JW subtitle extractor

2026 жылғы Еске алу кеші қарсаңындағы таңғы ғибадат: Марк Сандерсон. Бірлігі жарасқан “кішкене отар” мен “басқа қойлар” (Лұқа 12:32)

Video Other languages Share text Share link Show times

Осы жылдың ең ерекше күнінде
барлықтарыңызбен бас қосу
неткен бақыт!
Біз бүгін Құтқарушымыз
әрі Иеміз Иса Мәсіхтің
өлген күнін еске аламыз.
Ехоба мен Иса
адамдарды жақсы көргендіктен баға жетпес екі сыйлық жасады.
Және сіз сол сыйлықтарды бағалайтын адамдардың қатарында болып отырсыз.
Міне, сондықтан да сізде,
дүниенің қай шетінен қосылсаңыз да
және жағдайыңыз қандай болмасын, қуанып-шаттануға себеп бар.
Қазір бүгінгі күннің тармағына назар аударайықшы.
Оны бізге Кристофер Мейвор бауырлас оқып береді.
Еске алу кеші. 2 сәуір, бейсенбі.
“Қорықпа, кішкене отар,
себебі Әкелерің сендерге Патшалықты беруді ұйғарды”
(Лұқа 12:32).
Бүгінгі күннің тармағы бірнеше сөздерден ғана тұрады.
Бірақ оның астарында терең мән-мағына жатыр.
Иса бұл сөздерін кішкене отарға арнады.
Сондықтан осы баяндамада
кішкене отарға қатысы бар 5 сұрақты қарастыратын боламыз.
Алғашқысы, кішкене отар деген кімдер?
Негізі, бұл сұраққа Исаның өзі жауап берген.
Бұл жайлы Лұқа 12-тарау, 32-тармақтан білеміз.
Былай деп оқимыз: “Қорықпа, кішкене отар,
себебі Әкелерің сендерге Патшалықты беруді ұйғарды”.
Демек, осы сөздерден айқын көрінетіндей,
Иса кішкене отар деп өзімен бірге көкте
Құдай Патшалығында билік ететіндерге қатысты айтқан.
Ал неліктен Иса оларды кішкене отар деп атады?
Аян 5-тарауда
Иса Мәсіхпен бірге билік ететіндер жайлы сөз етіледі.
Қазір Аян 5:9, 10-ды оқып кетейікші.
“Олар былай деп жаңа ән айтты: “Сен шиыршықты алып, мөрлерін ашуға лайықсың.
Өйткені сен құрбандыққа шалындың, осылай әрбір рудан,
тілден, халықтан және ұлттан шыққан адамдарды
өз қаныңмен сатып алып, Құдайдың меншігі
және Құдайымызға қызмет ету үшін патша әрі діни қызметкерлер еттің.
Олар жер бетіне билік жүргізеді”.
9-тармақтан анық көрінетініндей,
Иса өзінің құрбандық қанымен “әрбір рудан,
тілден, халықтан және ұлттан шыққан адамдарды” Ехоба үшін сатып алған.
Ал 10-тармақта олардың діни қызметкерлер болатыны
және жер бетіне билік жүргізетіні айтылған.
Бірақ бұл жайттар
“Неліктен Иса оларды кішкене отар деп атаған?”
деген сұрағымызға жауап бермейді ғой?!
Негізі, Аян 14-тарауда да
Исамен бірге билік ету үшін жерден сатып алынған дәл сол топ жайлы айтылады.
Бірақ Аян 14-тарауда одан да маңызды бір жайт ашылады.
Қазір Аян 14-тарау, 1-ші және 3-тармақтарды оқып кетейік.
“Сосын қарадым да, Сион тауында тұрған Тоқтыны көрдім.
Қасында маңдайларына Тоқтының есімі мен
оның Әкесінің есімі жазылған 144 000 тұр екен”.
Енді 3-тармақ.
“Олар тақтың, төрт тіршілік иесі мен ақсақалдардың алдында
бейне бір жаңа ән айтып тұрды.
Бұл әнді жерден сатып алынған 144 000-нан басқа ешкім үйрене алмады”.
Осындағы маңызды бір жайтты байқадыңыздар ма?
Тармақта жерден сатып алынатындардың саны жазылған,
яғни 144 000.
Ендеше, неліктен Иса оларды кішкене отар деп атады?
Иә, егер бүгінде
жер бетінде 8 миллиардтан астам адамның өмір сүріп жатқанын ескерсек,
бұл шынымен де кіші сан.
Міне, сондықтан да Иса оларды
кішкене отар деп атағаны айтпаса да түсінікті.
Алайда неліктен Ехоба көкте
ұлымен бірге билік етуге аз ғана адамды таңдады?
Яғни неліктен олардың санын шектегені орынды болды?
Мұны мынандай бір мысалмен түсіндірейік.
Қазіргі таңда дүниежүзі бойынша шамамен 190 елдің жеке парламенті бар.
Және олар өз елдерінің өкілдері болып саналады.
Ал қалай ойлайсыздар, осы 190 елдің парламенттерінде жалпы алғанда қанша өкіл бар?
Шамамен 46 000 ғана екен.
Демек, көріп отырғанымыздай,
олар бүкіл жер бетіндегі миллиардтаған адамның игілігі үшін қызмет етіп отыр.
Міне, сондықтан да Ехобаның аз адамды таңдағаны
ақылға қонымды болды дей аламыз.
Ол сол адамдарды ұлымен бірге билік ету үшін
“әрбір рудан, тілден, халықтан, ұлттан” таңдайды және Ехоба
сол қатарға лайықты адамдарды таңдайтынына біз сенімді бола аламыз.
Осы орайда кішкене отарға қатысты тағы бір өте қызық сұрақ туындайды.
Кішкене отардың құрамына кіретіндер қалай таңдалады?
Олар бақуатты, мықты, атақты болғандары үшін таңдалады ма?
Бұл сұрақтың жауабы да Киелі кітапта нақты айтылған.
Қазір елші Пауыл Қорынттықтарға арналған 1-хат 1-тарау,
26—29 дейінгі тармақта не дегенін оқиықшы.
“Бауырластар, өздерің көріп жүргендей,
шақырылған сендердің араларыңда, адами тұрғыдан қарағанда,
даналар, күштілер не ақсүйектер көп емес.
Бірақ данышпан дегендерді ұялту үшін,
Құдай осы дүние ақымақ деп санайтындарды,
ал күшті дегендерді ұялту үшін, осы дүние әлсіз деп санайтындарды таңдап алды.
Құдай бар болғандарды жоқ қылу үшін,
жоқ болғандарды,
яғни осы дүние түкке тұрғысыз деп менсінбей қарайтындарды, таңдап алды.
Сондықтан Құдайдың алдында ешкім де мақтана алмайды”.
Бұдан не білеміз?
Кішкене отардың құрамына кіретіндер
бақуатты, мықты немесе атақты болғандары үшін таңдалмайды.
Қайта, Ехобаға ұнайтын қасиеттерді танытатындары үшін таңдалады.
Мысалы, кішіпейілділік, сенім, дайындық рухы сияқты қасиеттерді танытқандары үшін.
Осы дүниедегі адамдар кішкене отардағыларды қарапайым деп есептейтіндері
Ехобаның даналығын, құдіретін паш етеді.
Өйткені ол өзінің ниетін қарапайым,
адал, кішіпейіл адамдардың көмегімен-ақ жүзеге асырады.
Иә, өзіміз жақсы білетіндей,
“Ехоба тәкаппарларға қарсы тұрады,
ал кішіпейілдерге болса рақымын төгеді”.
Сондай-ақ бұл
кішкене отардың құрамына кіретіндерге де жақсы ескерту болып табылады,
яғни оларға менменсіп кетуге жол берілмейді.
Енді келесі сұрағымыз.
Кішкене отардағылар жер бетінде өмір сүретіндерге қандай игілік әкеледі?
Аян 21-тарауда 144 000 “киелі қалаға”, яғни “жаңа Иерусалимге” теңелген.
Ал 9-тармақта болса, олар “Тоқтының әйелі” деп аталған.
Қазір 2—4 дейінгі тармақтарды оқиық.
“Көктен, яғни Құдайдан, түсіп келе жатқан,
күйеуіне арнап сәнденген қалыңдықтай даярланған
киелі қаланы, жаңа Иерусалимді де көрдім.
Сонан соң көктегі тақтан былай деген зор дауысты естідім:
“Міне, Құдайдың тұрағы адамдар арасында!
Ол солармен бірге тұрып, олар оның халқы болмақ.
Осылай Құдайдың өзі солармен бірге болады.
Сонда Құдай олардың көзіндегі әрбір жасты сүртіп тастайды,
енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайды.
Бұрынғы жайттар құрып жоқ болды”.
Бұл неткен тамаша баталар!
Елестетіп көре аласыздар ма?
Қайғының көз жасы, ауру, тіпті өлім атаулы болмайды.
Кішкене отар Иса Мәсіхпен бірге еңбектеніп,
бізді осындай керемет баталарға жетелейді.
Және мұның бәрі Мәсіхтің төлем құрбандығының арқасында мүмкін болады.
Бұны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес!
Өйткені жер бетіндегі барлық адамның күнәлары өшіріліп,
одан толықтай азат болады.
Барлығы кемелділікке жетіп,
Ехобаның о бастағы ниетіне сай, онымен татуласады.
Ал енді соңғы бесінші сұрағымызды қарастырайық.
Бүгінде кішкене отар мен келер болашақта жер бетінде
мәңгі бақи өмір сүруге үміттенетіндердің қарым-қатынасы қандай?
Жохан 10-тарау, 16-тармақта Иса былай деген:
“Менің бұл қорадағыдан басқа да қойларым бар.
Соларды да алып келуім керек, олар менің даусыма құлақ салады.
Сонда бәрі бір бағушысы бар бір отар болады”.
Бұдан не түйеміз?
Ехоба Құдайымыз көкте өмір сүруге үміттенетіндер мен
жерде өмір сүруге үміттенетіндерді бір отарға біріктірген.
Және бәріміздің бағушымыз Иса Мәсіх болады.
Сондықтан бүгін біз Иеміздің кешкі асын атап өтуге жиналғанда
екі топқа бөлінбейміз.
Рас, кішкене отардың құрамына кіретіндер ғана нан мен шараптан дәм татады.
Десе де сол кешке сән кіргізіп, оны ерекше ететін
Ехобаның халқының арасындағы бірлік болады.
Онда түрлі нәсілден, ұлттардан, тілдерден шыққан адамдар
бір отардай бас қосады.
Осылай олар Құдайымыз Ехоба мен
оның сүйікті ұлы Иса Мәсіх жасаған
жақсылықтарына ризашылық білдіреді.
Қазір Мейвор бауырлас түсініктемені оқып береді.
“Иеміздің кешкі асында Иса ашытқысыз пісірілген нанды
елшілеріне беріп, бұл оның тәнін білдіретінін айтты.
Кейін шарапты да беріп жатып, бұл “келісім қанын” білдіретінін түсіндірді.
Бұл “жаңа келісім” Құдай Патшалығында Исамен бірге билік ететін
рухани Исраилге қатысты еді.
Иса Иеміздің кешкі асында айтқан сөздерін “кішкене отарға” айтты.
Онымен бірге бір бөлмеде болған адал елшілер
осы шағын топтың алғашқы мүшелері еді.
Олар болашақта Исамен бірге көкте болмақ-тын”.
Рақмет, Мейвор бауырлас!
Қазір Еске алу кешінің қарсаңында оқылатын тармақтарға назар аударайық.
Оқылатын үзінділер төрт Ізгі хабардан алынған.
“Ашымаған нан мейрамының бірінші күні шәкірттері Исаға келіп:
“Құтқарылу мейрамының асын қайда дайындағанымызды қалайсыз?”— деп сұрады.
Ол мынаны тапсырды: “Қаладағы пәленшеге барып, былай деңдер: —Белгіленген уақытым жақын.
Құтқарылу мейрамын шәкірттеріммен бірге сенің үйіңде тойлаймын деп, Ұстазымыз сәлем айтты”.
Шәкірттері Иса тапсырғандай істеп, мейрамға қажеттінің бәрін даярлады”.
“Ашымаған нан мейрамының бірінші күні
Құтқарылу мейрамына арналған құрбандық шалынатын.
Сол кезде шәкірттері Исаға:
“Құтқарылу мейрамының асын қайда барып дайындағанымызды қалайсыз?”— деп сұрады.
Сонда ол екі шәкіртін жұмсап, былай деді:
“Қалаға барыңдар. Сол жерде құмырамен су алып бара жатқан адамды кездестіресіңдер.
Соңынан еріп, ол кірген үйдің иесіне: —Ұстазымыз сізден
шәкірттерімен бірге Құтқарылу мейрамының асын ішуге болатын
қонақ бөлменің қайда екенін сұрап жатыр,— деңдер.
Ол сендерге жоғары қабаттағы әзірленіп қойылған үлкен бөлмені көрсетеді.
Асты сол жерге дайындаңдар”. 
Шәкірттер жолға шығып, қалаға барғанда, бәрі дәл Иса айтқандай болып шықты.
Сөйтіп, олар мейрамға дайындалды”.
“Ашымаған нан мейрамы келіп жетті.
Бұл күні Құтқарылу мейрамына арналған құрбандық шалыну керек еді.
Сондықтан Иса Петір мен Жоханды:
“Барып, бізге Құтқарылу мейрамының асын әзірлеңдер”,— деп жұмсады. 
Олар: “Асты қайда дайындағанымызды қалайсыз?”— деп сұрағанда, 
Иса былай деді: “Қалаға кіргенде, құмырамен су алып бара жатқан адамды кездестіресіңдер.
Соған еріп, ол кірген үйге кіріңдер де, үй иесіне:
—Ұстазымыз шәкірттерімен бірге Құтқарылу мейрамының асын ішуге болатын қонақ бөлменің қайда екенін сұрап жатыр,— деңдер. 
Ол сендерге жоғары қабаттағы әзірленіп қойылған үлкен бөлмені көрсетеді.
Асты сол жерге дайындаңдар”. 
Шәкірттер барғанда, бәрі дәл Иса айтқандай болып шықты.
Сөйтіп, олар Құтқарылу мейрамына дайындалды”.
“Иса өзінің осы дүниеден кетіп,
Әкесіне баратын уақытының келгенін Құтқарылу мейрамы болмай тұрып білген еді.
Осы дүниедегі өз адамдарын сүйген Иса оларды ақырына дейін сүйді.
Кешкі ас ішіліп жатты.
Бұл кезде Ібіліс Исаға опасыздық жасауды Шимон ұлы Яһуда Исқариоттың жүрегіне салып қойған еді. 
Әкесі бәрін өз қолына тапсырғанын және Құдайдан келіп,
қайтадан оған баратынын білген Иса
дастарқан басынан тұрып, жамылғысын шешті де,
беліне сүлгі байлап алды. 
Сосын шылапшынға су құйып,
шәкірттерінің аяқтарын жуып,
беліне байлаған сүлгімен сүрте бастады”.
“Сосын ол былай деді: “Абыржымаңдар. Құдайға сеніңдер, маған да сеніңдер. 
Әкемнің үйінде орын көп.
Егер солай болмаса, мұны айтпас едім.
Мен сендерге орын дайындауға бара жатырмын. 
Барып, орын дайындаған соң,
қайтып келіп, өзім болатын жерде болуларың үшін,
сендерді үйге алып кетемін”.
Осы бағдарламаны көріп отырғандарға бір айтарымыз бар.
Бүгін кешке өтетін еске алу кешіне қатысу үшін
бар күштеріңізді салсаңыздар екен дейміз.
Тіпті сіз қауымнан қол үзіп қалсаңыз да
немесе қауымнан аластатылған болсаңыз да,
осы кешке келуге барынша тырысыңыздар.
Осылай Ехоба мен Исаның
сіз үшін жасаған жақсылығына
риза екеніңізді көрсетесіз.
Осы бағдарламаны тыңдап отырған барлығыңызға
Ехоба молынан батасын жаудырсын!
Біз сіздерді жақсы көреміз!
Осыны ұмытпаңыздар!