00:00:01
Матай 5-тарау,00:00:02
00:00:02
9-тармақта Иса00:00:04
00:00:04
неліктен татуластырушы болуымыз00:00:06
00:00:06
керектігін айтқан.00:00:07
00:00:07
Өйткені татуластырушыларды00:00:09
00:00:09
бақытты адамдар деп атаған.00:00:11
00:00:12
Бір қарағанда, бұл оңай боп көрінуі мүмкін.00:00:14
00:00:15
Бірақ татуластырушы болудың өз қиындықтары бар.00:00:18
00:00:18
Мен сондай қиындықтардың біреуіне тоқталғым келіп отыр.00:00:21
00:00:21
Бұл жайында біз Жақыптың 3-тарауынан білеміз.00:00:24
00:00:25
Жақып 3-тарау, 5-тармақты оқысақ болады.00:00:29
00:00:31
“Сол іспетті, тіл де дененің кішкентай ғана мүшесі бола тұра, 00:00:35
00:00:36
тым көп мақтанады. 00:00:37
00:00:38
Қалың орманды өртеу үшін кішкене оттың өзі де жетеді!”00:00:42
00:00:43
8-тармақтағы мына сөздер де рас айтылған:00:00:46
00:00:46
“Бірақ ешбір адам өз тілін бағындыра алмайды. 00:00:49
00:00:49
Тіл бағындыруға келмейді, әрі жамандық пен кісі өлтіретін уға толы”.00:00:53
00:00:54
Демек, біз айтқан қиындық бұл тілді бағындыру екен.00:00:57
00:00:57
Бұл татуластырушылар үшін де оңай емес.00:01:00
00:01:00
Тілді тізгіндеп, не айтып, не қоятынымызды қадағалап отыру00:01:04
00:01:04
қай-қайсысымызға да оңай емес.00:01:06
00:01:06
Негізі, тіл кішкене ғана мүше болса да,00:01:09
00:01:10
адамға тыныс алуға, сөйлеуге, тамақ жеуге көмектеседі.00:01:14
00:01:15
Жақып та өз хатында тілдің осы сөйлеу қызметіне назар аударып кеткен.00:01:21
00:01:22
Өзіміз де күнделікті өмірде тілге байланысты әртүрлі тіркестерді қолданып жатамыз.00:01:27
00:01:27
Мысалы, “тілге тиек ету, тілі ащы, тілін таба білу” деген сияқты тіркестер.00:01:33
00:01:34
Бірақ Жақып тілді отқа теңеген.00:01:36
00:01:36
Абай болмаса, ол өзінің үлкен зардабын тигізеді.00:01:40
00:01:40
Ну орманды өртеу үшін кішкене ғана оттың өзі жеткілікті.00:01:44
00:01:44
Сондықтан татуластырушыға кемелсіз болғандықтан, тілін тізгіндеу үшін көп күш салу қажет,00:01:50
00:01:50
әсіресе біреу ашуына тигенде.00:01:53
00:01:54
Негізі, тіл төрт негізгі дәмді ажырата алады:00:01:57
00:01:57
тәтті, тұзды, қышқыл және ащы.00:02:00
00:02:01
Тәтті дәмді тілдің ұшымен сезеді екенбіз.00:02:04
00:02:04
Ал тілдің екі жағындағы дәм сезгіш рецептерлермен00:02:08
00:02:08
қышқыл және тұздыны сезеді екенбіз.00:02:10
00:02:11
Ал ащыны болса, тілдің арт жағында жұтқыншаққа жақын жермен сеземіз.00:02:16
00:02:16
Сол сияқты біздің айтатын сөздеріміз ащы не дәмді болуы мүмкін.00:02:20
00:02:21
Мысалы, Әйүп 34:3-те былай делінеді: 00:02:24
00:02:25
“Өйткені сөзді құлақ,
Дәмді тіл ажыратар”.00:02:28
00:02:29
Ал Қолостықтарға 4-тарау, 6-тармақта болса, елші Пауыл былай деп айтқан:00:02:35
00:02:36
“Сөздерің әрқашан жағымды да дәмді болсын [немесе тұздалған болсын]. 00:02:41
00:02:41
Сонда әркімге қалай жауап беру керектігін білесіңдер”.00:02:44
00:02:44
Басқаша айтқанда, “татуластырушының сөзі дәмді болады”.00:02:48
00:02:49
Десе де Жақып 3:10-да бір ащы шындық жазылған.00:02:53
00:02:53
Онда былай делінеді: “Осылай мадақ та, қарғыс та бір ауыздан шығады”. 00:02:59
00:03:00
Иә, кейде айтқан сөзіміз балдай тәтті болуы мүмкін не удай ащы болуы мүмкін.00:03:05
00:03:05
Мысалы, қауымда не қызметте жүргенде адамдарға жағымды сөздер айтып,00:03:10
00:03:10
ал үйде не жұмыста көңілге тиетін сөздер айтып қоюымыз мүмкін.00:03:14
00:03:14
Бірақ қызық, біз неге әсіресе осы жағынан жаңылысады екенбіз?00:03:18
00:03:19
Иса тіл — жүрегіміздің айнасы екенін байқаған.00:03:22
00:03:22
Сондықтан да Матай 12-тараудың, 34-тармағында былай айтқан:00:03:28
00:03:28
“Адамның жүрегі неге толы болса, аузы соны айтар”.00:03:32
00:03:33
Бағана айтып кеткеніміздей, біз ащы дәмді00:03:36
00:03:37
тіліміздің ішкі жағымен сеземіз.00:03:39
00:03:39
Тура сол сияқты, адамның жанын жаралайтын ауыр сөздер00:03:44
00:03:45
адамның ішкі жан дүниесінен шығады.00:03:48
00:03:49
Өйткені адам ішінен не ойлайды, не сезінеді соны сыртқа шығарады.00:03:54
00:03:55
Қазір мына бір суретке назар аударайықшы.00:03:57
00:03:58
Біздің айтқан сөздерімізден адамды құрметтейтініміз не құрметтемейтініміз көрінеді.00:04:03
00:04:03
Мысалы, сол жақта әйел бауырлас өзге бауырласқа дөрекі сөйлеп жатыр.00:04:08
00:04:09
Бірақ “айтылған сөз — атылған оқ” демекші,00:04:12
00:04:12
біз сөздерімізді қайтып ала алмаймыз ғой.00:04:15
00:04:15
Бірақ татуластырушы сөздерімен жақын адамын жаралап алса,00:04:19
00:04:19
ол шын жүректен кешірім сұрайды.00:04:22
00:04:23
Мына суретте әйел бауырлас00:04:25
00:04:25
айтатын сөздерімізге қаншалықты мән беру керектігімізді зерттеп,00:04:28
00:04:29
бауырластан кешірім сұрап та жатыр.00:04:31
00:04:32
Қазір Нақыл сөздер 12-тарау, 18-тармақты ашайықшы.00:04:37
00:04:38
Онда сөйлемей тұрып, ойланып алу00:04:41
00:04:41
неліктен маңызды екендігі түсіндіріледі.00:04:44
00:04:45
Ендеше, Нақыл сөздер 12:18 былай делінеді: 00:04:49
00:04:49
“Ойланбай сөйлеген семсердей жаралайды, 00:04:51
00:04:51
Ал дананың тілі сауықтырады”.00:04:54
00:04:55
Иә, тіл қанжар сияқты өткір болуы мүмкін.00:04:58
00:04:59
Біздің әлдебіреуге айтқан ауыр сөздеріміз адамды жаралап, 00:05:02
00:05:02
ұзақ уақытқа жүрегінде жара қалдыруы мүмкін.00:05:06
00:05:06
Оның үстіне, адамның көңілі түскенде де, сол ауыр сөздер есіне түсіп тұрады.00:05:10
00:05:10
Сізде де сондай болған ба?00:05:12
00:05:12
Мысалы, көңіліңіз түскенде әлдебіреудің00:05:15
00:05:15
тіпті жылдар бұрын айтқан мейірімсіз сөздері есіңізге түскен шығар. 00:05:18
00:05:19
Ал керісінше, даналыққа толы тілдің сауықтыратын күші бар.00:05:24
00:05:25
Қазір Киелі кітапта жазылған бір оқиғаны қарастырайықшы.00:05:29
00:05:29
Біз Әйүптің жаман ауруға шалдығып, қиналғанын білеміз.00:05:32
00:05:33
Бірақ айтылған жаман сөздер де оны дәл сондай жан азабына түсірген.00:05:37
00:05:38
Бұл жайлы біз Әйүп 19-тарау, 2-тармақтан біле аламыз.00:05:43
00:05:44
Болған жағдай мына суретте де көрсетілген.00:05:47
00:05:48
Әйүп Билдадтың сөздері қалай жанына батқанын айтып, былай деген:00:05:53
00:05:54
“Қашанғы жанымды қинап, Сөздеріңмен езіп-жаншисыңдар?”00:05:59
00:06:00
Байқасақ, Әйүп жай ғана “сендер мені ренжіттіңдер, ашуландырдыңдар” деген жоқ.00:06:05
00:06:05
“Сөздерің мені жаншып тастады” деді.00:06:08
00:06:08
Демек, Әйүптің доссымақтары сөздерімен оған қайта-қайта қанжар сұққандай болды.00:06:13
00:06:13
Доссымақтарының сөздері Әйүп кітабының 9 тарауын қамтыса да,00:06:17
00:06:17
олар бірде-бір рет Әйүптің атын ауыздарына алмады.00:06:20
00:06:21
Бұл Әйүптің жанына батпағанда, кімнің жанына батады?!00:06:24
00:06:24
Оның орнында болғанда бәріміз де солай сезінер едік.00:06:28
00:06:28
Доссымақтарының айтқан ауыр сөздерінен кейін Әйүптің алдында екі таңдау болды.00:06:34
00:06:35
Ол іштей былай деп ойласа болар еді:00:06:38
00:06:38
“Осыдан қарап тұрыңдар, жағдайым оңалсын, ісім сен үшеуіңмен болады”.00:06:44
00:06:45
Бірақ Әйүп татуластырушы болуды таңдады.00:06:48
00:06:49
Қазір Әйүп 42-тарау, 8-тармақты ашайықшы.00:06:53
00:06:53
Ондағы жағдай мына суретте де сипатталған.00:06:56
00:06:59
8-тармақтың екінші жартысында Ехоба Әйүпке былай деп нұсқау берген:00:07:05
00:07:06
“Әйүп сендер үшін дұға етеді”.00:07:09
00:07:10
Былайша айтқанда, Ехоба Әйүпке “доссымақтарыңды кешіріп, 00:07:15
00:07:15
жүрегіңдегі реніштен арылудың ең жақсы жолы — олар үшін дұға айту” дегендей болды.00:07:22
00:07:23
Негізі, бұл өте терең ой.00:07:26
00:07:26
Өйткені өзіңді ауыр жаралаған адам үшін дұға ету00:07:29
00:07:29
тек қана татуластырушының қолынан келетін өте ұлы іс.00:07:34
00:07:34
Егер 10-тармаққа қарасақ,00:07:37
00:07:37
“Әйүп доссымақтары үшін дұға еткеннен кейін ғана00:07:40
00:07:40
Ехоба оны бақытсыздығынан арылтып, жағдайын қалпына келтірді”.00:07:45
00:07:47
Міне, Әйүп осылай еткеннің арқасында жүрегіндегі реніштен арылып,00:07:51
00:07:52
өмірін жаңа парақтан бастай алды.00:07:55
00:07:55
Осыдан кейін Әйүптің 140 жылдық ғұмыры бақытқа толы болса керек.00:08:00
00:08:01
Бірақ оның бақытты болғанының ең басты себебі — Ехобамен тату болып қалғаны.00:08:06
00:08:08
Иә, татуластырушы адам — бақытты адам!00:08:10
00:08:10
Өйткені ол кек алуды емес, қайта, кешіріп, татулық сақтауды ойлайды.00:08:15
00:08:17
Негізі, татуластырушы болудың тағы бір жолы бар.00:08:19
00:08:19
Қазір қысқаша соны қарастырып кетейікші.00:08:22
00:08:22
Мысалы, досымыздың басқа біреуді ренжітіп жүргенін байқасақ, не істейміз?00:08:26
00:08:27
Көз жұма саламыз ба? Әлде татуластырушы боламыз ба?00:08:31
00:08:32
Осыған қатысты Зәбүр 141-тарау, 5-тармақта Дәуіт не айтқанына назар аударайықшы.00:08:38
00:08:40
Біз тармақтың бірінші жартысына ғана назар аударамыз.00:08:43
00:08:43
Сонымен, Зәбүр 141:5 былай делінеді:00:08:46
00:08:47
“Мені әділ жан жазаласа, айнымас сүйіспеншілік танытқаны”.00:08:52
00:08:53
Негізі, досты жаралау татуластырушыға жат дүние ғой?!00:08:56
00:08:58
Әдетте, адамдар достарын түзетуге тартыншақтап жатады.00:09:01
00:09:01
Өйткені “Досым мұны қалай қабылдайды екен,00:09:04
00:09:04
достығымызды жоғалтып алмаймыз бе екен?” деп уайымдайды.00:09:07
00:09:08
Бірақ бір қызығы, өзгелерді ренжітетін адам өзі сезімтал боп келеді екен.00:09:13
00:09:13
Өзгелерден түзету естігенде, ол мұны қабылдай алмай қалады.00:09:17
00:09:19
Алайда біз шынайы дос болсақ,00:09:21
00:09:21
қажет кезде досымызды түзетуден еш тартынбаймыз.00:09:25
00:09:26
Қанша жерден біз оны жұмсақ түрде түзетсек те, бұл оған ауыр тиюі мүмкін.00:09:31
00:09:31
Бірақ бұл жараға жағылған дәрі сияқты болады.00:09:34
00:09:34
Басында ашыса да, пайдасын тигізеді.00:09:36
00:09:37
Бұдан да маңыздысы, досымыз түзетуді қабыл алса,00:09:41
00:09:41
оның басқалармен қарым-қатынасы жақсарады.00:09:43
00:09:44
Сонда біз де татуластырушы болып әрекет еткенімізге қуанамыз.00:09:48
00:09:50
Әдетте, “ит — адамның досы” деп жатады.00:09:53
00:09:53
Бірақ ол адамдармен сөйлеспейді ғой?!00:09:55
00:09:55
Өзінің қылықтарымен баурап алады.00:09:57
00:09:58
Бірақ біздің ерекшелігіміз — біз достарымызбен күн сайын сөйлесеміз.00:10:03
00:10:04
Сондықтан татуластырушы болғымыз келсе,00:10:06
00:10:07
жағымды да тұздалған сөздеріміз тіліміздің ұшында тұрсын!00:10:12
Пол Гиллис. ‘’Татуластырушылар бақытты” (Мат. 5:9)
-
Пол Гиллис. ‘’Татуластырушылар бақытты” (Мат. 5:9)
Матай 5-тарау,
9-тармақта Иса
неліктен татуластырушы болуымыз
керектігін айтқан.
Өйткені татуластырушыларды
бақытты адамдар деп атаған.
Бір қарағанда, бұл оңай боп көрінуі мүмкін.
Бірақ татуластырушы болудың өз қиындықтары бар.
Мен сондай қиындықтардың біреуіне тоқталғым келіп отыр.
Бұл жайында біз Жақыптың 3-тарауынан білеміз.
Жақып 3-тарау, 5-тармақты оқысақ болады.
“Сол іспетті, тіл де дененің кішкентай ғана мүшесі бола тұра,
тым көп мақтанады.
Қалың орманды өртеу үшін кішкене оттың өзі де жетеді!”
8-тармақтағы мына сөздер де рас айтылған:
“Бірақ ешбір адам өз тілін бағындыра алмайды.
Тіл бағындыруға келмейді, әрі жамандық пен кісі өлтіретін уға толы”.
Демек, біз айтқан қиындық бұл тілді бағындыру екен.
Бұл татуластырушылар үшін де оңай емес.
Тілді тізгіндеп, не айтып, не қоятынымызды қадағалап отыру
қай-қайсысымызға да оңай емес.
Негізі, тіл кішкене ғана мүше болса да,
адамға тыныс алуға, сөйлеуге, тамақ жеуге көмектеседі.
Жақып та өз хатында тілдің осы сөйлеу қызметіне назар аударып кеткен.
Өзіміз де күнделікті өмірде тілге байланысты әртүрлі тіркестерді қолданып жатамыз.
Мысалы, “тілге тиек ету, тілі ащы, тілін таба білу” деген сияқты тіркестер.
Бірақ Жақып тілді отқа теңеген.
Абай болмаса, ол өзінің үлкен зардабын тигізеді.
Ну орманды өртеу үшін кішкене ғана оттың өзі жеткілікті.
Сондықтан татуластырушыға кемелсіз болғандықтан, тілін тізгіндеу үшін көп күш салу қажет,
әсіресе біреу ашуына тигенде.
Негізі, тіл төрт негізгі дәмді ажырата алады:
тәтті, тұзды, қышқыл және ащы.
Тәтті дәмді тілдің ұшымен сезеді екенбіз.
Ал тілдің екі жағындағы дәм сезгіш рецептерлермен
қышқыл және тұздыны сезеді екенбіз.
Ал ащыны болса, тілдің арт жағында жұтқыншаққа жақын жермен сеземіз.
Сол сияқты біздің айтатын сөздеріміз ащы не дәмді болуы мүмкін.
Мысалы, Әйүп 34:3-те былай делінеді:
“Өйткені сөзді құлақ,
Дәмді тіл ажыратар”.
Ал Қолостықтарға 4-тарау, 6-тармақта болса, елші Пауыл былай деп айтқан:
“Сөздерің әрқашан жағымды да дәмді болсын [немесе тұздалған болсын].
Сонда әркімге қалай жауап беру керектігін білесіңдер”.
Басқаша айтқанда, “татуластырушының сөзі дәмді болады”.
Десе де Жақып 3:10-да бір ащы шындық жазылған.
Онда былай делінеді: “Осылай мадақ та, қарғыс та бір ауыздан шығады”.
Иә, кейде айтқан сөзіміз балдай тәтті болуы мүмкін не удай ащы болуы мүмкін.
Мысалы, қауымда не қызметте жүргенде адамдарға жағымды сөздер айтып,
ал үйде не жұмыста көңілге тиетін сөздер айтып қоюымыз мүмкін.
Бірақ қызық, біз неге әсіресе осы жағынан жаңылысады екенбіз?
Иса тіл — жүрегіміздің айнасы екенін байқаған.
Сондықтан да Матай 12-тараудың, 34-тармағында былай айтқан:
“Адамның жүрегі неге толы болса, аузы соны айтар”.
Бағана айтып кеткеніміздей, біз ащы дәмді
тіліміздің ішкі жағымен сеземіз.
Тура сол сияқты, адамның жанын жаралайтын ауыр сөздер
адамның ішкі жан дүниесінен шығады.
Өйткені адам ішінен не ойлайды, не сезінеді соны сыртқа шығарады.
Қазір мына бір суретке назар аударайықшы.
Біздің айтқан сөздерімізден адамды құрметтейтініміз не құрметтемейтініміз көрінеді.
Мысалы, сол жақта әйел бауырлас өзге бауырласқа дөрекі сөйлеп жатыр.
Бірақ “айтылған сөз — атылған оқ” демекші,
біз сөздерімізді қайтып ала алмаймыз ғой.
Бірақ татуластырушы сөздерімен жақын адамын жаралап алса,
ол шын жүректен кешірім сұрайды.
Мына суретте әйел бауырлас
айтатын сөздерімізге қаншалықты мән беру керектігімізді зерттеп,
бауырластан кешірім сұрап та жатыр.
Қазір Нақыл сөздер 12-тарау, 18-тармақты ашайықшы.
Онда сөйлемей тұрып, ойланып алу
неліктен маңызды екендігі түсіндіріледі.
Ендеше, Нақыл сөздер 12:18 былай делінеді:
“Ойланбай сөйлеген семсердей жаралайды,
Ал дананың тілі сауықтырады”.
Иә, тіл қанжар сияқты өткір болуы мүмкін.
Біздің әлдебіреуге айтқан ауыр сөздеріміз адамды жаралап,
ұзақ уақытқа жүрегінде жара қалдыруы мүмкін.
Оның үстіне, адамның көңілі түскенде де, сол ауыр сөздер есіне түсіп тұрады.
Сізде де сондай болған ба?
Мысалы, көңіліңіз түскенде әлдебіреудің
тіпті жылдар бұрын айтқан мейірімсіз сөздері есіңізге түскен шығар.
Ал керісінше, даналыққа толы тілдің сауықтыратын күші бар.
Қазір Киелі кітапта жазылған бір оқиғаны қарастырайықшы.
Біз Әйүптің жаман ауруға шалдығып, қиналғанын білеміз.
Бірақ айтылған жаман сөздер де оны дәл сондай жан азабына түсірген.
Бұл жайлы біз Әйүп 19-тарау, 2-тармақтан біле аламыз.
Болған жағдай мына суретте де көрсетілген.
Әйүп Билдадтың сөздері қалай жанына батқанын айтып, былай деген:
“Қашанғы жанымды қинап, Сөздеріңмен езіп-жаншисыңдар?”
Байқасақ, Әйүп жай ғана “сендер мені ренжіттіңдер, ашуландырдыңдар” деген жоқ.
“Сөздерің мені жаншып тастады” деді.
Демек, Әйүптің доссымақтары сөздерімен оған қайта-қайта қанжар сұққандай болды.
Доссымақтарының сөздері Әйүп кітабының 9 тарауын қамтыса да,
олар бірде-бір рет Әйүптің атын ауыздарына алмады.
Бұл Әйүптің жанына батпағанда, кімнің жанына батады?!
Оның орнында болғанда бәріміз де солай сезінер едік.
Доссымақтарының айтқан ауыр сөздерінен кейін Әйүптің алдында екі таңдау болды.
Ол іштей былай деп ойласа болар еді:
“Осыдан қарап тұрыңдар, жағдайым оңалсын, ісім сен үшеуіңмен болады”.
Бірақ Әйүп татуластырушы болуды таңдады.
Қазір Әйүп 42-тарау, 8-тармақты ашайықшы.
Ондағы жағдай мына суретте де сипатталған.
8-тармақтың екінші жартысында Ехоба Әйүпке былай деп нұсқау берген:
“Әйүп сендер үшін дұға етеді”.
Былайша айтқанда, Ехоба Әйүпке “доссымақтарыңды кешіріп,
жүрегіңдегі реніштен арылудың ең жақсы жолы — олар үшін дұға айту” дегендей болды.
Негізі, бұл өте терең ой.
Өйткені өзіңді ауыр жаралаған адам үшін дұға ету
тек қана татуластырушының қолынан келетін өте ұлы іс.
Егер 10-тармаққа қарасақ,
“Әйүп доссымақтары үшін дұға еткеннен кейін ғана
Ехоба оны бақытсыздығынан арылтып, жағдайын қалпына келтірді”.
Міне, Әйүп осылай еткеннің арқасында жүрегіндегі реніштен арылып,
өмірін жаңа парақтан бастай алды.
Осыдан кейін Әйүптің 140 жылдық ғұмыры бақытқа толы болса керек.
Бірақ оның бақытты болғанының ең басты себебі — Ехобамен тату болып қалғаны.
Иә, татуластырушы адам — бақытты адам!
Өйткені ол кек алуды емес, қайта, кешіріп, татулық сақтауды ойлайды.
Негізі, татуластырушы болудың тағы бір жолы бар.
Қазір қысқаша соны қарастырып кетейікші.
Мысалы, досымыздың басқа біреуді ренжітіп жүргенін байқасақ, не істейміз?
Көз жұма саламыз ба? Әлде татуластырушы боламыз ба?
Осыған қатысты Зәбүр 141-тарау, 5-тармақта Дәуіт не айтқанына назар аударайықшы.
Біз тармақтың бірінші жартысына ғана назар аударамыз.
Сонымен, Зәбүр 141:5 былай делінеді:
“Мені әділ жан жазаласа, айнымас сүйіспеншілік танытқаны”.
Негізі, досты жаралау татуластырушыға жат дүние ғой?!
Әдетте, адамдар достарын түзетуге тартыншақтап жатады.
Өйткені “Досым мұны қалай қабылдайды екен,
достығымызды жоғалтып алмаймыз бе екен?” деп уайымдайды.
Бірақ бір қызығы, өзгелерді ренжітетін адам өзі сезімтал боп келеді екен.
Өзгелерден түзету естігенде, ол мұны қабылдай алмай қалады.
Алайда біз шынайы дос болсақ,
қажет кезде досымызды түзетуден еш тартынбаймыз.
Қанша жерден біз оны жұмсақ түрде түзетсек те, бұл оған ауыр тиюі мүмкін.
Бірақ бұл жараға жағылған дәрі сияқты болады.
Басында ашыса да, пайдасын тигізеді.
Бұдан да маңыздысы, досымыз түзетуді қабыл алса,
оның басқалармен қарым-қатынасы жақсарады.
Сонда біз де татуластырушы болып әрекет еткенімізге қуанамыз.
Әдетте, “ит — адамның досы” деп жатады.
Бірақ ол адамдармен сөйлеспейді ғой?!
Өзінің қылықтарымен баурап алады.
Бірақ біздің ерекшелігіміз — біз достарымызбен күн сайын сөйлесеміз.
Сондықтан татуластырушы болғымыз келсе,
жағымды да тұздалған сөздеріміз тіліміздің ұшында тұрсын!
-