00:00:01
Бүгінгі күннің түсініктемесі алынған00:00:03
00:00:03
“Күзет мұнарада”00:00:04
00:00:05
мақсаттар қоюдың маңыздылығы
жайлы сөз етіледі.00:00:07
00:00:08
Және қойған мақсаттарымызға қол жеткізсек,00:00:10
00:00:10
қанағат сезінетініміз айтылады.00:00:12
00:00:13
Мәсіхшілердің Грек жазбаларында қолданылған00:00:15
00:00:15
мақсат сөзі гректің “скопос” деген сөзінен шыққан.00:00:19
00:00:20
Және де микроскоп, телескоп деген сөздердің де түбірі00:00:24
00:00:24
дәл осы сөзден шыққан. Өзіміз білетіндей,00:00:27
00:00:27
бұл құралдар қандай да бір нәрсені анық көруге көмектеседі.00:00:32
00:00:33
Мысалы, қару қолданатын мерген адамды алсақ.00:00:36
00:00:36
Ол нысанадан мүлт кетпеу үшін00:00:38
00:00:38
оқты қалай болса солай ата салмайды.00:00:41
00:00:41
Қайта, нақты нысананы көру үшін көздеуішті пайдаланады.00:00:44
00:00:44
Осы мысалды біз өмірде мақсаттар қоюдың маңыздылығына да қатыстыра аламыз.00:00:49
00:00:50
Өйткені мақсаттар қойғанымыз бізге өмірде ненің маңыздырақ екенін,00:00:55
00:00:55
бізге не қажет екенін есте ұстауға көмектеседі.00:00:57
00:00:58
Елші Пауыл да мұны жақсы түсінген.00:01:00
00:01:00
Қорынттықтарға арналған 1-хат 9-тарау, 26-тармақты қарайықшы.00:01:05
00:01:06
Пауыл былай деп айтқан: “Сондықтан мен мақсатсыз жүгіріп келе жатқан жоқпын.00:01:11
00:01:11
Жұдырықтағанда, ауаны жұдырықтап жатқан жоқпын”.00:01:15
00:01:16
Зерттеуге арналған Киелі кітапта осы тармаққа бір түсініктеме берілген.00:01:20
00:01:20
Онда “мәсіхші мәңгілік өмір сыйын әрқашан нысанасында ұстап, күшін дұрыс бағыттау керектігі” айтылған.00:01:27
00:01:28
Иә, біз мақсаттар қойғанда Ехобаның үлгісіне еліктейміз.00:01:32
00:01:32
Өйткені Ефестіктерге 3-тарау, 11-тармақта00:01:35
00:01:35
Ехобаның “Мәсіх Исаға қатысты ойластырған мәңгілік ниеті” бар екені айтылады.00:01:41
00:01:41
Бұл жерде де зерттеуге арналған мәліметке жүгінетін болсақ, мұндағы “ниет” сөзі00:01:47
00:01:47
нақты мақсатқа, айқын жоспарға нұсқайды,00:01:51
00:01:51
яғни адамдар бүлік шығарса да, Ехобаның адамзатқа,
жерге қатысты ниетін орындаймын деген жоспарына нұсқайды.00:01:58
00:01:58
Негізі, осы бағдарламаны тыңдап отырған көпшілігіміз жақсы мақсаттар қойып,00:02:04
00:02:04
оларға қол жеткізгенбіз. Осы үшін сіздерді мақтауға болады.00:02:09
00:02:09
Алайда сіздерге “Ехобаға көбірек қызмет етемін” деген мақсат қоюға не түрткі болды?00:02:16
00:02:16
Бәлкім, үйдегілер жақсы үлгі қалдырып, сізді де солай етуге талпындырған шығар.00:02:21
00:02:21
Мына суреттегі бауырластың есімі Джордж Янг.00:02:25
00:02:25
Ол Ғалақат мектебі пайда болмай тұрып миссионер болып қызмет еткен.00:02:29
00:02:29
Джордж бауырласымыз өзінің 53 жылдық ғұмырында
кем дегенде 15 мемлекетте ізгі хабарды уағыздаған.00:02:37
00:02:37
Осыдан үш аптадай бұрын әйеліміз екеуіміз оның шөбересімен таныстық.00:02:42
00:02:42
Ол Шығыс Африкада құрылыс еріктісі болып қызмет етеді екен.00:02:45
00:02:45
Және ол да осы уақытқа дейін жеті түрлі мемлекетте қызмет етіп үлгерген екен.00:02:50
00:02:50
“Өрік өріктен рең алады” деген осы емес пе?!00:02:53
00:02:54
Көріп отырғанымыздай, отбасындағы адамдар бізге жақсы үлгі қалдырып,
рухани мақсаттар қоюға талпындыра алады.00:03:00
00:03:00
Немесе бізді аудандық бақылаушы, бетелдік,00:03:03
00:03:03
миссионер болып қызмет ететін бауырластар талпындырған шығар.00:03:06
00:03:06
Олар өз қызметтері жайлы ауыз толтырып айтқандықтан,
біз де жалындап кеткен болармыз.00:03:11
00:03:12
Я болмаса мақсаттар қоюға адал да ақылды құл талпындырған шығар.00:03:16
00:03:16
Мысалы, 1979 жылғы00:03:18
00:03:19
біздің Патшалық қызметіміз басылымында төрт беттік бір мақала шықты.00:03:23
00:03:24
Ол “Жас жігіттер, сендер арнайы мәртебелі қызмет атқаруға дайынсыңдар ма?” деп аталады.00:03:29
00:03:30
Осы мақала маған Бетелдік қызметті мақсат етуге көмектесті.00:03:34
00:03:34
Немесе сізді мақсаттар қоюға аймақтық конгресте айтылған баяндамалардың бірі талпындырған болар.00:03:39
00:03:40
Мысалы, баяндамашы мына бір сұрақты тіке қойған шығар:00:03:45
00:03:47
“Сіз дұғада Ехобаға неліктен толық уақытты қызметті атқармай жүргеніңізді
түсіндіріп бере аласыз ба?”00:03:53
00:03:53
Бұл, әрине, тіке айтылса да, ойландыратын сұрақ.00:03:57
00:03:57
Немесе сізге Ехоба куәгерлерінің өмірбаяндары көмектескен шығар?
Менің әйелім Киелі кітапты енді зерттеп жүргенде00:04:04
00:04:04
көне “Күзет мұнараларын”, “Ояныңдар!” журналдарын сағаттап оқитын.00:04:08
00:04:08
Сол жақтан ол әсіресе өмірбаяндарды оқығанда жігерленіп қалатын.00:04:12
00:04:13
Көріп отырғанымыздай, осы жайттардың барлығы қызмет аясын кеңейту үшін мақсаттар қоюға көмектесе алады.00:04:19
00:04:19
Әрине, нақты мақсат қойып оған қол жеткізу үшін,00:04:22
00:04:22
батылдық қажет әрі көп күш салуымыз керек.00:04:25
00:04:25
Осы орайда барлықтарыңызды мақтауға болады. Сіздер осылай күш салғансыздар.00:04:29
00:04:29
Оның үстіне, біз де өзгелерді мақсаттар қоюға талпындыра аламыз.00:04:34
00:04:34
Біз ешқашан қарапайым бір сұрақтың өзі
адамға қалай әсер ете алатынын ұмытпауымыз керек.00:04:40
00:04:40
Мысалы, “мектепті бітірген соң қандай жоспарың бар,
зейнетке шыққаннан кейін ше?” деген сияқты сұрақтар.00:04:46
00:04:46
Осылай адамның қандай мақсаты бар екенін біле аламыз.00:04:49
00:04:49
Әрине, мақсаттар қойғанда сол мақсатқа жету үшін
бізден не талап етілетінін анықтап алу маңызды.00:04:55
00:04:55
Бірақ десе де Уағыздаушы 11-тарау, 4-тармақтағы принципті де ұмытпауымыз керек.00:05:02
00:05:03
Онда былай делінеді: “Жел баққан тұқым сеппес,
бұлт аңдыған өнім жинамас”.00:05:11
00:05:12
Демек, кейде бізге мақсат қойғанда батылырақ болып, қорықпау керек.00:05:16
00:05:17
Малинда Кифер бауырласымыз дәл солай еткен.00:05:20
00:05:20
Ол 24 жаста болғанда Рассел бауырласпен сөйлесіп,
өзінің ізашар болғысы келетінін айтады.00:05:27
00:05:27
Десе де бұл қадамды жасауға оның батылы жетпейді.00:05:30
00:05:30
Өйткені “алдымен қажет білімді алуым керек” деп айтады.00:05:34
00:05:34
Оның неліктен бұлай деп айтқанын түсінуге болады.00:05:37
00:05:37
Өйткені сол уақытта Кифер бауырласымыз шындықты небәрі 1 жыл бұрын естіген еді.00:05:42
00:05:42
Бірақ Рассел бауырлас оған былай деп жауап береді:00:05:45
00:05:45
“Егер барлығын білгенше күте берсең, қызметті ешқашан бастамайсың.
Қайта қызмет ете жүріп қажетті білімді аласың”.00:05:52
00:05:52
Сол кезде ол бірден ізашарлық қызметті бастапты.00:05:55
00:05:55
Кифер бауырлас 1983 жылы 100 жасында қайтыс болды.00:05:59
00:05:59
Бірақ соған дейін ол 76 жыл бойы толық уақытты қызметті атқарды.00:06:03
00:06:03
Және өзі былай деді: “Ізашарлық қызметті жас кезімнен бастағаныма қуаныштымын.00:06:09
00:06:09
Ехобаға қызмет ету өмірімде әрдайым бірінші орында тұрған”.00:06:13
00:06:14
Ал мақсаттар қойғанда біз қандай қателіктерге жол беріп қоюымыз мүмкін?00:06:19
00:06:20
Иә, егер мақсаттарымыз тым жалпы болса.00:06:24
00:06:24
Мысалы, дұғамызда: “Ехоба, маған жақсы адам болуға,
жақсы қызметші болуға көмектесші”,—деп сұрасақ,00:06:31
00:06:31
бұл тым жалпы ғой, солай емес пе?00:06:33
00:06:33
Ал оның орнына былай деп сұрасақ ше:00:06:35
00:06:35
“Ехоба, маған ашуымды тізгіндеуге көмектесші, сен мені жақсы білесің ғой”.00:06:40
00:06:41
Немесе: “Жаман ойлардан аулақ болайыншы, атқарып жатқан қызметімнен қанағат ала алайыншы”,— деп сұрасақ,00:06:47
00:06:47
бұл әлдеқайда жақсы ғой.
Ал кейде басқа жағынан, мақсаттар қойғанда шектеліп қалуымыз мүмкін.00:06:55
00:06:55
Мысалы, Бетелде қызмет етсем ғана бақытты бола алам деп ойлайтын шығармыз.00:06:59
00:07:00
Бірақ Ехоба бізді кез келген қызмет түрінде бақытты ете алады.
Біз соны ұмытпауымыз керек.00:07:07
00:07:07
Сондықтан біз Ехобаның ұйымы ұсынатын кез келген қызмет түрін атқаруға дайын болуымыз керек.00:07:14
00:07:15
Тағы бір сұрақ: біз мақсаттарды мәртебелі қызметтер атқару үшін ғана қоямыз ба?00:07:20
00:07:21
Тімөтеге арналған 1-хат 4:15-те Пауылдың “жетістіктерің жұрттың бәріне айқын көрінсін” деп айтқаны рас.00:07:29
00:07:29
Бірақ мұндағы “жетістік” деген сөз
ақсақал, бөлім бақылаушысы, конгресс баяндамашысы сияқты00:07:37
00:07:37
мәртебелі қызметтерді атқаруды ғана білдірмейді.00:07:40
00:07:41
Қызмет көмекшілері, сендер де ақсақалдық қызмет атқаруды күтіп жүрген шығарсыңдар?
Бұл тамаша!00:07:47
00:07:47
Өйткені сендер Тімөтеге 1-хат 3:1-де айтылатынындай, игі істерді атқаруды қалайсыңдар.00:07:52
00:07:54
Бірақ ұмытпайтын бір жайт: ақсақал деген тек баяндамалар айтуды,00:08:00
00:08:00
өзгелердің қошеметіне бөленуді білдірмейді.00:08:02
00:08:02
Бұған бақташылық сапарлар жасау, жаны күйзелгендерді мұқият тыңдау,00:08:08
00:08:08
өзіңе ыңғайсыз болса да, өзгелерге көмектесуге дайын тұру жатады.00:08:12
00:08:12
Кейде сырқаттанып қалған бауырластарға баруға немесе күнә жасап қойған адамды мейірімділікпен түзетуге тура келеді.00:08:19
00:08:19
Ол кейде көмегіңді қабыл алғысы келмей, тіпті сол үшін ренжуі мүмкін.00:08:24
00:08:24
Негізі, Пауыл жетістіктер деп айтуымен не нәрсеге нұсқағанын түсіндіріп кеткен.00:08:30
00:08:30
Тімөтеге 1-хат 4-тарау, 12-тармаққа қарайықшы.00:08:35
00:08:35
Былай делінеді: “... адал болып жүргендерге сөзіңмен, жүріс-тұрысыңмен,
сүйіспеншілігіңмен, сеніміңмен және пәк тазалығыңмен үлгі көрсет.” 00:08:45
00:08:45
Демек, қасиеттердің маңыздылығына назар аударылып жатыр.00:08:48
00:08:49
Ефестіктерге арналған хат 4-тарау, 13-тармақта да біз00:08:54
00:08:55
“Мәсіхтің кемеліне сай келетін толысқан адам” болуға талпындырыламыз.00:08:59
00:09:00
Осы тармаққа берілген зерттеу мәліметінде былай делінеді:00:09:03
00:09:03
“Әрбір мәсіхші рухани толысуды мақсат етіп,
соған күш салуы қажет”.00:09:10
00:09:10
Біз Ехобаны жақсы көретінімізді дәлелдеу үшін мақсаттар қойғанда,
бұл Ехобаның жүрегін қуантады.00:09:16
00:09:16
Ендеше, біздің қойған мақсаттарымыз Ехоба Құдайымыздың киелі есіміне мадақ, даңқ әкеле берсін!00:09:23
Марк Скотт. Ехобаға мадақ әкелетін мақсаттарға ұмтылыңыз (Қор. 1-х. 9:26)
Бүгінгі күннің түсініктемесі алынған
“Күзет мұнарада”
мақсаттар қоюдың маңыздылығы
жайлы сөз етіледі.
Және қойған мақсаттарымызға қол жеткізсек,
қанағат сезінетініміз айтылады.
Мәсіхшілердің Грек жазбаларында қолданылған
мақсат сөзі гректің “скопос” деген сөзінен шыққан.
Және де микроскоп, телескоп деген сөздердің де түбірі
дәл осы сөзден шыққан. Өзіміз білетіндей,
бұл құралдар қандай да бір нәрсені анық көруге көмектеседі.
Мысалы, қару қолданатын мерген адамды алсақ.
Ол нысанадан мүлт кетпеу үшін
оқты қалай болса солай ата салмайды.
Қайта, нақты нысананы көру үшін көздеуішті пайдаланады.
Осы мысалды біз өмірде мақсаттар қоюдың маңыздылығына да қатыстыра аламыз.
Өйткені мақсаттар қойғанымыз бізге өмірде ненің маңыздырақ екенін,
бізге не қажет екенін есте ұстауға көмектеседі.
Елші Пауыл да мұны жақсы түсінген.
Қорынттықтарға арналған 1-хат 9-тарау, 26-тармақты қарайықшы.
Пауыл былай деп айтқан: “Сондықтан мен мақсатсыз жүгіріп келе жатқан жоқпын.
Жұдырықтағанда, ауаны жұдырықтап жатқан жоқпын”.
Зерттеуге арналған Киелі кітапта осы тармаққа бір түсініктеме берілген.
Онда “мәсіхші мәңгілік өмір сыйын әрқашан нысанасында ұстап, күшін дұрыс бағыттау керектігі” айтылған.
Иә, біз мақсаттар қойғанда Ехобаның үлгісіне еліктейміз.
Өйткені Ефестіктерге 3-тарау, 11-тармақта
Ехобаның “Мәсіх Исаға қатысты ойластырған мәңгілік ниеті” бар екені айтылады.
Бұл жерде де зерттеуге арналған мәліметке жүгінетін болсақ, мұндағы “ниет” сөзі
нақты мақсатқа, айқын жоспарға нұсқайды,
яғни адамдар бүлік шығарса да, Ехобаның адамзатқа,
жерге қатысты ниетін орындаймын деген жоспарына нұсқайды.
Негізі, осы бағдарламаны тыңдап отырған көпшілігіміз жақсы мақсаттар қойып,
оларға қол жеткізгенбіз. Осы үшін сіздерді мақтауға болады.
Алайда сіздерге “Ехобаға көбірек қызмет етемін” деген мақсат қоюға не түрткі болды?
Бәлкім, үйдегілер жақсы үлгі қалдырып, сізді де солай етуге талпындырған шығар.
Мына суреттегі бауырластың есімі Джордж Янг.
Ол Ғалақат мектебі пайда болмай тұрып миссионер болып қызмет еткен.
Джордж бауырласымыз өзінің 53 жылдық ғұмырында
кем дегенде 15 мемлекетте ізгі хабарды уағыздаған.
Осыдан үш аптадай бұрын әйеліміз екеуіміз оның шөбересімен таныстық.
Ол Шығыс Африкада құрылыс еріктісі болып қызмет етеді екен.
Және ол да осы уақытқа дейін жеті түрлі мемлекетте қызмет етіп үлгерген екен.
“Өрік өріктен рең алады” деген осы емес пе?!
Көріп отырғанымыздай, отбасындағы адамдар бізге жақсы үлгі қалдырып,
рухани мақсаттар қоюға талпындыра алады.
Немесе бізді аудандық бақылаушы, бетелдік,
миссионер болып қызмет ететін бауырластар талпындырған шығар.
Олар өз қызметтері жайлы ауыз толтырып айтқандықтан,
біз де жалындап кеткен болармыз.
Я болмаса мақсаттар қоюға адал да ақылды құл талпындырған шығар.
Мысалы, 1979 жылғы
біздің Патшалық қызметіміз басылымында төрт беттік бір мақала шықты.
Ол “Жас жігіттер, сендер арнайы мәртебелі қызмет атқаруға дайынсыңдар ма?” деп аталады.
Осы мақала маған Бетелдік қызметті мақсат етуге көмектесті.
Немесе сізді мақсаттар қоюға аймақтық конгресте айтылған баяндамалардың бірі талпындырған болар.
Мысалы, баяндамашы мына бір сұрақты тіке қойған шығар:
“Сіз дұғада Ехобаға неліктен толық уақытты қызметті атқармай жүргеніңізді
түсіндіріп бере аласыз ба?”
Бұл, әрине, тіке айтылса да, ойландыратын сұрақ.
Немесе сізге Ехоба куәгерлерінің өмірбаяндары көмектескен шығар?
Менің әйелім Киелі кітапты енді зерттеп жүргенде
көне “Күзет мұнараларын”, “Ояныңдар!” журналдарын сағаттап оқитын.
Сол жақтан ол әсіресе өмірбаяндарды оқығанда жігерленіп қалатын.
Көріп отырғанымыздай, осы жайттардың барлығы қызмет аясын кеңейту үшін мақсаттар қоюға көмектесе алады.
Әрине, нақты мақсат қойып оған қол жеткізу үшін,
батылдық қажет әрі көп күш салуымыз керек.
Осы орайда барлықтарыңызды мақтауға болады. Сіздер осылай күш салғансыздар.
Оның үстіне, біз де өзгелерді мақсаттар қоюға талпындыра аламыз.
Біз ешқашан қарапайым бір сұрақтың өзі
адамға қалай әсер ете алатынын ұмытпауымыз керек.
Мысалы, “мектепті бітірген соң қандай жоспарың бар,
зейнетке шыққаннан кейін ше?” деген сияқты сұрақтар.
Осылай адамның қандай мақсаты бар екенін біле аламыз.
Әрине, мақсаттар қойғанда сол мақсатқа жету үшін
бізден не талап етілетінін анықтап алу маңызды.
Бірақ десе де Уағыздаушы 11-тарау, 4-тармақтағы принципті де ұмытпауымыз керек.
Онда былай делінеді: “Жел баққан тұқым сеппес,
бұлт аңдыған өнім жинамас”.
Демек, кейде бізге мақсат қойғанда батылырақ болып, қорықпау керек.
Малинда Кифер бауырласымыз дәл солай еткен.
Ол 24 жаста болғанда Рассел бауырласпен сөйлесіп,
өзінің ізашар болғысы келетінін айтады.
Десе де бұл қадамды жасауға оның батылы жетпейді.
Өйткені “алдымен қажет білімді алуым керек” деп айтады.
Оның неліктен бұлай деп айтқанын түсінуге болады.
Өйткені сол уақытта Кифер бауырласымыз шындықты небәрі 1 жыл бұрын естіген еді.
Бірақ Рассел бауырлас оған былай деп жауап береді:
“Егер барлығын білгенше күте берсең, қызметті ешқашан бастамайсың.
Қайта қызмет ете жүріп қажетті білімді аласың”.
Сол кезде ол бірден ізашарлық қызметті бастапты.
Кифер бауырлас 1983 жылы 100 жасында қайтыс болды.
Бірақ соған дейін ол 76 жыл бойы толық уақытты қызметті атқарды.
Және өзі былай деді: “Ізашарлық қызметті жас кезімнен бастағаныма қуаныштымын.
Ехобаға қызмет ету өмірімде әрдайым бірінші орында тұрған”.
Ал мақсаттар қойғанда біз қандай қателіктерге жол беріп қоюымыз мүмкін?
Иә, егер мақсаттарымыз тым жалпы болса.
Мысалы, дұғамызда: “Ехоба, маған жақсы адам болуға,
жақсы қызметші болуға көмектесші”,—деп сұрасақ,
бұл тым жалпы ғой, солай емес пе?
Ал оның орнына былай деп сұрасақ ше:
“Ехоба, маған ашуымды тізгіндеуге көмектесші, сен мені жақсы білесің ғой”.
Немесе: “Жаман ойлардан аулақ болайыншы, атқарып жатқан қызметімнен қанағат ала алайыншы”,— деп сұрасақ,
бұл әлдеқайда жақсы ғой.
Ал кейде басқа жағынан, мақсаттар қойғанда шектеліп қалуымыз мүмкін.
Мысалы, Бетелде қызмет етсем ғана бақытты бола алам деп ойлайтын шығармыз.
Бірақ Ехоба бізді кез келген қызмет түрінде бақытты ете алады.
Біз соны ұмытпауымыз керек.
Сондықтан біз Ехобаның ұйымы ұсынатын кез келген қызмет түрін атқаруға дайын болуымыз керек.
Тағы бір сұрақ: біз мақсаттарды мәртебелі қызметтер атқару үшін ғана қоямыз ба?
Тімөтеге арналған 1-хат 4:15-те Пауылдың “жетістіктерің жұрттың бәріне айқын көрінсін” деп айтқаны рас.
Бірақ мұндағы “жетістік” деген сөз
ақсақал, бөлім бақылаушысы, конгресс баяндамашысы сияқты
мәртебелі қызметтерді атқаруды ғана білдірмейді.
Қызмет көмекшілері, сендер де ақсақалдық қызмет атқаруды күтіп жүрген шығарсыңдар?
Бұл тамаша!
Өйткені сендер Тімөтеге 1-хат 3:1-де айтылатынындай, игі істерді атқаруды қалайсыңдар.
Бірақ ұмытпайтын бір жайт: ақсақал деген тек баяндамалар айтуды,
өзгелердің қошеметіне бөленуді білдірмейді.
Бұған бақташылық сапарлар жасау, жаны күйзелгендерді мұқият тыңдау,
өзіңе ыңғайсыз болса да, өзгелерге көмектесуге дайын тұру жатады.
Кейде сырқаттанып қалған бауырластарға баруға немесе күнә жасап қойған адамды мейірімділікпен түзетуге тура келеді.
Ол кейде көмегіңді қабыл алғысы келмей, тіпті сол үшін ренжуі мүмкін.
Негізі, Пауыл жетістіктер деп айтуымен не нәрсеге нұсқағанын түсіндіріп кеткен.
Тімөтеге 1-хат 4-тарау, 12-тармаққа қарайықшы.
Былай делінеді: “... адал болып жүргендерге сөзіңмен, жүріс-тұрысыңмен,
сүйіспеншілігіңмен, сеніміңмен және пәк тазалығыңмен үлгі көрсет.”
Демек, қасиеттердің маңыздылығына назар аударылып жатыр.
Ефестіктерге арналған хат 4-тарау, 13-тармақта да біз
“Мәсіхтің кемеліне сай келетін толысқан адам” болуға талпындырыламыз.
Осы тармаққа берілген зерттеу мәліметінде былай делінеді:
“Әрбір мәсіхші рухани толысуды мақсат етіп,
соған күш салуы қажет”.
Біз Ехобаны жақсы көретінімізді дәлелдеу үшін мақсаттар қойғанда,
бұл Ехобаның жүрегін қуантады.
Ендеше, біздің қойған мақсаттарымыз Ехоба Құдайымыздың киелі есіміне мадақ, даңқ әкеле берсін!
-