00:00:00
“Жонатан сияқты00:00:01
00:00:01
айнымас дос болыңыз”.00:00:03
00:00:03
Бүгін біз осы тақырыпты қарастырамыз.00:00:05
00:00:06
Самуилдің 1-жазбасы 18:1-дегі сөздер00:00:09
00:00:09
баяндамамызға негіз болады.00:00:10
00:00:11
Қазір сол жерді бірге ашайық.00:00:13
00:00:13
Сол кезде қандай жағдай болып еді?00:00:15
00:00:15
Алып філістірлік Ғолиятты жеңгеннен кейін,00:00:18
00:00:18
Дәуіт пен Жонатан бірден айнымас дос болып кетті.00:00:22
00:00:22
Мысалы, Самуилдің 1-жазбасы 18-тарау, 1-тармақта былай делінеді:00:00:28
00:00:28
“Дәуіт пен Саул әңгімелесіп болған соң, 00:00:31
00:00:31
Жонатан мен Дәуіт айнымас дос болып, 00:00:34
00:00:34
Жонатан оны жанындай жақсы көріп кетті”.00:00:38
00:00:39
Бір сұрақ:00:00:40
00:00:41
ал неліктен олар осындай жақын дос болып кетті?00:00:44
00:00:45
Өйткені екеуі де рухани адамдар болды.00:00:48
00:00:49
Дос болмай тұрып, екеуі де 00:00:51
00:00:51
Құдайлары Ехобамен жақын қарым-қатынас орнатты.00:00:55
00:00:56
Келісетін шығарсыздар, бауырластар,00:00:58
00:00:58
егер біздің Ехобамен достығымыз берік болса,00:01:02
00:01:03
онда адамдармен де достығымыз мықты болады әрі ұзаққа созылады.00:01:08
00:01:09
Мысалы, Жонатан Дәуіттің Ехобамен қарым-қатынасы мықты болғанын көрді.00:01:14
00:01:14
Өйткені Ехоба Дәуітке Ғолиятты жеңуге күш берген еді.00:01:17
00:01:18
Сол уақытта патшаның мұрагері00:01:20
00:01:20
әрі айбынды жауынгер болған Жонатанның жасы 50-ге таяп қалған еді.00:01:25
00:01:25
Ал Дәуіттің жасы болса 20-ға да жетпеген еді.00:01:28
00:01:28
Елестетіп көріңізші, енді Жонатан сол жас баланың00:01:31
00:01:31
алыпты қалай Ехобаның көмегімен жеңгенін айтқанын тыңдап отыр.00:01:36
00:01:37
Жонатан мен басқа да көптеген адамдар00:01:39
00:01:39
неліктен Дәуітті сонша қатты жақсы көргені айтпаса да түсінікті.00:01:44
00:01:44
Негізі, Дәуіт өзіне атақ іздеген,00:01:47
00:01:48
тым сенімді болған жасөспірім емес еді.00:01:51
00:01:52
Қайта, жас болса да, рухани адам ретінде танылған еді.00:01:57
00:01:57
Сондай-ақ Құдайы Ехобаға деген сенімі берік екенін дәлелдеген еді.00:02:03
00:02:03
Жонатан Дәуіттің алыппен болған оқиғасын естігенде,00:02:07
00:02:07
өзінің өмірінде болған бір оқиға есіне түсіп кеткен шығар.00:02:11
00:02:11
Есімізде болса, ол бір ғана сарбазымен бірге00:02:15
00:02:15
філістірлердің бекінісіне шабуылдаған еді.00:02:18
00:02:19
Сол кезде ол не деп айтты?00:02:21
00:02:22
Самуилдің 1-жазбасы 14-тарау, 6-тармақта ол былай деген:00:02:27
00:02:27
“Ехоба құтқарам десе, адамның аз-көптігіне қарамайды!”00:02:31
00:02:32
Бұдан Жонатан жайлы не білеміз?00:02:34
00:02:35
Дәуіт сияқты Жонатан да Ехобаға сенімді болған.00:02:38
00:02:38
Олар екі адам болса да, бүкіл қаруланған әскерді00:02:42
00:02:42
Ехобаның көмегімен жеңе алатындарын білген.00:02:45
00:02:46
Қандай түйін жасаймыз?00:02:48
00:02:48
Жонатан мен Дәуіт айнымас достар болған.00:02:52
00:02:52
Өйткені екеуі де Құдайлары Ехобаны жан-тәндерімен жақсы көрген.00:02:58
00:02:59
Осы оқиғадан достыққа қатысты бір жайтты білеміз.00:03:03
00:03:04
Егер жақсы, адал достарды тапқымыз келсе,00:03:07
00:03:07
әрі өзіміз де сондай шынайы дос болғымыз келсе,00:03:10
00:03:11
онда біз Ехобаны қатты жақсы көруіміз керек.00:03:14
00:03:14
Достығымыздың негізі сол болу керек.00:03:17
00:03:18
Қазір Самуилдің 1-жазбасы 18-тарау, 3-тармаққа қарайықшы.00:03:22
00:03:24
Ол жерде “Жонатанның Дәуітті жанындай жақсы көріп кеткені” айтылған.00:03:29
00:03:31
Кейбір адамдар Жонатан мен Дәуіттің арасында00:03:34
00:03:34
романтикалық қарым-қатынас болған деп айтады.00:03:37
00:03:38
Бірақ Киелі кітап мұны толықтай жоққа шығарады.00:03:42
00:03:43
Бұған екі дәлел бар. Алғашқысы,00:03:46
00:03:46
Киелі кітап заманында және Таяу Шығыста00:03:50
00:03:50
жақын дос немесе туыс болған екі ер адамның00:03:54
00:03:54
құшақтасып, сүйіп амандасуы қалыпты жайт болған.00:03:57
00:03:59
Бірақ Дәуіт пен Жонатан осындай азғын қарым-қатынаста болды дегенді жоққа шығаратын00:04:04
00:04:04
салмақты екінші себеп бар.00:04:06
00:04:06
Қандай десеңіздер, екеуі де Ехобаны00:04:10
00:04:10
және оның дұрыс пен бұрысқа қатысты заңдарын жақсы көрген.00:04:13
00:04:14
Ал Құдайдың заңында болса, азғындықтың кез келген түрі айыпталады.00:04:19
00:04:20
Самуилдің 1-жазбасы 20-тарау, 42-тармақта айтылатындай,00:04:25
00:04:25
“екеуі Ехобаның атымен серттескен”.00:04:28
00:04:28
Біздің әдебиеттерімізде айтылатындай,00:04:30
00:04:30
“егер екеуінің арасында азғын қарым-қатынас болған болса,00:04:33
00:04:33
онда бұл олар Ехобамен дос болмады деген сөз.00:04:36
00:04:36
Өйткені екеуінің достығына осы нәрсе арқау болған еді”.00:04:40
00:04:40
Біз мұнымен толықтай келісеміз.00:04:42
00:04:43
Ендеше, Жонатанның Дәуітке және басқаларға танытқан сүйіспеншілігі00:04:48
00:04:49
неліктен еліктеп, үлгі етуге тұрарлық дей аламыз?00:04:52
00:04:53
Қысқаша айтатын болсақ, Жонатан00:04:56
00:04:56
Ехоба танытатын риясыз сүйіспеншілікті танытты.00:05:00
00:05:01
Қазір Қорынттықтарға арналған 1-хат 13-тарауды ашайықшы.00:05:05
00:05:05
Біз 4—8 дейінгі тармақтарды оқимыз.00:05:08
00:05:09
Бұл тармақтарда риясыз сүйіспеншіліктің 16 қыры жазылған.00:05:14
00:05:14
Қорынттықтарға арналған 1-хат 13:4—8 дейінгі тармақтарды оқу барысында00:05:19
00:05:19
Жонатан сүйіспеншіліктің осы қырларын қалай танытқанын ойланып отырайық.00:05:23
00:05:25
“Сүйіспеншілік шыдамды да мейірімді; сүйіспеншілік қызғанбайды, 00:05:29
00:05:29
мақтанбайды, менменсінбейді;00:05:32
00:05:32
ол әдепсіз емес, өзімшіл де, ашушаң да емес, кек те сақтамайды;00:05:38
00:05:38
сүйіспеншілік әділетсіздікке емес, шындыққа қуанады;00:05:43
00:05:43
ол бәріне төзеді, бәріне сенеді, еш үмітін үзбейді, бәріне төтеп береді.00:05:52
00:05:52
Сүйіспеншілік еш сарқылмайды”.00:05:56
00:05:57
Жонатанның өмірінен сүйіспеншіліктің осы қырларын танытқаны қалай көрінеді?00:06:01
00:06:01
4-тармақтың алғашқы бөлігіне қарайықшы,00:06:04
00:06:04
“сүйіспеншілік шыдамды” делінген. 00:06:06
00:06:07
Түпнұсқа тілде “шыдамды” деген сөз төзімді, ашуға баяу дегенді де білдіреді.00:06:11
00:06:12
Достар сүйіспеншіліктің осы қырын қалай таныта алады?00:06:15
00:06:16
Шынайы дос қиын жағдай туындағанда амалсыздан00:06:19
00:06:19
“бұған шыдауым керек” демейді, қайта жағдайдың жақсаратынына үміттеніп, төзімділік танытады.00:06:24
00:06:25
Жонатан осылай еткен.00:06:26
00:06:27
Мысалы, Ехоба әкесі Саулдан бас тартты.00:06:31
00:06:31
Бірақ бірден оны патша тағынан түсіріп тастамады.00:06:35
00:06:36
Өкініштісі, Саул Ехобадан алшақтай берді.00:06:39
00:06:39
Осының бәрі Жонатанға ауыр тисе де, ол әкесінен бірден бас тартпады.00:06:44
00:06:44
Қайта, ол әкесіне сүйіспеншілік танытып, шыдамды бола берді.00:06:48
00:06:49
Өйткені Киелі кітаптан білетініміздей,00:06:51
00:06:51
Жонатан әкесі Саулмен бірге Құдай жауларына қарсы шайқасып, оны қолдап жүрді.00:06:56
00:06:57
Дәуіттің өзі Саул мен Жонатанды жоқтағанда,00:07:01
00:07:01
“өлім де оларды ажырата алмады” деп айтқан.00:07:04
00:07:05
Алайда Саул патша Дәуітті жоямын деп бүкіл әскерін жинап,00:07:10
00:07:11
оның соңынан түскен кезде,00:07:13
00:07:13
Жонатан да әкесінің осы жоспарын қолдап, оған қосылды ма?00:07:18
00:07:19
Жазбаларда Жонатан әкесі Саулға қосылды деп еш жерде айтылмайды.00:07:24
00:07:25
Неге десек,00:07:26
00:07:27
өйткені Жонатан ешқашан Ехобаның заңдарын аттамаған.00:07:31
00:07:32
Қорынттықтарға арналған 1-хат 13-тарау, 6-тармақта айтылғандай,00:07:37
00:07:37
ол “әділетсіздікке қуанатын“ адам болмаған.00:07:39
00:07:40
Өйткені Жонатан Ехобаға және Дәуітпен дос боламыз деген антына адал болған.00:07:47
00:07:48
Қорынттықтарға 1-хат 13:4-те “сүйіспеншіліктің мейірімді” екені айтылған.00:07:52
00:07:53
Жонатан сондай адам болды ғой?!00:07:55
00:07:55
Дәуіт қашып, қиналып жүрген кезде Жонатан қасынан табылды.00:08:00
00:08:00
Самуилдің 1-жазбасы 23:16-да “Жонатанның Дәуітке келіп,00:08:05
00:08:05
Ехобадан күш алуға көмектескені” айтылған.00:08:07
00:08:08
Жонатанның Дәуітпен дос болғаны да,00:08:10
00:08:10
оны нығайта алғаны да, Ехобамен достығының арқасында мүмкін болды.00:08:13
00:08:14
Осылай ол Дәуітке әкесінің қолына түсіп қалмауға көмектесті.00:08:17
00:08:18
Сондай-ақ Киелі кітапта “сүйіспеншіліктің қызғанбайтыны” да айтылған.00:08:22
00:08:23
Былай ойлап қарасақ, Жонатанның Дәуітке қызғанышпен қарауына келелі себептері бар еді.00:08:29
00:08:30
Әкесінің тағын мұра ететін00:08:32
00:08:32
өзі емес, Дәуіт екенін білсе де, ол бұған қызғанбады.00:08:37
00:08:38
Өйткені Құдайға ұнамды сүйіспеншілік өзімшіл емес.00:08:43
00:08:44
Иә, Жонатан бірінші кезекте Ехобаға,00:08:49
00:08:49
Дәуітке, тіпті әкесі Саулға деген сүйіспеншілігінен айнымаған.00:08:54
00:08:55
Рас, Жонатан шынайы дос бола білудің нағыз үлгісін қалдырған.00:09:00
00:09:01
Ендеше, алдағы уақытта Жонатанның үлгісі жайлы көбірек ой жүгірте берейік.00:09:07
00:09:07
Сонда Жонатаннан жақсы дос болудың басқа да қырларын үйренетін боламыз.00:09:12
00:09:12
Сонда Жонатан сияқты достарымызға,00:09:15
00:09:15
отбасымыздағы адамдарға шыдамды боламыз, тек таңдаулы адамдарға ғана емес.00:09:20
00:09:20
Сондай-ақ Жонатан сияқты Ехобаның көмегімен тек өзіміздің ғана қара басымызды ойламай,00:09:26
00:09:26
басқалардың мүддесін бірінші орынға қоятын боламыз.00:09:30
00:09:30
Оның үстіне, Жонатан сияқты00:09:33
00:09:33
Ехобаның қалауын, Ехобаның еркін бірінші орынға қоямыз,00:09:37
00:09:38
өзіміздің қалауымызды емес.00:09:40
00:09:42
Расымен де, барлығымыз да жақсы достарымыздың болғанын қалаймыз.00:09:47
00:09:48
Егер Ехобамен қарым-қатынасымызды нығайта берсек,00:09:52
00:09:53
онда басқалармен де, бауырластармен де достығымыз мықты болады.00:09:57
00:09:57
Жердегі рухани отбасымызбен қатар,00:10:00
00:10:01
көктегі Исамен де достығымыз мықты болады.00:10:04
00:10:05
Алдағы уақытта дүниедегі жағдай қиындай түсетіндіктен,00:10:09
00:10:09
бәріміз де Жонатан сияқты шынайы дос бола білейік!00:10:13
Джоэл Делингер. Жонатан сияқты нағыз дос болыңыз (Сам. 1-ж. 18:1)
-
Джоэл Делингер. Жонатан сияқты нағыз дос болыңыз (Сам. 1-ж. 18:1)
“Жонатан сияқты
айнымас дос болыңыз”.
Бүгін біз осы тақырыпты қарастырамыз.
Самуилдің 1-жазбасы 18:1-дегі сөздер
баяндамамызға негіз болады.
Қазір сол жерді бірге ашайық.
Сол кезде қандай жағдай болып еді?
Алып філістірлік Ғолиятты жеңгеннен кейін,
Дәуіт пен Жонатан бірден айнымас дос болып кетті.
Мысалы, Самуилдің 1-жазбасы 18-тарау, 1-тармақта былай делінеді:
“Дәуіт пен Саул әңгімелесіп болған соң,
Жонатан мен Дәуіт айнымас дос болып,
Жонатан оны жанындай жақсы көріп кетті”.
Бір сұрақ:
ал неліктен олар осындай жақын дос болып кетті?
Өйткені екеуі де рухани адамдар болды.
Дос болмай тұрып, екеуі де
Құдайлары Ехобамен жақын қарым-қатынас орнатты.
Келісетін шығарсыздар, бауырластар,
егер біздің Ехобамен достығымыз берік болса,
онда адамдармен де достығымыз мықты болады әрі ұзаққа созылады.
Мысалы, Жонатан Дәуіттің Ехобамен қарым-қатынасы мықты болғанын көрді.
Өйткені Ехоба Дәуітке Ғолиятты жеңуге күш берген еді.
Сол уақытта патшаның мұрагері
әрі айбынды жауынгер болған Жонатанның жасы 50-ге таяп қалған еді.
Ал Дәуіттің жасы болса 20-ға да жетпеген еді.
Елестетіп көріңізші, енді Жонатан сол жас баланың
алыпты қалай Ехобаның көмегімен жеңгенін айтқанын тыңдап отыр.
Жонатан мен басқа да көптеген адамдар
неліктен Дәуітті сонша қатты жақсы көргені айтпаса да түсінікті.
Негізі, Дәуіт өзіне атақ іздеген,
тым сенімді болған жасөспірім емес еді.
Қайта, жас болса да, рухани адам ретінде танылған еді.
Сондай-ақ Құдайы Ехобаға деген сенімі берік екенін дәлелдеген еді.
Жонатан Дәуіттің алыппен болған оқиғасын естігенде,
өзінің өмірінде болған бір оқиға есіне түсіп кеткен шығар.
Есімізде болса, ол бір ғана сарбазымен бірге
філістірлердің бекінісіне шабуылдаған еді.
Сол кезде ол не деп айтты?
Самуилдің 1-жазбасы 14-тарау, 6-тармақта ол былай деген:
“Ехоба құтқарам десе, адамның аз-көптігіне қарамайды!”
Бұдан Жонатан жайлы не білеміз?
Дәуіт сияқты Жонатан да Ехобаға сенімді болған.
Олар екі адам болса да, бүкіл қаруланған әскерді
Ехобаның көмегімен жеңе алатындарын білген.
Қандай түйін жасаймыз?
Жонатан мен Дәуіт айнымас достар болған.
Өйткені екеуі де Құдайлары Ехобаны жан-тәндерімен жақсы көрген.
Осы оқиғадан достыққа қатысты бір жайтты білеміз.
Егер жақсы, адал достарды тапқымыз келсе,
әрі өзіміз де сондай шынайы дос болғымыз келсе,
онда біз Ехобаны қатты жақсы көруіміз керек.
Достығымыздың негізі сол болу керек.
Қазір Самуилдің 1-жазбасы 18-тарау, 3-тармаққа қарайықшы.
Ол жерде “Жонатанның Дәуітті жанындай жақсы көріп кеткені” айтылған.
Кейбір адамдар Жонатан мен Дәуіттің арасында
романтикалық қарым-қатынас болған деп айтады.
Бірақ Киелі кітап мұны толықтай жоққа шығарады.
Бұған екі дәлел бар. Алғашқысы,
Киелі кітап заманында және Таяу Шығыста
жақын дос немесе туыс болған екі ер адамның
құшақтасып, сүйіп амандасуы қалыпты жайт болған.
Бірақ Дәуіт пен Жонатан осындай азғын қарым-қатынаста болды дегенді жоққа шығаратын
салмақты екінші себеп бар.
Қандай десеңіздер, екеуі де Ехобаны
және оның дұрыс пен бұрысқа қатысты заңдарын жақсы көрген.
Ал Құдайдың заңында болса, азғындықтың кез келген түрі айыпталады.
Самуилдің 1-жазбасы 20-тарау, 42-тармақта айтылатындай,
“екеуі Ехобаның атымен серттескен”.
Біздің әдебиеттерімізде айтылатындай,
“егер екеуінің арасында азғын қарым-қатынас болған болса,
онда бұл олар Ехобамен дос болмады деген сөз.
Өйткені екеуінің достығына осы нәрсе арқау болған еді”.
Біз мұнымен толықтай келісеміз.
Ендеше, Жонатанның Дәуітке және басқаларға танытқан сүйіспеншілігі
неліктен еліктеп, үлгі етуге тұрарлық дей аламыз?
Қысқаша айтатын болсақ, Жонатан
Ехоба танытатын риясыз сүйіспеншілікті танытты.
Қазір Қорынттықтарға арналған 1-хат 13-тарауды ашайықшы.
Біз 4—8 дейінгі тармақтарды оқимыз.
Бұл тармақтарда риясыз сүйіспеншіліктің 16 қыры жазылған.
Қорынттықтарға арналған 1-хат 13:4—8 дейінгі тармақтарды оқу барысында
Жонатан сүйіспеншіліктің осы қырларын қалай танытқанын ойланып отырайық.
“Сүйіспеншілік шыдамды да мейірімді; сүйіспеншілік қызғанбайды,
мақтанбайды, менменсінбейді;
ол әдепсіз емес, өзімшіл де, ашушаң да емес, кек те сақтамайды;
сүйіспеншілік әділетсіздікке емес, шындыққа қуанады;
ол бәріне төзеді, бәріне сенеді, еш үмітін үзбейді, бәріне төтеп береді.
Сүйіспеншілік еш сарқылмайды”.
Жонатанның өмірінен сүйіспеншіліктің осы қырларын танытқаны қалай көрінеді?
4-тармақтың алғашқы бөлігіне қарайықшы,
“сүйіспеншілік шыдамды” делінген.
Түпнұсқа тілде “шыдамды” деген сөз төзімді, ашуға баяу дегенді де білдіреді.
Достар сүйіспеншіліктің осы қырын қалай таныта алады?
Шынайы дос қиын жағдай туындағанда амалсыздан
“бұған шыдауым керек” демейді, қайта жағдайдың жақсаратынына үміттеніп, төзімділік танытады.
Жонатан осылай еткен.
Мысалы, Ехоба әкесі Саулдан бас тартты.
Бірақ бірден оны патша тағынан түсіріп тастамады.
Өкініштісі, Саул Ехобадан алшақтай берді.
Осының бәрі Жонатанға ауыр тисе де, ол әкесінен бірден бас тартпады.
Қайта, ол әкесіне сүйіспеншілік танытып, шыдамды бола берді.
Өйткені Киелі кітаптан білетініміздей,
Жонатан әкесі Саулмен бірге Құдай жауларына қарсы шайқасып, оны қолдап жүрді.
Дәуіттің өзі Саул мен Жонатанды жоқтағанда,
“өлім де оларды ажырата алмады” деп айтқан.
Алайда Саул патша Дәуітті жоямын деп бүкіл әскерін жинап,
оның соңынан түскен кезде,
Жонатан да әкесінің осы жоспарын қолдап, оған қосылды ма?
Жазбаларда Жонатан әкесі Саулға қосылды деп еш жерде айтылмайды.
Неге десек,
өйткені Жонатан ешқашан Ехобаның заңдарын аттамаған.
Қорынттықтарға арналған 1-хат 13-тарау, 6-тармақта айтылғандай,
ол “әділетсіздікке қуанатын“ адам болмаған.
Өйткені Жонатан Ехобаға және Дәуітпен дос боламыз деген антына адал болған.
Қорынттықтарға 1-хат 13:4-те “сүйіспеншіліктің мейірімді” екені айтылған.
Жонатан сондай адам болды ғой?!
Дәуіт қашып, қиналып жүрген кезде Жонатан қасынан табылды.
Самуилдің 1-жазбасы 23:16-да “Жонатанның Дәуітке келіп,
Ехобадан күш алуға көмектескені” айтылған.
Жонатанның Дәуітпен дос болғаны да,
оны нығайта алғаны да, Ехобамен достығының арқасында мүмкін болды.
Осылай ол Дәуітке әкесінің қолына түсіп қалмауға көмектесті.
Сондай-ақ Киелі кітапта “сүйіспеншіліктің қызғанбайтыны” да айтылған.
Былай ойлап қарасақ, Жонатанның Дәуітке қызғанышпен қарауына келелі себептері бар еді.
Әкесінің тағын мұра ететін
өзі емес, Дәуіт екенін білсе де, ол бұған қызғанбады.
Өйткені Құдайға ұнамды сүйіспеншілік өзімшіл емес.
Иә, Жонатан бірінші кезекте Ехобаға,
Дәуітке, тіпті әкесі Саулға деген сүйіспеншілігінен айнымаған.
Рас, Жонатан шынайы дос бола білудің нағыз үлгісін қалдырған.
Ендеше, алдағы уақытта Жонатанның үлгісі жайлы көбірек ой жүгірте берейік.
Сонда Жонатаннан жақсы дос болудың басқа да қырларын үйренетін боламыз.
Сонда Жонатан сияқты достарымызға,
отбасымыздағы адамдарға шыдамды боламыз, тек таңдаулы адамдарға ғана емес.
Сондай-ақ Жонатан сияқты Ехобаның көмегімен тек өзіміздің ғана қара басымызды ойламай,
басқалардың мүддесін бірінші орынға қоятын боламыз.
Оның үстіне, Жонатан сияқты
Ехобаның қалауын, Ехобаның еркін бірінші орынға қоямыз,
өзіміздің қалауымызды емес.
Расымен де, барлығымыз да жақсы достарымыздың болғанын қалаймыз.
Егер Ехобамен қарым-қатынасымызды нығайта берсек,
онда басқалармен де, бауырластармен де достығымыз мықты болады.
Жердегі рухани отбасымызбен қатар,
көктегі Исамен де достығымыз мықты болады.
Алдағы уақытта дүниедегі жағдай қиындай түсетіндіктен,
бәріміз де Жонатан сияқты шынайы дос бола білейік!
-