00:00:01
Біз дұға еткенде 00:00:03
00:00:03
Ехобаны жақсы көретінімізді,00:00:05
00:00:05
оған сенім артатынымызды,00:00:07
00:00:07
құрметтейтінімізді00:00:09
00:00:09
және тәуелді екенімізді көрсетеміз.00:00:11
00:00:12
Шынында да, дұға — Ехобаның бізге берген сыйы.00:00:15
00:00:15
Және біз бұны кәдімгі нәрсе деп қабылдамауымыз керек.00:00:18
00:00:19
Бірақ біз бүгін “Нақты қалай дұға етуіміз керек?” деген сұрақты қарастырамыз.00:00:23
00:00:24
Біз “мұның жауабын білеміз ғой” деуіміз мүмкін.00:00:27
00:00:27
Себебі көбіміз жылдар бойы, тіпті ондаған жылдар бойы дұға айтып келеміз.00:00:32
00:00:33
Бірақ Исаның шәкірттерімен осы сұрақты қозғағанына қарағанда, оның маңызды екенін түсінеміз.00:00:38
00:00:38
Қазір бірге Лұқа кітабы 11-тарауды ашайықшы.00:00:42
00:00:43
Біз қарастыратын оқиға б.з. 32 жылы болған.00:00:47
00:00:47
Сол кезде Исаның қызметі аяқталуға шақ қалған еді.00:00:51
00:00:51
Иса Яһудея маңында жүрді және оның қызметі аяқталуына 6 айдай қалған еді.00:00:56
00:00:56
Сол кезде шәкірттердің бірі дұғаға қатысты Исаның ойын білгісі келді.00:01:00
00:01:01
Қазір бірге Лұқа 11-тарауды ашайық.00:01:03
00:01:03
1-тармаққа назар аударсақ болады.00:01:06
00:01:10
Былай деп оқимыз: “Бірде Иса дұға етіп отырды. 00:01:13
00:01:13
Ол аяқтағанда, шәкірттерінің бірі: 00:01:16
00:01:16
“Ием, Жақия өз шәкірттеріне дұға етуді үйреткендей, сіз де бізге үйретіңізші”,— деді”.00:01:22
00:01:23
Демек, көріп отырғанымыздай, ол Исадан дұға етуді үйретіңізші деп өтінді.00:01:27
00:01:29
Бұл өтінішінен оның кішіпейілділігі көрінді.00:01:31
00:01:32
Өйткені бұл шәкірт яһуди ұлтынан шыққан еді.00:01:35
00:01:35
Ал яһудилер үшін дұға өмірлерінің, ғибадаттарының ажырамас бір бөлігі еді.00:01:41
00:01:42
Негізі, I ғасырда Еврей жазбаларының көшірмелері қолжетімді болатын.00:01:47
00:01:48
Әрі олар жергілікті мәжілісханаларда әр Демалыс күні оқылатын.00:01:53
00:01:54
Сондықтан әлгі шәкірт Ханнаның күйзеліп жүрген кезде айтқан дұғасын көп рет естісе керек.00:01:59
00:02:00
Ол Даниялдың дұғасымен де жақсы таныс болса керек.00:02:03
00:02:03
Даниял халықтың амандығы үшін Ехобаға жалбарынып тұрып дұға айтқан еді.00:02:07
00:02:07
Және ол періштенің жауабын 21 күн бойы күтті.00:02:11
00:02:12
Оның үстіне, Жүністің балық ішінде отырып айтқан дұғасын да жақсы білсе керек.00:02:16
00:02:16
Демек, әлгі шәкірт Жазбалармен жақсы таныс еді.00:02:19
00:02:20
Бұдан бөлек, яһудилердің өздері де әдеттері бойынша00:02:23
00:02:23
таңғы 9-да және түс қайта сағат 3-те де дұға ететін.00:02:28
00:02:28
Бұлар ғибадатханада құрбандықтар шалынатын кезде айтылатын дұғалар еді.00:02:32
00:02:34
Ал қандай бір яһуди осы уақыттарда00:02:37
00:02:37
Иерусалимдегі ғибадатханадан немесе мәжілісханалардан шалғай жерде жүріп,00:02:42
00:02:42
дұға етуге бара алмаса, онда дұғаны жеке өзі айта берсе болатын.00:02:46
00:02:47
Демек, дұға яһудилердің өмірінде ерекше орын алған.00:02:50
00:02:51
Және есімі аталмаған әлгі шәкірт жиі дұға ететін адам болған.00:02:55
00:02:56
Ендеше, ол Исадан “дұға етуді үйретіңізші” деп сұрауымен нені білгісі келген?00:03:01
00:03:02
Әрине, ол қалай дұға ету керектігін өзі де жақсы білген.00:03:05
00:03:06
Сондықтан оның сұрағысы келгені “Дұғамды қалай сапалы етсем болады,00:03:11
00:03:11
қалай көктегі Әкем Ехобаға жақындасам болады?” деген ой болды.00:03:15
00:03:17
Ал байқадыңыздар ма, ол дұға жайлы кімнен сұрады?00:03:20
00:03:20
Иә, бұл сұрақтың жауабын жақсы білетін адамнан.00:03:23
00:03:23
Жаратылыс атаулының тұңғышы Құдайдың ұлынан сұрады.00:03:27
00:03:27
Ал Ехобаны Исадан артық ешкім жақсы танымаған.00:03:31
00:03:32
Сондықтан бұл шәкірттің осылай сұрағаны Исаның да, Ехобаның да көңілінен шықса керек.00:03:39
00:03:39
Біз де осы аты аталмаған шәкіртке ұқсаймыз.00:03:43
00:03:43
Қалай дұға ету керектігін жақсы білеміз.00:03:45
00:03:45
Ол өміріміздің ажырамас бөлігі.00:03:47
00:03:47
Мысалы, бүгінгі таңғы ғибадатты да біз дұғамен бастадық.00:03:51
00:03:51
Және соңында дұғамен аяқтаймыз.00:03:54
00:03:54
Қауым кездесулеріне барғанда да дұға етеміз.00:03:57
00:03:58
Ақсақалдар бас қосып, маңызды мәселелерді талқылағанда да дұға етеді.00:04:03
00:04:04
Уағызға шыққанда, зерттеу сабағын өткізгенде, отбасылық ғибадатты өткізгенде де дұға етеміз.00:04:09
00:04:10
Қарап отырсақ, дұға өмірімізден ойып тұрып орын алады.00:04:14
00:04:15
Дұға ету арқылы біз әлгі есімі аталмаған шәкірт секілді00:04:18
00:04:19
не нәрсеге қол жеткізгіміз келеді?00:04:21
00:04:21
Біз көбірек Исаға ұқсағымыз келеді.00:04:23
00:04:24
Ехобаға деген сүйіспеншілігіміз де одан сайын арта берсе екен дейміз.00:04:29
00:04:30
Және күннен-күнге әрі мәңгілік бойы Ехобамен қарым-қатынасымыз нығайып,00:04:35
00:04:35
оған жақындай түссек екен дейміз.00:04:37
00:04:38
Ал бұларға ненің арқасында қол жеткізе аламыз?00:04:41
00:04:42
Иә, мұның бәрі дұғаларымыздың арқасында мүмкін болады.00:04:45
00:04:46
Қазір Иса әлгі сұрақ қойған шәкіртке не деп жауап бергенін көрейікші.00:04:50
00:04:50
Лұқа 11-тарау, 2-тармақтан бастап оқиық.00:04:54
00:04:55
“Сонда Иса мынаны айтты: “Дұға еткенде, былай деңдер: — Әке, сенің есімің киелі болсын! 00:05:03
00:05:03
Сенің Патшалығың келсін!00:05:05
00:05:05
Күн сайын қажетті нанымызды бере көр. 00:05:08
00:05:08
Біздің күнәларымызды кешіре көр, өйткені біз де өзімізге қарыздар әркімді кешіреміз. 00:05:14
00:05:15
Азғырылуымызға жол бере көрме”.00:05:17
00:05:18
Исаның берген осы жауабынан нені байқауға болады?00:05:22
00:05:22
Иса қалай дұға ету керектігін түсіндіргенде ешнәрсені қиындатқан жоқ.00:05:27
00:05:28
Ол тіпті содан 18 ай бұрын 00:05:31
00:05:31
Таудағы уағызында айтқан кейбір нәрселерді қайталап айтты.00:05:34
00:05:35
Қысқаша айтсақ, Иса алдымен Ехобаның есіміне назар аударды.00:05:39
00:05:39
Өйткені бұл өте маңызды.00:05:41
00:05:41
Кейін оның еркі орындалуы керектігіне назар аударды.00:05:44
00:05:44
Сосын барып, өзімізге қажетті нәрселерді сұрай алатынымызды айтты.00:05:48
00:05:48
Өйткені олар бізге әрі қарай да Ехобаға қызмет ете беруге көмектеседі.00:05:52
00:05:52
Демек, бірінші орында Ехоба тұрады.00:05:55
00:05:55
Кейін барып біз тұрамыз.00:05:57
00:05:58
Исаның берген бұл нұсқауы қарапайым, түсінікті әрі өте маңызды болды.00:06:03
00:06:03
Біз де дұға еткенде, Исаның осы нұсқауын қолдана аламыз.00:06:07
00:06:08
Бүгінде де Иса кішіпейіл жандарға Ехобамен дос болуға көмектесіп жатыр.00:06:13
00:06:14
Қазір соңғы жылдары ұйымның дұғаға қатысты берген нұсқауларын еске алайықшы.00:06:18
00:06:19
Алғашқысы, тыныш жерді табу.00:06:22
00:06:24
Марқа 1-тарау, 35-тармақта “Исаның таң атпай00:06:29
00:06:30
орнынан тұрып, оңаша бір жерге барып, дұға ете бастағаны” айтылған.00:06:34
00:06:36
Ал сіз жайлы не деуге болады?00:06:39
00:06:40
Сіз үшін оңаша болатын кез таңғы уақыт шығар.00:06:42
00:06:43
Иә, біз Ехобамен сөйлесе алатын тыныш жерді, қолайлы уақытты тапқымыз келеді.00:06:48
00:06:48
Тұрмыстағы Джули есімді әйел бауырлас: “Мен күн сайын саябаққа барамын.00:06:53
00:06:53
Сол жақта жалғыз болып, ойымды жинақтап, Ехобамен сөйлесе аламын”,— дейді.00:06:57
00:06:59
Екінші кеңес, дұға еткенде асықпау.00:07:03
00:07:04
12 елшісін таңдамас бұрын, Иса түні бойы дұға етіп шықты.00:07:08
00:07:09
Бұл жайлы Лұқа 6:12-ден білеміз.00:07:11
00:07:12
Дұға етуім керек қой деп, зырылдатып дұға айтып шыққанымыз дұрыс болмас еді.00:07:16
00:07:16
Керісінше, дұға еткенде асықпай,00:07:19
00:07:19
ішіміздегіні ақтару үшін жеткілікті уақыт бөлгеніміз жақсы.00:07:22
00:07:23
Әдетте, екі дос тіпті азанда ерте тұру керек болса да,00:07:27
00:07:27
түннің бір уағына дейін сырласып отыра береді.00:07:29
00:07:29
Өйткені оларға бір-бірімен әңгімелескен ұнайды.00:07:32
00:07:32
Біз де Ехобамен дәл осындай қарым-қатынас түзгіміз келер еді.00:07:36
00:07:37
Енді үшінші кеңеске тоқталар болсақ,00:07:40
00:07:40
күннің белгілі бір уақытында ғана емес,00:07:42
00:07:43
мүмкіндік туа қалған жағдайдың бәрінде дұға еткіміз келеді.00:07:47
00:07:47
Жақсы достар қалаған уақыттарында бір-біріне хабарламалар жазады,00:07:52
00:07:52
қоңырау шалады, тіпті кез келген уақытта көрісе салады.00:07:55
00:07:55
Өйткені олар бір-бірін ойлап, уайымдап жүреді.00:07:58
00:07:58
Бейнелі мағынада Ехобамен де достығымыз осылай болғанын қалаймыз.00:08:02
00:08:02
Күннің кез келген уақытында Ехобаны еске алып, дұға етсек болады.00:08:06
00:08:07
Иса да солай еткен.00:08:08
00:08:08
Шәкірттері қызметте болған қызық оқиғаларды айтып берген соң, Иса былай деп дұға еткен:00:08:13
00:08:14
“Көк пен жердің Иесі — Әке, сені ел алдында мадақтаймын! 00:08:18
00:08:18
Себебі сен бұларды данышпандар мен білімпаздардан мұқият жасырып, 00:08:22
00:08:22
бала сияқты кішіпейіл адамдарға аштың”. 00:08:24
00:08:27
Енді төртінші кеңеске тоқталайық.00:08:29
00:08:29
Дұғаңызда бір сөздерді қайта-қайта қайталай берген кезіңіз болған ба?00:08:33
00:08:34
Сондықтан айтатын дұғаларыңыз үстіртін болып қалғандай сезінген шығарсыз.00:08:38
00:08:39
Егер бұл солай болса,00:08:41
00:08:41
онда дұға айтардың алдында бір сәт кідіріп,00:08:44
00:08:44
не айтатыңызды жақсылап ойланып алсаңыз болады.00:08:47
00:08:48
Мысалы, Исаның үлгілі дұғасында айтқан кейбір жайттарды ойласақ болады.00:08:52
00:08:52
Мысалы, біз “Ехобаның еркін қалай жақсырақ орындай аламыз?00:08:56
00:08:56
Ал Бетелдік қызметімізді ше? Қалай оны одан да сапалырақ атқара аламыз?00:09:00
00:09:01
Уағызда адамға зерттеу сабағын қалай жақсырақ ұсына аламыз?00:09:04
00:09:06
Жасаған күнәларымыз жайлы неге дұға етпеске?00:09:08
00:09:08
Басқалардың бізге қарсы жасайтын күнәларын кешіреміз бе?”00:09:12
00:09:12
Міне, осы жайттарды біз дұға етпес бұрын, жақсылап ойланып алсақ болады.00:09:15
00:09:16
Сонда дұғаларымыз мағыналы болады.00:09:18
00:09:19
Қарастыратын бесінші кеңес, дұғаларымыз тек сөздерден тұрмауы керек.00:09:23
00:09:24
Шынайы достар бір-біріне сезімдерін ашық айтады.00:09:28
00:09:29
Сондықтан дұғаларымыздың сезімсіз болмай, 00:09:32
00:09:32
жүректен шыққанын қалаймыз.00:09:33
00:09:34
Зәбүр жыршысы да сезімдерін Ехобаға ашып айтқан.00:09:37
00:09:37
Мысалы, ол Зәбүр 13:1, 2-де былай деген:00:09:40
00:09:40
“Уа, Ехоба, қашанғы мені ұмыт қалдырасың? Мәңгіге ме?00:09:44
00:09:44
Қашанғы менен жүзіңді жасырасың?00:09:46
00:09:47
Қашанғы уайымға салынып,
Жүрегім күн сайын қан жылай бермек?”00:09:51
00:09:53
Көріп отырғанымыздай, зәбүр жыршысы қайғысын да, қуанышын да Ехобамен бөлісіп отырған.00:09:58
00:09:59
Біз де досымыз Ехобаға өз сезімдерімізді ашып айтқымыз келеді.00:10:03
00:10:05
Қысқаша айтсақ, дұға Ехобамен достығымызды жалғап тұратын көпір секілді.00:10:10
00:10:10
Кез келген көпірді жөндеп, тексеріп отыру керек.00:10:13
00:10:14
Сонда ол әрі қарай да мықты болып тұрады.00:10:17
00:10:17
Тура сол сияқты біз де дұғаларымызды жақсарта берейік.00:10:21
00:10:21
Сонда көктегі Әкеміз әрі досымыз Ехобамен қарым-қатынасымыз берік болады.00:10:26
Майкл Бенкс. Қалай дұға еткеніміз жөн? (Лұқа 11:1—4)
-
Майкл Бенкс. Қалай дұға еткеніміз жөн? (Лұқа 11:1—4)
Біз дұға еткенде
Ехобаны жақсы көретінімізді,
оған сенім артатынымызды,
құрметтейтінімізді
және тәуелді екенімізді көрсетеміз.
Шынында да, дұға — Ехобаның бізге берген сыйы.
Және біз бұны кәдімгі нәрсе деп қабылдамауымыз керек.
Бірақ біз бүгін “Нақты қалай дұға етуіміз керек?” деген сұрақты қарастырамыз.
Біз “мұның жауабын білеміз ғой” деуіміз мүмкін.
Себебі көбіміз жылдар бойы, тіпті ондаған жылдар бойы дұға айтып келеміз.
Бірақ Исаның шәкірттерімен осы сұрақты қозғағанына қарағанда, оның маңызды екенін түсінеміз.
Қазір бірге Лұқа кітабы 11-тарауды ашайықшы.
Біз қарастыратын оқиға б.з. 32 жылы болған.
Сол кезде Исаның қызметі аяқталуға шақ қалған еді.
Иса Яһудея маңында жүрді және оның қызметі аяқталуына 6 айдай қалған еді.
Сол кезде шәкірттердің бірі дұғаға қатысты Исаның ойын білгісі келді.
Қазір бірге Лұқа 11-тарауды ашайық.
1-тармаққа назар аударсақ болады.
Былай деп оқимыз: “Бірде Иса дұға етіп отырды.
Ол аяқтағанда, шәкірттерінің бірі:
“Ием, Жақия өз шәкірттеріне дұға етуді үйреткендей, сіз де бізге үйретіңізші”,— деді”.
Демек, көріп отырғанымыздай, ол Исадан дұға етуді үйретіңізші деп өтінді.
Бұл өтінішінен оның кішіпейілділігі көрінді.
Өйткені бұл шәкірт яһуди ұлтынан шыққан еді.
Ал яһудилер үшін дұға өмірлерінің, ғибадаттарының ажырамас бір бөлігі еді.
Негізі, I ғасырда Еврей жазбаларының көшірмелері қолжетімді болатын.
Әрі олар жергілікті мәжілісханаларда әр Демалыс күні оқылатын.
Сондықтан әлгі шәкірт Ханнаның күйзеліп жүрген кезде айтқан дұғасын көп рет естісе керек.
Ол Даниялдың дұғасымен де жақсы таныс болса керек.
Даниял халықтың амандығы үшін Ехобаға жалбарынып тұрып дұға айтқан еді.
Және ол періштенің жауабын 21 күн бойы күтті.
Оның үстіне, Жүністің балық ішінде отырып айтқан дұғасын да жақсы білсе керек.
Демек, әлгі шәкірт Жазбалармен жақсы таныс еді.
Бұдан бөлек, яһудилердің өздері де әдеттері бойынша
таңғы 9-да және түс қайта сағат 3-те де дұға ететін.
Бұлар ғибадатханада құрбандықтар шалынатын кезде айтылатын дұғалар еді.
Ал қандай бір яһуди осы уақыттарда
Иерусалимдегі ғибадатханадан немесе мәжілісханалардан шалғай жерде жүріп,
дұға етуге бара алмаса, онда дұғаны жеке өзі айта берсе болатын.
Демек, дұға яһудилердің өмірінде ерекше орын алған.
Және есімі аталмаған әлгі шәкірт жиі дұға ететін адам болған.
Ендеше, ол Исадан “дұға етуді үйретіңізші” деп сұрауымен нені білгісі келген?
Әрине, ол қалай дұға ету керектігін өзі де жақсы білген.
Сондықтан оның сұрағысы келгені “Дұғамды қалай сапалы етсем болады,
қалай көктегі Әкем Ехобаға жақындасам болады?” деген ой болды.
Ал байқадыңыздар ма, ол дұға жайлы кімнен сұрады?
Иә, бұл сұрақтың жауабын жақсы білетін адамнан.
Жаратылыс атаулының тұңғышы Құдайдың ұлынан сұрады.
Ал Ехобаны Исадан артық ешкім жақсы танымаған.
Сондықтан бұл шәкірттің осылай сұрағаны Исаның да, Ехобаның да көңілінен шықса керек.
Біз де осы аты аталмаған шәкіртке ұқсаймыз.
Қалай дұға ету керектігін жақсы білеміз.
Ол өміріміздің ажырамас бөлігі.
Мысалы, бүгінгі таңғы ғибадатты да біз дұғамен бастадық.
Және соңында дұғамен аяқтаймыз.
Қауым кездесулеріне барғанда да дұға етеміз.
Ақсақалдар бас қосып, маңызды мәселелерді талқылағанда да дұға етеді.
Уағызға шыққанда, зерттеу сабағын өткізгенде, отбасылық ғибадатты өткізгенде де дұға етеміз.
Қарап отырсақ, дұға өмірімізден ойып тұрып орын алады.
Дұға ету арқылы біз әлгі есімі аталмаған шәкірт секілді
не нәрсеге қол жеткізгіміз келеді?
Біз көбірек Исаға ұқсағымыз келеді.
Ехобаға деген сүйіспеншілігіміз де одан сайын арта берсе екен дейміз.
Және күннен-күнге әрі мәңгілік бойы Ехобамен қарым-қатынасымыз нығайып,
оған жақындай түссек екен дейміз.
Ал бұларға ненің арқасында қол жеткізе аламыз?
Иә, мұның бәрі дұғаларымыздың арқасында мүмкін болады.
Қазір Иса әлгі сұрақ қойған шәкіртке не деп жауап бергенін көрейікші.
Лұқа 11-тарау, 2-тармақтан бастап оқиық.
“Сонда Иса мынаны айтты: “Дұға еткенде, былай деңдер: — Әке, сенің есімің киелі болсын!
Сенің Патшалығың келсін!
Күн сайын қажетті нанымызды бере көр.
Біздің күнәларымызды кешіре көр, өйткені біз де өзімізге қарыздар әркімді кешіреміз.
Азғырылуымызға жол бере көрме”.
Исаның берген осы жауабынан нені байқауға болады?
Иса қалай дұға ету керектігін түсіндіргенде ешнәрсені қиындатқан жоқ.
Ол тіпті содан 18 ай бұрын
Таудағы уағызында айтқан кейбір нәрселерді қайталап айтты.
Қысқаша айтсақ, Иса алдымен Ехобаның есіміне назар аударды.
Өйткені бұл өте маңызды.
Кейін оның еркі орындалуы керектігіне назар аударды.
Сосын барып, өзімізге қажетті нәрселерді сұрай алатынымызды айтты.
Өйткені олар бізге әрі қарай да Ехобаға қызмет ете беруге көмектеседі.
Демек, бірінші орында Ехоба тұрады.
Кейін барып біз тұрамыз.
Исаның берген бұл нұсқауы қарапайым, түсінікті әрі өте маңызды болды.
Біз де дұға еткенде, Исаның осы нұсқауын қолдана аламыз.
Бүгінде де Иса кішіпейіл жандарға Ехобамен дос болуға көмектесіп жатыр.
Қазір соңғы жылдары ұйымның дұғаға қатысты берген нұсқауларын еске алайықшы.
Алғашқысы, тыныш жерді табу.
Марқа 1-тарау, 35-тармақта “Исаның таң атпай
орнынан тұрып, оңаша бір жерге барып, дұға ете бастағаны” айтылған.
Ал сіз жайлы не деуге болады?
Сіз үшін оңаша болатын кез таңғы уақыт шығар.
Иә, біз Ехобамен сөйлесе алатын тыныш жерді, қолайлы уақытты тапқымыз келеді.
Тұрмыстағы Джули есімді әйел бауырлас: “Мен күн сайын саябаққа барамын.
Сол жақта жалғыз болып, ойымды жинақтап, Ехобамен сөйлесе аламын”,— дейді.
Екінші кеңес, дұға еткенде асықпау.
12 елшісін таңдамас бұрын, Иса түні бойы дұға етіп шықты.
Бұл жайлы Лұқа 6:12-ден білеміз.
Дұға етуім керек қой деп, зырылдатып дұға айтып шыққанымыз дұрыс болмас еді.
Керісінше, дұға еткенде асықпай,
ішіміздегіні ақтару үшін жеткілікті уақыт бөлгеніміз жақсы.
Әдетте, екі дос тіпті азанда ерте тұру керек болса да,
түннің бір уағына дейін сырласып отыра береді.
Өйткені оларға бір-бірімен әңгімелескен ұнайды.
Біз де Ехобамен дәл осындай қарым-қатынас түзгіміз келер еді.
Енді үшінші кеңеске тоқталар болсақ,
күннің белгілі бір уақытында ғана емес,
мүмкіндік туа қалған жағдайдың бәрінде дұға еткіміз келеді.
Жақсы достар қалаған уақыттарында бір-біріне хабарламалар жазады,
қоңырау шалады, тіпті кез келген уақытта көрісе салады.
Өйткені олар бір-бірін ойлап, уайымдап жүреді.
Бейнелі мағынада Ехобамен де достығымыз осылай болғанын қалаймыз.
Күннің кез келген уақытында Ехобаны еске алып, дұға етсек болады.
Иса да солай еткен.
Шәкірттері қызметте болған қызық оқиғаларды айтып берген соң, Иса былай деп дұға еткен:
“Көк пен жердің Иесі — Әке, сені ел алдында мадақтаймын!
Себебі сен бұларды данышпандар мен білімпаздардан мұқият жасырып,
бала сияқты кішіпейіл адамдарға аштың”.
Енді төртінші кеңеске тоқталайық.
Дұғаңызда бір сөздерді қайта-қайта қайталай берген кезіңіз болған ба?
Сондықтан айтатын дұғаларыңыз үстіртін болып қалғандай сезінген шығарсыз.
Егер бұл солай болса,
онда дұға айтардың алдында бір сәт кідіріп,
не айтатыңызды жақсылап ойланып алсаңыз болады.
Мысалы, Исаның үлгілі дұғасында айтқан кейбір жайттарды ойласақ болады.
Мысалы, біз “Ехобаның еркін қалай жақсырақ орындай аламыз?
Ал Бетелдік қызметімізді ше? Қалай оны одан да сапалырақ атқара аламыз?
Уағызда адамға зерттеу сабағын қалай жақсырақ ұсына аламыз?
Жасаған күнәларымыз жайлы неге дұға етпеске?
Басқалардың бізге қарсы жасайтын күнәларын кешіреміз бе?”
Міне, осы жайттарды біз дұға етпес бұрын, жақсылап ойланып алсақ болады.
Сонда дұғаларымыз мағыналы болады.
Қарастыратын бесінші кеңес, дұғаларымыз тек сөздерден тұрмауы керек.
Шынайы достар бір-біріне сезімдерін ашық айтады.
Сондықтан дұғаларымыздың сезімсіз болмай,
жүректен шыққанын қалаймыз.
Зәбүр жыршысы да сезімдерін Ехобаға ашып айтқан.
Мысалы, ол Зәбүр 13:1, 2-де былай деген:
“Уа, Ехоба, қашанғы мені ұмыт қалдырасың? Мәңгіге ме?
Қашанғы менен жүзіңді жасырасың?
Қашанғы уайымға салынып,
Жүрегім күн сайын қан жылай бермек?”
Көріп отырғанымыздай, зәбүр жыршысы қайғысын да, қуанышын да Ехобамен бөлісіп отырған.
Біз де досымыз Ехобаға өз сезімдерімізді ашып айтқымыз келеді.
Қысқаша айтсақ, дұға Ехобамен достығымызды жалғап тұратын көпір секілді.
Кез келген көпірді жөндеп, тексеріп отыру керек.
Сонда ол әрі қарай да мықты болып тұрады.
Тура сол сияқты біз де дұғаларымызды жақсарта берейік.
Сонда көктегі Әкеміз әрі досымыз Ехобамен қарым-қатынасымыз берік болады.
-