шығып,
Құдайдың Ұлымен сөйлесіп тұрғанын ұмытып кетті.
Сізбен де сондай болған ба?
Қатты сыйлайтын адаммен тым еркінсіп кеткен кезіңіз болған шығар?
Бәлкім, сіз ол адамға жеке, орынсыз болатын сұрақтар қойып кеткен боларсыз.
Кейін артынан “Неге бұлай еттім?” деп өкінген шығарсыз.
Дәл сол сияқты Петір де Исаның Құдайдың Ұлы екенін,
атқаратын маңызды тапсырмасы бар екенін ұмытып кетті.
Бәлкім, Петір Исаны уайымдағандықтан,
оның Мәсіх ретіндегі рөлін дұрыс түсінбегендіктен түзетсе керек.
Не болса да, бұл Исаны алған бетінен қайтаратын уақыт емес еді.
Петір жүрегі кең адам болған.
Пауыл мәсіхшілікті жаңадан қабылдап, Иерусалимге барған уақытта
оны жылы қабылдап, қамқорлық танытқан Петір ғана еді.
Иә, Петір өзгелерге жүрегін айқара ашқан.
Кейде біз Петірдің жасаған қателіктерін қарастырып жатамыз.
Бүгінгі түсініктемеде де сол жайлы айтылды.
Әрі Исаның кешірімділігіне де назар аударылды.
Иә, кешірімділік — неткен баға жетпес қасиет!
Бірақ біз Петірдің қателіктеріне ғана қадалып,
оған баға бермейміз.
Өйткені өзіміз де басқалардың қателіктерімізге қарай тұжырым жасағанын қаламаймыз.
Біз Петірді қызмет десе, ішкен асын жерге қоятын адам деп білеміз.
Ол Ехобаға өле-өлгенше адал болған.
Бүгінде ол біздің бақылаушыларымыздың бірі.
Егер сіз бақылаушы болсаңыз,
басқалардың сіз жайлы қандай ойда болғанын қалар едіңіз?
Рас, Петірдің өмірінен білеріміз,
оқып-тоқитынымыз
және алар сабағымыз жетіп артылады.
-