JW subtitle extractor

Роберт Сиранко. Сіз кереметтерге сенесіз бе? (Ел. іс. 24:15)

Video Other languages Share text Share link Show times

Сіз кереметтерге сенесіз бе?
Егер сіздер
қайта тірілудің болатынына
сенсеңіздер,
онда менің сұрағыма
“иә” деп жауап бере аласыздар.
Өйткені керемет деген —
Құдайдың құдіретінің арқасында жүзеге асатын ғажап нәрсені білдіреді.
Расында да, өлілерді қайта тірілту тек
Ехоба Құдайымыздың қолынан келеді.
Қайта тірілуге берік сенгендердің бірі елші Пауыл болған.
Мысалы, Еутіх деген жас жігіт үшінші қабаттан құлап түскенде,
дәрігер болған Лұқа оның қайтыс болғанын айтқан.
Сол жерде болған Пауыл Құдайдың құдіретімен
жас жігітті қайта тірілткен.
Сол жағдайдан біраз уақыт өте елші Пауыл
Яһудея әміршісінің алдында тұрады.
Ол өзінің Мәсіхке деген сенімін қорғап сөйлейді.
Сол кезде бүгінгі күннің тармағында жазылған сөздерді айтады.
Қазір Елшілердің істері 24:15-ті ашайықшы.
Онда былай делінеді: Мен де олар сияқты,
Құдайдың әділдерді де, әділетсіздерді де
қайта тірілтетініне үміттенемін”.
Мұнда Пауыл айтып жатқан үміт жай ғана бос қиял,
негізсіз болса да сену дегенді білдірмейді.
Шынайы үміттің негізі болады.
Ол Ехоба Құдайымыздың
міндетті түрде орындалатын уәделеріне негізделеді.
Иса екі рет адамдарды қайта тірілткен.
Ол екі жағдайда да адамдарға сенімдері болса,
сол кереметтердің куәсі бола алатынын айтқан.
Мысалы, Лұқа 8:50-де Жайырдың қызы қайтыс болғанда
оған былай деген:
“Қорықпаңыз, тек сеніміңіз болсын! Қызыңыз аман қалады”.
Бұл солай болды да, Иса оның қызын тірілтіп берді.
Кейін Жохан 11:25-те де
Мартаның інісі Елазар қайтыс болғанда,
ол оған былай деген: “Қайта тірілу және өмір — менмін.
Маған сенген адам өлсе де, қайта өмір сүреді”.
Сосын Иса досы Елазарды қайта тірілтті.
Демек, сенім біздің қайта тірілуге деген үмітімізді берік етеді.
Қалайша?
Пауыл киелі рухтың жетелеуімен сенімге анықтама берген.
Оның Еврейлерге 11-тарау,
1-тармақта берген анықтамасын
қайта тірілу кереметіне де қатыстырса болады.
Пауыл ол жерде сенімнің екі маңызды бөліктен тұратынын айтқан.
Алғашқысы, “негіз бар болғандықтан,
үміттенгеннің жүзеге асатынына берік сену”.
Яғни сеніміміз болса, Ехобаның айтқандарының
бәрі рас екеніне, жүзеге асатынына сенеміз.
Құдай сөзі Киелі кітапта кезінде
9 адамның қайта тірілгені жазылған.
Оның үшеуі Еврей жазбаларында, қалғандары Грек жазбаларында жазылған.
Ехоба өтірік айта алмайтын Құдай болғандықтан әрі
осы кереметтерді Киелі кітапқа өзі жаздырғандықтан,
бізде күмәндануға еш себеп жоқ.
Біз қайтыс болған жақын адамдарымыздың өмірге қайта оралатынына
толық сенімді бола аламыз.
Сенімнің екінші бөлігі,
“көрінбейтін нәрселердің шын мәнінде бар екенінің айқын дәлелін көру”.
Біздің видеоларымызда кезіндегі қайта тірілулердің
қалай болғаны көрсетіледі.
Болашақта да адамдардың қайта тірілетінін
видеоларымыздан көріп жатамыз.
Әрине, біреудің қайта тірілгенін видеодан көрген бір бөлек,
бірақ мұны өз көзіңмен көру мүлдем басқаша ғой.
Негізі, өмірде жансыз нәрсеге жан бітуі мүмкін бе?
Шынайы өмірде мұны дәлелдейтін қандай да бір мысал бар ма?
Иә, бар. Иса мұны өзінің Таудағы уағызында айтып кеткен.
Киелі кітаптан Матай 6-тарауды ашсақ болады.
Есімізде болса, ол адамдарға
“не ішіп-жейміз деп уайымдауды қойыңдар” деп айтқан.
Егер олар Құдай Патшалығы мен оның әділдігін
әрдайым бірінші орынға қойса,
қажет нәрселердің барлығы қосылып берілмек еді.
Осы ретте Еврейлерге 11:1-дегі сенімнің екі қырын еске алайықшы.
Иса тыңдармандарының осы уәдеге деген сенімін нығайту үшін не істеді?
Матай 6:32-де Иса:
“Бұлардың бәрі сендерге қажет екенін көктегі Әкелерің біледі ғой” деген.
Демек, Иса адамдарға көктегі Әкесі Ехоба
олардың қамын ойлайтынын уәде беріп отыр.
Осылай оларға үміттенуге берік негіз беріп тұр.
Сондай-ақ Иса Құдай адамдардың қамын ойлайтынының айқын дәлелін де көрсетті.
Мысалы, 26-тармақта ол: “Әуеде ұшқан құстарға назар салыңдаршы:
олар егін екпейді, орып, қамбаға жинамайды,
әйтсе де көктегі Әкелерің оларды асырайды”,— деген.
Ал 28-де: “Даладағы лалагүлдердің қалай өсетінінен сабақ алыңдар:
олар еңбек те етпейді, жіп те иірмейді. Десе Ехоба оларды киіндіреді”,— деген.
Міне, бұл адамдар Құдай Патшалығын бірінші орынға қойса,
Ехоба оларды қамқорлайтынына дәлел болды.
Лалагүлдер демекші, біз олардың қалай өсетінінен тағы бір жайтты түйеміз.
Өйткені біз бұдан Ехоба
жансыз нәрсеге жан бітіре алатынын көреміз.
Бұл да біздің қайта тірілуге деген үмітімізді нығайтады.
Зерттеу мәліметінде айтылатындай, лалагүлдерге
лалагүлдерге ұқсайтын басқа да гүлдер жатады екен.
Мысалы, қызғалдақтар, гиацинттер,
ирис гүлдері және гладиолустар.
Олардың қалай өсетініне қарасақ,
бәріне ортақ бір нәрсе бар екенін байқаймыз.
Олардың қалай өсетініне қатысты бір қызық жайт бар.
Негізі, бұл гүлдер тұқымнан өсіп шықпайды.
Қайта, ол пиязша тәріздес нәрседен өседі.
Әр жылдың соңында ол өліп, келесі жылы қайтып өсіп шығады.
Мысалы, мынау қызғалдақтың пиязшығы.
Осы кішігірім ғана
пиязшықтың ішінде сол гүлдің
қайта өсіп шығуына қажет нәрсенің барлығы бар.
Тамыры да, сабағы да, жапырақтары да, бүршігі де,
қоректік заттары да осының ішінде.
Жылдың басым бөлігінде, әсіресе қыстың суық айларында
гүлдің пиязшығы жердің астында ұйықтап жатқандай болады.
Бірақ көктем шығып, жер қызып, жұмсара бастағанда
пиязшық оянып, өсе бастайды.
Кейін өскін топырақты жарып,
көзге көрінетіндей болып өсіп шығады.
Сол кезде адамдар қалай пиязшыққа жан бітіп, одан
гүл өсіп шыққанын өз көздерімен көре алады.
Ендеше,
біз осы лалагүлдерден, олардың қалай өсетінінен екі нәрсеге үйренеміз.
Біріншіден, Ехоба оларды қалай киіндірсе,
ол бізді де қажетімізбен қамдайды.
Екіншіден, Ехоба ол гүлдерді жыл сайын қайтып өсіреді.
Бұл Ехоба қайтыс болған адамдарды
қайта тірілте алатынын көрсетеді.
Демек, бізде Ехобаның Киелі кітапта берген уәделері бар
және табиғатта да сол уәделердің орындалатынына айқын дәлелдер бар.
Демек, осы екі жайт
Ехоба болашақта жақындарымызды қайта тірілтетініне деген үмітімізді жарқын етеді.
Әрине, адамдарға келер болсақ,
қайтыс болған әрбір адамның ерекшеліктері
тіпті ДНҚ-сына дейін Ехобаның есінде болады.
Соның арқасында адам өлерінен алдын қандай болса,
дәл сондай күйде жаңа денемен қайта тіріледі.
Сырт көрінісі, сөйлеу мәнері, ойлау қабілеті
қандай болған болса, дәл солай қайта тіріледі.
Ол туыстарын, туыстары оны танитын болады.
Қазір Киелі кітаптан Ишая 26-тарауды бірге ашайықшы.
Ол жақта Ишая қайта тірілу болатын кезеңді
өте керемет етіп сипаттаған.
Бұл жайлы 19-тармақтан оқимыз.
Былай делінеді: “Сенің өлген адамдарың өмір сүреді.
Менің меншігімдегі өлілер түрегеледі.
Ей, қара жердің қойнында жатқандар,
Ояныңдар, қуана дауыстаңдар!
Сендердің шықтарың таңғы шықтай;
Жер өзінде жатқан өлілерді өмір сүру үшін босатады”.
Неткен әдемі көрініс!
Басқа бір аудармада “жер қойнында ұйықтап жатқандар оянып,
қуанып, шаттанатын болады” делінген.
Біз осы уақытты тағатсыздана күтеміз.
Өйткені жаңа дүниеде
қайтыс болған жақын адамдарымызбен қауышып,
оларды құшақтайтын боламыз.
Ендеше, келесіде қызғалдақтарға оранған даланы көргенде,
қайта тірілу жайлы еске алып тұрыныздар.
Зәбүр 27-тарауда да әдемі сөздер жазылған.
Ол жақта Зәбүр жыршысы Дәуіт
біздің болашақтағы өмірімізді керемет етіп сипаттаған.
Біз оның сөздерін Зәбүр 27-тарау, 13-тармақтан бастап оқи аламыз.
Былай делінеді: “Тірілер жерінде
Ехобаның ізгілігін көретініме сенбесем,
Мен қайда қалар ем?!
Үмітіңді Ехобаға арт,
Батыл бол,
жүрегің де мығым болсын,
Иә, үмітіңді Ехобаға арт!”
Тірілер жерінде қайтыс болған туыстарымызды қайта көре алатынымызға
неліктен сенімді бола аламыз?
Өйткені біз елші Пауылдың мына сөздеріне кәміл сенеміз:
“Құдай адамдарды қайта тірілтеді”.