00:00:01
Біз төлем құрбандығына сенім артамыз.00:00:04
00:00:04
Сондықтан мәңгілік өмірді иемденеміз.00:00:06
00:00:07
Бұл ілімді біз жақсы көреміз.00:00:09
00:00:09
Бірақ қалай ойлайсыздар,
біз төлемнің игілігін 00:00:12
00:00:12
тек болашақта ғана көретін боламыз ба?00:00:15
00:00:16
Әрине, жоқ. Біз оның игілігін қазір де көріп жүрміз.00:00:19
00:00:20
Мысалы, біз төлем құрбандығына сенім артқандықтан,00:00:23
00:00:23
өмірімізді Ехобаға арнадық,00:00:24
00:00:24
онымен жақын қарым-қатынасқа иеміз.00:00:27
00:00:27
Соның нәтижесінде біз Ехобаның ізгілігіне,00:00:30
00:00:30
айнымас сүйіспеншілігіне молынан бөленіп жатырмыз.00:00:33
00:00:33
Қарап отырсақ, біз төлемнің игілігін күн сайын көрудеміз.00:00:37
00:00:37
Алайда бұл біз үшін қаншалықты маңызды?00:00:41
00:00:42
Қазір Зәбүр жырлары 27-тарау, 13-тармақты ашайықшы.00:00:48
00:00:49
Ол жерден Дәуіттің Ехобаның ізгілігіне қаншалықты тамсанатынын оқимыз.00:00:55
00:00:56
Зәбүр 27:13,00:00:58
00:00:58
негізі, тарауда қалай Ехоба Дәуітті күн сайын өз ізгілігіне бөлегені сөз етіледі.00:01:04
00:01:04
Дәуіт былай деген: “Тірілер жерінде Ехобаның ізгілігін көретініме сенбесем,00:01:10
00:01:10
Мен қайда қалар ем?!”00:01:12
00:01:13
Қазір бір сәтке көз алдымызға елестетіп көрейікші.00:01:17
00:01:17
Егер төлем құрбандығы болмағанда, Ехоба бізге күн сайын ізгілігін танытпаса,00:01:22
00:01:23
біз қайда қалар едік?00:01:25
00:01:25
Бұл жайлы ойлаудың өзі қорқынышты.00:01:28
00:01:28
Иә, кейде сондықтан осы жайлы ой жүгіртіп тұру өте маңызды екен.00:01:33
00:01:33
Сол кезде біз Ехобаның көмегіне,00:01:36
00:01:37
оның бізге күн сайын ізгілігін төгіп отырғанына00:01:39
00:01:40
қаншалықты мұқтаж екенімізді түсінеміз.00:01:42
00:01:43
Ендеше, қазір былай істеп көрсек:00:01:45
00:01:46
біз Ехобаға төлем құрбандығына сенетіндіктен,00:01:48
00:01:48
ол бізді нақты қандай жолдармен өз ізгілігіне бөлейтінін анықтап көрсек,00:01:53
00:01:53
соның тізімін жасасақ.00:01:55
00:01:55
Осы орайда Дәуіттің сөздері көмек болады.00:01:58
00:01:58
Зәбүр 27:1-тармақтан бастасақ.00:02:00
00:02:01
Бұл тізіміміздегі алғашқы жайт.00:02:03
00:02:03
Дәуіт былай деген: “Ехоба — менің нұрым әрі құтқарушым, Кімнен қорқамын?!00:02:09
00:02:09
Ехоба — өмірімді сақтайтын қорғаным, Кімнен үрейленемін?!00:02:14
00:02:14
Зұлымдар мені жалмау үшін шабуылдады,00:02:17
00:02:17
Қастастарым мен жауларымның өздері сүрініп құлады”.00:02:20
00:02:21
Дәуіт осындай жетістікке мықты жауынгер болғандықтан жетті ме?00:02:25
00:02:26
Жоқ. Өйткені оның өзі “Ехоба — өмірімді сақтайтын қорғаным” деді.00:02:32
00:02:32
Ехоба Дәуітке айнымас сүйіспеншілік танытты, барлық істерінде оған қолғабыс етті.00:02:39
00:02:39
Міне, сондықтан да ол жетістікке жетті.00:02:42
00:02:42
Демек, Дәуіт Ехобаның қолдауы, айнымас сүйіспеншілігі жайлы ой жүгірткенде,00:02:47
00:02:47
дұрыс қорытындыға келген.00:02:48
00:02:48
3-тармаққа қарайық:00:02:50
00:02:50
“Маған қарсы әскер қос тіксе де,
Жүрегім селт етпейді.00:02:55
00:02:55
Маған қарсы соғыс ашса да,
Сенімділігім жоғалмайды”.00:03:00
00:03:03
Ал, Дәуіт Ехоба айнымас сүйіспеншілік танытатынына қаншалықты сенімді болды?00:03:10
00:03:11
10-тармаққа қарайықшы: “Тіпті туған әке-шешем тастап кетсе де,00:03:15
00:03:15
[негізі бұлай болуы екіталай, бірақ сонда да тастап кетсе де], Ехоба мені қабылдайды”.00:03:22
00:03:22
Демек, осы сөздерден көріп отырғанымыздай,00:03:25
00:03:25
Ехоба бізге айнымас сүйіспеншілігін танытады, қолдап-демейді.00:03:30
00:03:30
Сондықтан біз тіпті сынақтарға кезіксек те оған сенім арта аламыз.00:03:35
00:03:36
Бұл тізіміміздегі алғашқы жайт.00:03:38
00:03:38
Енді екіншісін қарастырайық.00:03:41
00:03:41
Бұл үшін 14-тармаққа қарасақ,00:03:44
00:03:44
Дәуіт былай деген: “Үмітіңді Ехобаға арт,
Батыл бол, жүрегің де мығым болсын!”00:03:51
00:03:52
Демек, төлем құрбандығына сенетіндіктен, Ехобаға толықтай үміт арта аламыз.00:03:58
00:03:59
Ол бізге күн сайын әрбір қиындықта көмектесетініне үміттенеміз00:04:03
00:04:03
және болашаққа қатысты да уәделерін орындайтынына күмәнданбаймыз.00:04:07
00:04:07
Осылай біз үмітімізді Ехобаға артқандықтан, батыл боламыз және жүрегіміз де мығым болады.00:04:13
00:04:14
Бұның шынымен де осындай екенін дәлелдейтін бір оқиға айтып берейін.00:04:18
00:04:18
Бұл Элиза деген біздің жасөспірім бауырласымызбен болған жағдай. 00:04:22
00:04:23
Оның жасы небәрі жетіде.00:04:26
00:04:27
Элизаның анасы бір әйелмен зерттейді екен.00:04:30
00:04:30
Және оның да Элизамен жасты қызы бар екен.00:04:34
00:04:34
Әлгі зерттеуші әйел ауыр дертке шалдығады.00:04:38
00:04:38
Сондықтан бірнеше күн бойы ауруханада жатады.00:04:41
00:04:42
Сол кезде біздің бауырласымыз Элизамен ойнау үшін00:04:46
00:04:46
зерттейтін әйелдің қызын үйіне алып келеді.00:04:49
00:04:50
Кейін ол кішкентай қыз үйіне қайтайын деп жатқанда,00:04:53
00:04:53
бұрылып, былай депті: “Элиза, көп рақмет! Көңіл-күйім көтеріліп қалды”.00:04:58
00:04:59
Сонда Элизаның анасы қызығушылықпен “Не болған еді?” деп сұрайды.00:05:03
00:05:04
Сол кезде Элиза былай депті: “Анасы ауруханада жатқандықтан оның көңіл-күйі жоқ.00:05:09
00:05:09
Оны сағынып жатыр екен. Мен оған көмектескім келді.00:05:13
00:05:13
Сөйтіп, екеуміз бірге дұға айттық.00:05:15
00:05:16
Кейін Киелі кітаптағы “Құдай олардың көзіндегі әрбір жасты сүртіп тастайды.00:05:22
00:05:22
Ауру болмайды” деген тармақты оқып бердім.00:05:25
00:05:25
Мен оның осы сөздерді естігенін қаладым.00:05:28
00:05:28
Сосын мен оны құшақтадым”.00:05:31
00:05:32
Қарап отырсақ, біздің жасөспірім бауырласымыздың кішігірім әрекеті оң нәтижесін берді.00:05:38
00:05:40
Элиза оған Ехобаға үміт арта алатынын айтқандықтан,00:05:44
00:05:44
ол жанына батқан сол бір ауыртпалықты еңсере алды.00:05:48
00:05:48
Міне, дәл осылай біз де күн сайын Ехобаға үміт артамыз.00:05:54
00:05:54
Сондықтан ол бізге сол күннің қиындықтарымен күресуге батылдық береді.00:05:59
00:05:59
Бұл екінші жайт болды.00:06:01
00:06:01
Енді үшіншісіне тоқталайық.00:06:03
00:06:03
Бұл үшін 4-тармаққа қарасақ болады.00:06:06
00:06:06
Дәуіт өзі үшін өте бір маңызды жайтты байқаған.00:06:10
00:06:10
Дәуіт былай деген: “Мен Ехобадан бір нәрсені сұрадым,00:06:14
00:06:15
Соған ғана қол жеткізуді қалаймын:
Бар ғұмырымды Ехобаның үйінде өткізсем,00:06:19
00:06:20
Ехобаның көркіне көз тіксем,
Оның ғибадатханасына тамсана көз жіберсем”.00:06:24
00:06:26
Иә, Дәуіт Ехобаға таза ғибадат ету мәртебесін жоғары бағалаған.00:06:31
00:06:31
Ал бізде Дәуіттікінен де жақсырақ мүмкіндік бар.00:06:35
00:06:36
Бізде Ехобаның00:06:37
00:06:37
ұлы ғибадатханасының ауласында қызмет ету мәртебесі бар.00:06:41
00:06:42
Өзіміз білетіндей, бұл шара Иса Мәсіхтің төлем құрбандығына негізделген.00:06:47
00:06:48
Және сонда ғибадат еткенде біз ненің куәсі боламыз?00:06:51
00:06:52
Дәуіттің сөздері көмек бола алады.00:06:55
00:06:55
Ол: “Ехобаның көркіне көз тіксем”,— деп айтқан. 00:06:58
00:07:00
Демек, біз де Ехобаға ғибадат еткенде, оның “көркіне көз тігеміз”.00:07:05
00:07:05
Ехобаның бізге танытатын көркем қасиеттері жайлы біле аламыз.00:07:09
00:07:09
Ехоба сол қасиеттерін бізге неше түрлі жолдармен танытады.00:07:14
00:07:14
Және жеке әрқайсысымыз мұның мол батасын көрудеміз.00:07:18
00:07:18
Бұл бізді қандай сезімге бөлейді?00:07:21
00:07:21
Иә, біз Ехобаның ғибадатханасына тамсана көз жібереміз,00:07:25
00:07:25
жүрегіміз шаттыққа толады.00:07:27
00:07:28
Рас, қазір мына дүниеде неше түрлі сұмдық жағдайлар орын алып жатыр.00:07:33
00:07:34
Бірақ біздің жүрегімізде ризашылық болса,00:07:36
00:07:36
бұл бізге Ехобаға әрі қарай да қуанышпен қызмет етуге көмектеседі.00:07:40
00:07:41
Бұл үшінші жайт еді.00:07:42
00:07:42
Қазір қарастырғандарымызды еске түсірсек.00:07:45
00:07:45
Естеріңізде болса,00:07:47
00:07:47
тізіміміздегі алғашқы жайт, төлем құрбандығына сенгендіктен, біз Ехобаға жақындай түсеміз,00:07:52
00:07:52
әрі ол бізге айнымас сүйіспеншілігі мен ізгілігін танытады.00:07:56
00:07:56
Сонымен, шегелеп кетсек, біріншіден, біз төлемге сенім артқандықтан, 00:08:01
00:08:01
Ехобаның айнымас сүйіспеншілігі мен қолдауын сезінеміз.00:08:04
00:08:04
Нәтижесінде, біз сынақтарға, қарсылықтарға кезіккенде, бойымызда зор сенімділік болады.00:08:10
00:08:10
Екіншіден, біз төлем құрбандығына сенгендіктен, жарқын болашаққа үміттене аламыз.00:08:16
00:08:16
Біз үмітімізді Ехобаға артамыз00:08:19
00:08:19
және ол әрбір күннің қиындығына төзу үшін бізге батылдық береді.00:08:23
00:08:23
Үшіншіден, төлем құрбандығына сенгендіктен, бізде таза ғибадат ету мәртебесі бар.00:08:30
00:08:31
Біз Ехобаның көркем қасиеттеріне куә бола аламыз.00:08:34
00:08:34
Бұл біздің жүрегімізді ризашылыққа толтырып, қуанышымызға қуаныш қосады.00:08:39
00:08:40
Алайда төлемнің игіліктері тек осы тізіммен ғана шектеледі ме?00:08:45
00:08:45
Әрине, жоқ. Біз бүгін тек кейбіреулерін ғана қарастырдық.00:08:49
00:08:49
Сондықтан бұл тақырыпты жеке зерттеуде00:08:52
00:08:52
не отбасылық ғибадатта көбірек зерттеп көрсек болады.00:08:55
00:08:55
Біз қарастырған ойларды еске түсіріп,00:08:57
00:08:57
кейіннен басқа да жаңа ойларды қоссаңыздар болады.00:09:00
00:09:01
Егер Ехобаның айнымас сүйіспеншілігі мен берген төлемі00:09:05
00:09:05
біздерге күн сайын қандай игіліктер алып келетіні жайлы ой жүгіртетін болсақ,00:09:10
00:09:10
бұл бізге мына екі салада көмек болады.00:09:13
00:09:13
Біріншіден, Ехоба бізге осындай керемет сый бергендіктен,00:09:17
00:09:18
жүрегімізді ризашылық сезімі кернейді.00:09:21
00:09:21
Екіншіден, басқаларға да сол төлем сыйы туралы айтуға асық тұратын боламыз.00:09:26
00:09:26
Өйткені мүмкіндігінше көп адам сол теңдесі жоқ сыйдың 00:09:30
00:09:30
пайдасын көрсе екен дейміз!00:09:32
Клайв Мартин. Төлемнің игіліктері (Зәб. 27:13)
-
Клайв Мартин. Төлемнің игіліктері (Зәб. 27:13)
Біз төлем құрбандығына сенім артамыз.
Сондықтан мәңгілік өмірді иемденеміз.
Бұл ілімді біз жақсы көреміз.
Бірақ қалай ойлайсыздар,
біз төлемнің игілігін
тек болашақта ғана көретін боламыз ба?
Әрине, жоқ. Біз оның игілігін қазір де көріп жүрміз.
Мысалы, біз төлем құрбандығына сенім артқандықтан,
өмірімізді Ехобаға арнадық,
онымен жақын қарым-қатынасқа иеміз.
Соның нәтижесінде біз Ехобаның ізгілігіне,
айнымас сүйіспеншілігіне молынан бөленіп жатырмыз.
Қарап отырсақ, біз төлемнің игілігін күн сайын көрудеміз.
Алайда бұл біз үшін қаншалықты маңызды?
Қазір Зәбүр жырлары 27-тарау, 13-тармақты ашайықшы.
Ол жерден Дәуіттің Ехобаның ізгілігіне қаншалықты тамсанатынын оқимыз.
Зәбүр 27:13,
негізі, тарауда қалай Ехоба Дәуітті күн сайын өз ізгілігіне бөлегені сөз етіледі.
Дәуіт былай деген: “Тірілер жерінде Ехобаның ізгілігін көретініме сенбесем,
Мен қайда қалар ем?!”
Қазір бір сәтке көз алдымызға елестетіп көрейікші.
Егер төлем құрбандығы болмағанда, Ехоба бізге күн сайын ізгілігін танытпаса,
біз қайда қалар едік?
Бұл жайлы ойлаудың өзі қорқынышты.
Иә, кейде сондықтан осы жайлы ой жүгіртіп тұру өте маңызды екен.
Сол кезде біз Ехобаның көмегіне,
оның бізге күн сайын ізгілігін төгіп отырғанына
қаншалықты мұқтаж екенімізді түсінеміз.
Ендеше, қазір былай істеп көрсек:
біз Ехобаға төлем құрбандығына сенетіндіктен,
ол бізді нақты қандай жолдармен өз ізгілігіне бөлейтінін анықтап көрсек,
соның тізімін жасасақ.
Осы орайда Дәуіттің сөздері көмек болады.
Зәбүр 27:1-тармақтан бастасақ.
Бұл тізіміміздегі алғашқы жайт.
Дәуіт былай деген: “Ехоба — менің нұрым әрі құтқарушым, Кімнен қорқамын?!
Ехоба — өмірімді сақтайтын қорғаным, Кімнен үрейленемін?!
Зұлымдар мені жалмау үшін шабуылдады,
Қастастарым мен жауларымның өздері сүрініп құлады”.
Дәуіт осындай жетістікке мықты жауынгер болғандықтан жетті ме?
Жоқ. Өйткені оның өзі “Ехоба — өмірімді сақтайтын қорғаным” деді.
Ехоба Дәуітке айнымас сүйіспеншілік танытты, барлық істерінде оған қолғабыс етті.
Міне, сондықтан да ол жетістікке жетті.
Демек, Дәуіт Ехобаның қолдауы, айнымас сүйіспеншілігі жайлы ой жүгірткенде,
дұрыс қорытындыға келген.
3-тармаққа қарайық:
“Маған қарсы әскер қос тіксе де,
Жүрегім селт етпейді.
Маған қарсы соғыс ашса да,
Сенімділігім жоғалмайды”.
Ал, Дәуіт Ехоба айнымас сүйіспеншілік танытатынына қаншалықты сенімді болды?
10-тармаққа қарайықшы: “Тіпті туған әке-шешем тастап кетсе де,
[негізі бұлай болуы екіталай, бірақ сонда да тастап кетсе де], Ехоба мені қабылдайды”.
Демек, осы сөздерден көріп отырғанымыздай,
Ехоба бізге айнымас сүйіспеншілігін танытады, қолдап-демейді.
Сондықтан біз тіпті сынақтарға кезіксек те оған сенім арта аламыз.
Бұл тізіміміздегі алғашқы жайт.
Енді екіншісін қарастырайық.
Бұл үшін 14-тармаққа қарасақ,
Дәуіт былай деген: “Үмітіңді Ехобаға арт,
Батыл бол, жүрегің де мығым болсын!”
Демек, төлем құрбандығына сенетіндіктен, Ехобаға толықтай үміт арта аламыз.
Ол бізге күн сайын әрбір қиындықта көмектесетініне үміттенеміз
және болашаққа қатысты да уәделерін орындайтынына күмәнданбаймыз.
Осылай біз үмітімізді Ехобаға артқандықтан, батыл боламыз және жүрегіміз де мығым болады.
Бұның шынымен де осындай екенін дәлелдейтін бір оқиға айтып берейін.
Бұл Элиза деген біздің жасөспірім бауырласымызбен болған жағдай.
Оның жасы небәрі жетіде.
Элизаның анасы бір әйелмен зерттейді екен.
Және оның да Элизамен жасты қызы бар екен.
Әлгі зерттеуші әйел ауыр дертке шалдығады.
Сондықтан бірнеше күн бойы ауруханада жатады.
Сол кезде біздің бауырласымыз Элизамен ойнау үшін
зерттейтін әйелдің қызын үйіне алып келеді.
Кейін ол кішкентай қыз үйіне қайтайын деп жатқанда,
бұрылып, былай депті: “Элиза, көп рақмет! Көңіл-күйім көтеріліп қалды”.
Сонда Элизаның анасы қызығушылықпен “Не болған еді?” деп сұрайды.
Сол кезде Элиза былай депті: “Анасы ауруханада жатқандықтан оның көңіл-күйі жоқ.
Оны сағынып жатыр екен. Мен оған көмектескім келді.
Сөйтіп, екеуміз бірге дұға айттық.
Кейін Киелі кітаптағы “Құдай олардың көзіндегі әрбір жасты сүртіп тастайды.
Ауру болмайды” деген тармақты оқып бердім.
Мен оның осы сөздерді естігенін қаладым.
Сосын мен оны құшақтадым”.
Қарап отырсақ, біздің жасөспірім бауырласымыздың кішігірім әрекеті оң нәтижесін берді.
Элиза оған Ехобаға үміт арта алатынын айтқандықтан,
ол жанына батқан сол бір ауыртпалықты еңсере алды.
Міне, дәл осылай біз де күн сайын Ехобаға үміт артамыз.
Сондықтан ол бізге сол күннің қиындықтарымен күресуге батылдық береді.
Бұл екінші жайт болды.
Енді үшіншісіне тоқталайық.
Бұл үшін 4-тармаққа қарасақ болады.
Дәуіт өзі үшін өте бір маңызды жайтты байқаған.
Дәуіт былай деген: “Мен Ехобадан бір нәрсені сұрадым,
Соған ғана қол жеткізуді қалаймын:
Бар ғұмырымды Ехобаның үйінде өткізсем,
Ехобаның көркіне көз тіксем,
Оның ғибадатханасына тамсана көз жіберсем”.
Иә, Дәуіт Ехобаға таза ғибадат ету мәртебесін жоғары бағалаған.
Ал бізде Дәуіттікінен де жақсырақ мүмкіндік бар.
Бізде Ехобаның
ұлы ғибадатханасының ауласында қызмет ету мәртебесі бар.
Өзіміз білетіндей, бұл шара Иса Мәсіхтің төлем құрбандығына негізделген.
Және сонда ғибадат еткенде біз ненің куәсі боламыз?
Дәуіттің сөздері көмек бола алады.
Ол: “Ехобаның көркіне көз тіксем”,— деп айтқан.
Демек, біз де Ехобаға ғибадат еткенде, оның “көркіне көз тігеміз”.
Ехобаның бізге танытатын көркем қасиеттері жайлы біле аламыз.
Ехоба сол қасиеттерін бізге неше түрлі жолдармен танытады.
Және жеке әрқайсысымыз мұның мол батасын көрудеміз.
Бұл бізді қандай сезімге бөлейді?
Иә, біз Ехобаның ғибадатханасына тамсана көз жібереміз,
жүрегіміз шаттыққа толады.
Рас, қазір мына дүниеде неше түрлі сұмдық жағдайлар орын алып жатыр.
Бірақ біздің жүрегімізде ризашылық болса,
бұл бізге Ехобаға әрі қарай да қуанышпен қызмет етуге көмектеседі.
Бұл үшінші жайт еді.
Қазір қарастырғандарымызды еске түсірсек.
Естеріңізде болса,
тізіміміздегі алғашқы жайт, төлем құрбандығына сенгендіктен, біз Ехобаға жақындай түсеміз,
әрі ол бізге айнымас сүйіспеншілігі мен ізгілігін танытады.
Сонымен, шегелеп кетсек, біріншіден, біз төлемге сенім артқандықтан,
Ехобаның айнымас сүйіспеншілігі мен қолдауын сезінеміз.
Нәтижесінде, біз сынақтарға, қарсылықтарға кезіккенде, бойымызда зор сенімділік болады.
Екіншіден, біз төлем құрбандығына сенгендіктен, жарқын болашаққа үміттене аламыз.
Біз үмітімізді Ехобаға артамыз
және ол әрбір күннің қиындығына төзу үшін бізге батылдық береді.
Үшіншіден, төлем құрбандығына сенгендіктен, бізде таза ғибадат ету мәртебесі бар.
Біз Ехобаның көркем қасиеттеріне куә бола аламыз.
Бұл біздің жүрегімізді ризашылыққа толтырып, қуанышымызға қуаныш қосады.
Алайда төлемнің игіліктері тек осы тізіммен ғана шектеледі ме?
Әрине, жоқ. Біз бүгін тек кейбіреулерін ғана қарастырдық.
Сондықтан бұл тақырыпты жеке зерттеуде
не отбасылық ғибадатта көбірек зерттеп көрсек болады.
Біз қарастырған ойларды еске түсіріп,
кейіннен басқа да жаңа ойларды қоссаңыздар болады.
Егер Ехобаның айнымас сүйіспеншілігі мен берген төлемі
біздерге күн сайын қандай игіліктер алып келетіні жайлы ой жүгіртетін болсақ,
бұл бізге мына екі салада көмек болады.
Біріншіден, Ехоба бізге осындай керемет сый бергендіктен,
жүрегімізді ризашылық сезімі кернейді.
Екіншіден, басқаларға да сол төлем сыйы туралы айтуға асық тұратын боламыз.
Өйткені мүмкіндігінше көп адам сол теңдесі жоқ сыйдың
пайдасын көрсе екен дейміз!
-