00:00:01
Бүгінгі тармақта әсерлі сөздер жазылған.00:00:04
00:00:05
Ол еңсесі езіліп жүрген00:00:07
00:00:07
кез келген адамға жігер бере алады.00:00:10
00:00:11
Онда келесідей сөздер жазылған:00:00:13
00:00:13
“Себебі өзіне ұнайтынды істеулерің үшін, 00:00:16
00:00:17
Құдайдың өзі бойларыңда ықылас оятып, күш беріп отыр”.00:00:22
00:00:23
Осы сөздерден екі нәрсені түйеміз.00:00:26
00:00:26
Алғашқысы, Ехоба бізге көмектескісі келеді.00:00:29
00:00:30
Былай еткен оған ұнайды да.00:00:32
00:00:33
Ал екіншісі,00:00:34
00:00:34
Ехоба бізге күш береді,00:00:37
00:00:38
яғни әлемдегі ең құдіретті күш00:00:43
00:00:43
өзінің киелі рухын береді.00:00:45
00:00:46
Өзіміз білетіндей, Ехоба біздің досымыз.00:00:49
00:00:50
Ол бізбен мәңгілікке дос болып қалғысы келеді.00:00:52
00:00:53
Біз де өз тарапымыздан00:00:55
00:00:55
сол достықты сақтап қалу үшін бар күшімізді саламыз.00:00:59
00:01:00
Бірақ ескеретін жайт,00:01:01
00:01:02
Шайтанның бар екенін де ұмытпауымыз керек.00:01:04
00:01:04
Ол сол достықты бұзғысы келеді.00:01:06
00:01:06
Ол Ехобамен достығымызды әлсірету үшін00:01:10
00:01:10
басымызға түскен қиындықтарды,00:01:12
00:01:12
сынақтарды қолданып қалғысы келеді.00:01:14
00:01:15
Бұл жайлы білу үшін00:01:17
00:01:17
Салоникалықтарға арналған 1-хат 3-тарауды ашайықшы.00:01:22
00:01:23
Салоникалықтарға 1-хат 3-тарау, 2-тармақтан бастап оқиық:00:01:30
00:01:30
“Сендерге бауырласымыз әрі Мәсіх туралы ізгі хабарды жариялап жүрген00:01:35
00:01:35
Құдайдың қызметшісі Тімөтені сенімдерің берік болу үшін00:01:39
00:01:39
сендерді нығайтсын, жұбатсын деп жібердік.00:01:41
00:01:42
Сонда осы қиындықтар ешқайсысыңды шайқалтпайды.00:01:47
00:01:47
Өйткені олардың бізді айналып өтпейтіні өздеріңе мәлім.00:01:52
00:01:53
Оның үстіне, қиындыққа кезігуіміз керектігін 00:01:56
00:01:56
өздеріңмен бірге болғанда айтып жүруші едік. 00:01:59
00:02:00
Міне, сол айтқанымыз болды, бұны өздерің де білесіңдер”.00:02:03
00:02:07
Шайтанның бізді қудалаудағы негізгі мақсаты —00:02:11
00:02:11
шайқалту болып табылады.00:02:13
00:02:14
Ал бұл нені білдіреді?00:02:15
00:02:16
Бұл Шайтан біздің Ехобаға деген сенімімізді00:02:20
00:02:20
әлсіреткісі келеді деген сөз.00:02:22
00:02:23
Бұл үшін ол біздің қиындықтар кезіндегі мұңайған,00:02:27
00:02:27
түңілген күйімізді қолданады.00:02:29
00:02:30
Ол біздің сағымызды сындырғысы келеді.00:02:32
00:02:35
Ол біздің қиындықтардан00:02:37
00:02:37
қатты түңіліп, жігеріміздің құм болғанын қалайды.00:02:40
00:02:41
Сол кезде болған жағдайға00:02:43
00:02:43
біз Ехобаны кінәлай бастауымыз мүмкін.00:02:46
00:02:46
Шайтанның да қалайтыны осы.00:02:49
00:02:49
Осылай Шайтан санамызға күмән себеді.00:02:52
00:02:52
Содан біз былай ойлана бастауымыз мүмкін:00:02:54
00:02:55
“Осындай жағдайдың басыма түсуіне неге Ехоба жол берді?00:02:59
00:03:02
Менің не кінәм бар?00:03:03
00:03:04
Ехобаның көңілін түсіретіндей соншама не істеп қойдым екен?00:03:09
00:03:09
Ехоба мені жақсы көрмейтін сияқты”.00:03:11
00:03:13
Қиындықтар үсті-үстіне жалғаса бергендіктен00:03:16
00:03:16
біз қолымызды сілтеп,00:03:18
00:03:19
өзімізді тастай салуымыз мүмкін.00:03:21
00:03:21
Өзімізді тура бір Ілияс сияқты сезінетін шығармыз.00:03:25
00:03:25
Оның Езабел патшайымнан қашып жүрген кезі естеріңізде ме?00:03:29
00:03:30
Ол шөл далада жүрді.00:03:32
00:03:32
Ол бір ағаштың астында отырып,00:03:34
00:03:35
өмірден түңілгені сонша, Ехобаға00:03:38
00:03:39
“Өмірімді ала гөр” деп айтты.00:03:41
00:03:42
Сол кезде Ехоба періштесін жіберіп,00:03:45
00:03:45
оған су мен нан берді.00:03:48
00:03:48
Осылай әбден әлсіреген Ілияс00:03:50
00:03:51
әлденіп алған соң,00:03:52
00:03:52
500 шақырымдай жерді жаяу жүріп өтті.00:03:55
00:03:55
Ол 40 күн, 40 түн тоқтамай жүріп,00:03:59
00:03:59
солай Хориб тауына дейін барды.00:04:02
00:04:02
Сол тауда Ехоба оны күшейтті.00:04:05
00:04:06
Оған тапсырма берді.00:04:08
00:04:08
Ехоба пайғамбарының көңілін орнықтырып,00:04:12
00:04:12
оны жақсы көретініне сендірді.00:04:14
00:04:15
Соның арқасында Ілияс қызметін жалғастыра алды.00:04:18
00:04:20
Ехоба біздің де нені бастан өткеріп жатқанымызды,00:04:24
00:04:24
қандай күйде екенімізді жақсы біледі.00:04:27
00:04:27
Ол бізге мәңгі өмірді сыйлағысы келеді.00:04:30
00:04:31
Сол үшін де өзіне ауыр тисе де, төлем құрбандығын берді.00:04:35
00:04:35
Мұның бәрін ол біз үшін істеді.00:04:37
00:04:38
Ендеше, біз өмірдің қиындықтарын қалай қабылдауымыз керек?00:04:41
00:04:41
Філіпіліктерге 2-тарауда00:04:43
00:04:44
Пауыл Исаның үлгісін келтірген.00:04:46
00:04:46
Сондықтан біз Исаның үлгісіне қарап,00:04:49
00:04:49
өмірдің қиындықтарын еңсеруді үйрене аламыз.00:04:52
00:04:53
Қазір Філіпіліктерге 2-тарауды ашайықшы.00:04:56
00:04:58
5-тармақтан қарайтын болсақ, мұнда былай делінеді:00:05:02
00:05:02
“Сендер де Мәсіх Иса сияқты ойлаңдар. 00:05:05
00:05:06
Ол Құдайдың кейпіне ие бола тұра, 00:05:11
00:05:11
барлығынан өз еркімен бас тартып,00:05:15
00:05:15
құлдың кейпін қабылдап, адам болып келді”.00:05:19
00:05:21
Ол өз еркімен көктегі бар билігінен бас тартып,00:05:25
00:05:26
сәби болып дүниеге келді.00:05:28
00:05:29
Ол жерде ет пен сүйектен тұратын қарапайым адам болып өмір сүрді.00:05:35
00:05:36
Бірақ бұрын оның көкте бас әміршілердің бірі00:05:39
00:05:39
Микайл болғанын ескерсек, бұл өте төмен дәреже болды.00:05:43
00:05:46
Бірақ ол бұл дәрежесіне көніп қана қоймай,00:05:50
00:05:51
8-тармақта айтылатындай,00:05:53
00:05:55
“Адам болып өмір сүргенде, өзін төмен тұтып, 00:05:58
00:05:58
өле-өлгенше, тіпті азап бағанасында өлгенше, мойынсұнғыш болды”. 00:06:03
00:06:03
Бұл Исаға оңай болды дейсіздер ме?00:06:06
00:06:07
Әрине, оңай болған жоқ.00:06:09
00:06:09
Қаншалықты қиын болғанын Лұқа 22-тараудан оқи аламыз.00:06:13
00:06:14
Қазір Киелі кітаптарымыздан Лұқа 22-тарауды ашып,00:06:19
00:06:19
42-тармақты оқиық.00:06:21
00:06:21
Иса былай деген:00:06:22
00:06:23
“Әке, егер қаласаң, бұл тостағаннан маған ішкізе көрме.00:06:29
00:06:31
Бірақ менің емес, сенің еркің болсын”.00:06:36
00:06:38
Бұл не деген жанқиярлық.00:06:39
00:06:40
Сол кезде көктен бір періште келіп, оны нығайтты.00:06:44
00:06:44
Бірақ періште келіп нығайтса да,00:06:46
00:06:46
44-те айтылатындай, “жан азабына түскені сонша,00:06:50
00:06:50
ол одан бетер қатты жалбарынып, дұға айтты.00:06:54
00:06:54
Ал оның тері қан тамшылары сияқты жерге тамып жатты”.00:06:59
00:06:59
Оның қалай азап шеккенін елестетудін өзі қиын.00:07:03
00:07:04
Енді 22-тарау, 45-тармаққа назар аударайықшы:00:07:09
00:07:13
“Сосын орнынан тұрып, шәкірттеріне келді”.00:07:16
00:07:16
Әрі қарай 46-ға назар аударсақ,00:07:18
00:07:18
“Иса: “Неге ұйықтап жатырсыңдар? Тұрыңдар, 00:07:21
00:07:21
азғырылмау үшін дұға ете беріңдер”,— деді”.00:07:24
00:07:24
Ехоба Исаны нығайтты.00:07:26
00:07:26
Соның арқасында ол Ехобаның еркін орындап,00:07:29
00:07:29
өзін ғана емес, өзгелерді де нығайтты.00:07:31
00:07:33
Қазір қайтадан Філіпіліктерге 2-тарауды ашып,00:07:36
00:07:36
Ехоба қалай батасын бергенін көрейік.00:07:38
00:07:39
2-тарау, 9-тармақты оқысақ болады.00:07:42
00:07:43
Тармақтан былай деп оқимыз:00:07:46
00:07:46
“Сондықтан Құдай оны бұрынғыдан да жоғарылатып,00:07:51
00:07:51
барлық есімнен жоғары есімді сыйлады”.00:07:55
00:07:56
Көріп отырғанымыздай, Ехоба оның дәрежесін жоғарылатты.00:07:59
00:08:00
Көкте билік берді.00:08:02
00:08:02
Ол өлместікке ие болды.00:08:04
00:08:05
Иса бұрын-соңды өзінде болмаған күш пен билікке ие болды.00:08:10
00:08:11
Жақында ол Шайтанды да,00:08:13
00:08:14
оның дүниесін де жоятын болады.00:08:16
00:08:17
Жер бетіне жұмақ орнатып,00:08:19
00:08:20
миллиардтаған адамдарды қайта тірілтеді.00:08:23
00:08:23
Оларға мәңгілік өмір сыйлайды.00:08:26
00:08:26
Мұның бәрі Ехоба оған күш, билік сыйлағанның арқасында мүмкін болды.00:08:31
00:08:33
Алайда біз жайлы не деуге болады?00:08:37
00:08:38
Ехоба бізден нені күтеді?00:08:40
00:08:41
Філіпіліктерге 2-тарау, 12-тармақтан00:08:45
00:08:45
Ехоба бізден нені күтетінін біле аламыз.00:08:47
00:08:48
Біз тармақтың екінші жартысын ғана оқимыз.00:08:51
00:08:51
Былай делінеді: “Әрі қарай да қалтырай қорқып, құтқарылуға ұмтыла беріңдер”.00:08:56
00:08:56
Құтқарылу өзімізге байланысты, мұны біз үшін ешкім істей алмайды.00:09:00
00:09:01
Әрі тармақта мұны “қалтырай қорқып” істеуіміз керектігі айтылған.00:09:05
00:09:05
Егер өздігімізден мықты болсақ, тармақта былай айтылмас еді.00:09:09
00:09:10
Себебі Ехоба біздің кемелсіз, әлсіз екенімізді жақсы біледі.00:09:16
00:09:16
Сондықтан Ехобаға арқа сүйеуіміз керек.00:09:19
00:09:19
Ол осыған керек ықыласты да, күшті де береді.00:09:22
00:09:22
Ендеше, Исаның үлгісіне еліктейік. Ол екі нәрсені істеді.00:09:26
00:09:26
Біріншісі, Ехобаның еркін орындады.00:09:29
00:09:29
Екіншісі, жалбарынып дұға айтты.00:09:32
00:09:33
Қорытындылайтын болсақ, төрт нәрсеге үйренеміз.00:09:36
00:09:36
Біріншіден, қиындықтарға қарамастан Ехоба өзіне ұнайтынды істей бергенімізді қалайды.00:09:42
00:09:42
Екіншіден, ол бізге әлемдегі ең мықты күш — киелі рухын береді.00:09:48
00:09:49
Үшіншіден, оның еркін орындауымыз үшін бойымызда ықылас оятады.00:09:54
00:09:54
Төртіншіден, оның еркін орындауға қажетті күш береді.00:09:58
00:09:58
Сонда Філіпіліктерге 4:13-тегі мына сөздердің растығына көзіміз жетеді:00:10:04
00:10:04
“Себебі маған күш-қуат берушінің арқасында бәрін де істей аламын”.00:10:08
Исак Марей. Ехоба бойымызда ықылас оятып, күш береді (Філіп. 2:13)
Бүгінгі тармақта әсерлі сөздер жазылған.
Ол еңсесі езіліп жүрген
кез келген адамға жігер бере алады.
Онда келесідей сөздер жазылған:
“Себебі өзіне ұнайтынды істеулерің үшін,
Құдайдың өзі бойларыңда ықылас оятып, күш беріп отыр”.
Осы сөздерден екі нәрсені түйеміз.
Алғашқысы, Ехоба бізге көмектескісі келеді.
Былай еткен оған ұнайды да.
Ал екіншісі,
Ехоба бізге күш береді,
яғни әлемдегі ең құдіретті күш
өзінің киелі рухын береді.
Өзіміз білетіндей, Ехоба біздің досымыз.
Ол бізбен мәңгілікке дос болып қалғысы келеді.
Біз де өз тарапымыздан
сол достықты сақтап қалу үшін бар күшімізді саламыз.
Бірақ ескеретін жайт,
Шайтанның бар екенін де ұмытпауымыз керек.
Ол сол достықты бұзғысы келеді.
Ол Ехобамен достығымызды әлсірету үшін
басымызға түскен қиындықтарды,
сынақтарды қолданып қалғысы келеді.
Бұл жайлы білу үшін
Салоникалықтарға арналған 1-хат 3-тарауды ашайықшы.
Салоникалықтарға 1-хат 3-тарау, 2-тармақтан бастап оқиық:
“Сендерге бауырласымыз әрі Мәсіх туралы ізгі хабарды жариялап жүрген
Құдайдың қызметшісі Тімөтені сенімдерің берік болу үшін
сендерді нығайтсын, жұбатсын деп жібердік.
Сонда осы қиындықтар ешқайсысыңды шайқалтпайды.
Өйткені олардың бізді айналып өтпейтіні өздеріңе мәлім.
Оның үстіне, қиындыққа кезігуіміз керектігін
өздеріңмен бірге болғанда айтып жүруші едік.
Міне, сол айтқанымыз болды, бұны өздерің де білесіңдер”.
Шайтанның бізді қудалаудағы негізгі мақсаты —
шайқалту болып табылады.
Ал бұл нені білдіреді?
Бұл Шайтан біздің Ехобаға деген сенімімізді
әлсіреткісі келеді деген сөз.
Бұл үшін ол біздің қиындықтар кезіндегі мұңайған,
түңілген күйімізді қолданады.
Ол біздің сағымызды сындырғысы келеді.
Ол біздің қиындықтардан
қатты түңіліп, жігеріміздің құм болғанын қалайды.
Сол кезде болған жағдайға
біз Ехобаны кінәлай бастауымыз мүмкін.
Шайтанның да қалайтыны осы.
Осылай Шайтан санамызға күмән себеді.
Содан біз былай ойлана бастауымыз мүмкін:
“Осындай жағдайдың басыма түсуіне неге Ехоба жол берді?
Менің не кінәм бар?
Ехобаның көңілін түсіретіндей соншама не істеп қойдым екен?
Ехоба мені жақсы көрмейтін сияқты”.
Қиындықтар үсті-үстіне жалғаса бергендіктен
біз қолымызды сілтеп,
өзімізді тастай салуымыз мүмкін.
Өзімізді тура бір Ілияс сияқты сезінетін шығармыз.
Оның Езабел патшайымнан қашып жүрген кезі естеріңізде ме?
Ол шөл далада жүрді.
Ол бір ағаштың астында отырып,
өмірден түңілгені сонша, Ехобаға
“Өмірімді ала гөр” деп айтты.
Сол кезде Ехоба періштесін жіберіп,
оған су мен нан берді.
Осылай әбден әлсіреген Ілияс
әлденіп алған соң,
500 шақырымдай жерді жаяу жүріп өтті.
Ол 40 күн, 40 түн тоқтамай жүріп,
солай Хориб тауына дейін барды.
Сол тауда Ехоба оны күшейтті.
Оған тапсырма берді.
Ехоба пайғамбарының көңілін орнықтырып,
оны жақсы көретініне сендірді.
Соның арқасында Ілияс қызметін жалғастыра алды.
Ехоба біздің де нені бастан өткеріп жатқанымызды,
қандай күйде екенімізді жақсы біледі.
Ол бізге мәңгі өмірді сыйлағысы келеді.
Сол үшін де өзіне ауыр тисе де, төлем құрбандығын берді.
Мұның бәрін ол біз үшін істеді.
Ендеше, біз өмірдің қиындықтарын қалай қабылдауымыз керек?
Філіпіліктерге 2-тарауда
Пауыл Исаның үлгісін келтірген.
Сондықтан біз Исаның үлгісіне қарап,
өмірдің қиындықтарын еңсеруді үйрене аламыз.
Қазір Філіпіліктерге 2-тарауды ашайықшы.
5-тармақтан қарайтын болсақ, мұнда былай делінеді:
“Сендер де Мәсіх Иса сияқты ойлаңдар.
Ол Құдайдың кейпіне ие бола тұра,
барлығынан өз еркімен бас тартып,
құлдың кейпін қабылдап, адам болып келді”.
Ол өз еркімен көктегі бар билігінен бас тартып,
сәби болып дүниеге келді.
Ол жерде ет пен сүйектен тұратын қарапайым адам болып өмір сүрді.
Бірақ бұрын оның көкте бас әміршілердің бірі
Микайл болғанын ескерсек, бұл өте төмен дәреже болды.
Бірақ ол бұл дәрежесіне көніп қана қоймай,
8-тармақта айтылатындай,
“Адам болып өмір сүргенде, өзін төмен тұтып,
өле-өлгенше, тіпті азап бағанасында өлгенше, мойынсұнғыш болды”.
Бұл Исаға оңай болды дейсіздер ме?
Әрине, оңай болған жоқ.
Қаншалықты қиын болғанын Лұқа 22-тараудан оқи аламыз.
Қазір Киелі кітаптарымыздан Лұқа 22-тарауды ашып,
42-тармақты оқиық.
Иса былай деген:
“Әке, егер қаласаң, бұл тостағаннан маған ішкізе көрме.
Бірақ менің емес, сенің еркің болсын”.
Бұл не деген жанқиярлық.
Сол кезде көктен бір періште келіп, оны нығайтты.
Бірақ періште келіп нығайтса да,
44-те айтылатындай, “жан азабына түскені сонша,
ол одан бетер қатты жалбарынып, дұға айтты.
Ал оның тері қан тамшылары сияқты жерге тамып жатты”.
Оның қалай азап шеккенін елестетудін өзі қиын.
Енді 22-тарау, 45-тармаққа назар аударайықшы:
“Сосын орнынан тұрып, шәкірттеріне келді”.
Әрі қарай 46-ға назар аударсақ,
“Иса: “Неге ұйықтап жатырсыңдар? Тұрыңдар,
азғырылмау үшін дұға ете беріңдер”,— деді”.
Ехоба Исаны нығайтты.
Соның арқасында ол Ехобаның еркін орындап,
өзін ғана емес, өзгелерді де нығайтты.
Қазір қайтадан Філіпіліктерге 2-тарауды ашып,
Ехоба қалай батасын бергенін көрейік.
2-тарау, 9-тармақты оқысақ болады.
Тармақтан былай деп оқимыз:
“Сондықтан Құдай оны бұрынғыдан да жоғарылатып,
барлық есімнен жоғары есімді сыйлады”.
Көріп отырғанымыздай, Ехоба оның дәрежесін жоғарылатты.
Көкте билік берді.
Ол өлместікке ие болды.
Иса бұрын-соңды өзінде болмаған күш пен билікке ие болды.
Жақында ол Шайтанды да,
оның дүниесін де жоятын болады.
Жер бетіне жұмақ орнатып,
миллиардтаған адамдарды қайта тірілтеді.
Оларға мәңгілік өмір сыйлайды.
Мұның бәрі Ехоба оған күш, билік сыйлағанның арқасында мүмкін болды.
Алайда біз жайлы не деуге болады?
Ехоба бізден нені күтеді?
Філіпіліктерге 2-тарау, 12-тармақтан
Ехоба бізден нені күтетінін біле аламыз.
Біз тармақтың екінші жартысын ғана оқимыз.
Былай делінеді: “Әрі қарай да қалтырай қорқып, құтқарылуға ұмтыла беріңдер”.
Құтқарылу өзімізге байланысты, мұны біз үшін ешкім істей алмайды.
Әрі тармақта мұны “қалтырай қорқып” істеуіміз керектігі айтылған.
Егер өздігімізден мықты болсақ, тармақта былай айтылмас еді.
Себебі Ехоба біздің кемелсіз, әлсіз екенімізді жақсы біледі.
Сондықтан Ехобаға арқа сүйеуіміз керек.
Ол осыған керек ықыласты да, күшті де береді.
Ендеше, Исаның үлгісіне еліктейік. Ол екі нәрсені істеді.
Біріншісі, Ехобаның еркін орындады.
Екіншісі, жалбарынып дұға айтты.
Қорытындылайтын болсақ, төрт нәрсеге үйренеміз.
Біріншіден, қиындықтарға қарамастан Ехоба өзіне ұнайтынды істей бергенімізді қалайды.
Екіншіден, ол бізге әлемдегі ең мықты күш — киелі рухын береді.
Үшіншіден, оның еркін орындауымыз үшін бойымызда ықылас оятады.
Төртіншіден, оның еркін орындауға қажетті күш береді.
Сонда Філіпіліктерге 4:13-тегі мына сөздердің растығына көзіміз жетеді:
“Себебі маған күш-қуат берушінің арқасында бәрін де істей аламын”.
-