00:00:01
Бүгінгі күннің тармағы00:00:03
00:00:03
Жақып кітабынан алынған.00:00:05
00:00:07
Протестант дінінің00:00:08
00:00:09
негізін салушы болған Мартин Лютер00:00:11
00:00:12
Жақып кітабын аса бір құрметтемеген.00:00:14
00:00:15
Ол оны тіпті “салмағы жоқ кітап” деп атаған.00:00:17
00:00:19
Өйткені ол кітаптың тигізер пайдасы жоқ деп ойлаған.00:00:22
00:00:23
Лютер Естер, Еврейлерге арналған хат,00:00:26
00:00:26
Яһуда, Аян кітаптары жайлы да сондай ойда болған.00:00:30
00:00:30
Бірақ неге ол Жақып кітабын жақтырмады?00:00:33
00:00:33
Өйткені ол Жақып кітабындағы мына сөздерге тіреліп қалған еді:00:00:37
00:00:38
“Іс әрекетсіз болса, сенім де өлі”.00:00:41
00:00:42
Бұл сөздермен Жақып не айтқысы келгенін Лютер дұрыс түсінбеген.00:00:46
00:00:46
Өйткені Жақыпты “тек іс-әрекеттеріміздің арқасында00:00:50
00:00:50
құтқарыламыз” деп айтып жатыр деп ойлап қалған.00:00:52
00:00:53
Ал Лютердің ойынша, біз сеніміміздің арқасында ғана құтқарыламыз.00:00:57
00:00:57
Осылай шатасып,00:00:58
00:00:59
оның көңілі түскені сонша, тіпті Жақып00:01:02
00:01:02
кітабын Жақыптың өзі жазбады деген тұжырымға келген.00:01:05
00:01:05
Қайта, мәсіхшіліктен мүлдем хабары жоқ00:01:07
00:01:07
бейтаныс бір еврей жазды деп ойлаған.00:01:09
00:01:11
Оның былай ойлағаны Жақыптың не айтқысы келгенін дұрыс түсінбегендіктен болды.00:01:16
00:01:18
Ал Жақып болса, “әрине сенім маңызды,00:01:21
00:01:21
бірақ ол көзге көрінбейді ғой.00:01:23
00:01:23
Егер көзге көрінбесе, адамда сенім бар-жоғын қайдан біле аласың?!00:01:26
00:01:27
Істерінен көре аласың” дегісі келген.00:01:29
00:01:29
Демек, адамның істеріне қарап, оның сенімі бар екенін біле аламыз.00:01:34
00:01:34
Ал сол сенім, яғни Иса Мәсіхтің құрбандығына деген сенім бізді құтқарады.00:01:38
00:01:39
Біз үшін алар сабақ,00:01:41
00:01:41
мысалы, Киелі кітаптан не әдебиеттерімізден 00:01:44
00:01:44
бір мәлімет оқып жатып, оны түсінбей қалсақ,00:01:46
00:01:46
жазушыны кінәлағанымыз дұрыс болмас еді.00:01:49
00:01:49
Қайта, мәселе біздің түсінігімізде болуы мүмкін.00:01:52
00:01:52
Осындайда Ехобадан жазылғандарды түсіну үшін00:01:56
00:01:56
дұға етіп, көмек сұрасақ болады.00:01:58
00:01:59
Бүгінде Мартин Лютер сияқты көптеген діншіл адамдар00:02:03
00:02:03
сенімді іс-әрекеттерден жоғары қойып жатады.00:02:05
00:02:06
Мысалы, біз қызметте жүргенде олар:00:02:08
00:02:08
“Сендер, осылай үйме-үй жүріп құтқарылуға ие боламыз деп ойлайсыңдар”,— деп айтады.00:02:12
00:02:14
Бірақ бұл шындыққа жанаспайды ғой.00:02:16
00:02:17
Иса Мәсіхтің құрбандық қаны ғана00:02:19
00:02:19
бізді барлық күнәдан тазарта алатынын жақсы білеміз.00:02:22
00:02:23
Біз Ехоба Құдайды жақсы көргендіктен,00:02:26
00:02:26
адамдарды жақсы көргендіктен уағыздаймыз.00:02:28
00:02:28
Ехоба туралы өтірікті жоққа шығару үшін00:02:31
00:02:31
ол туралы шындықты мүмкіндігінше көп адамның білгенін қалаймыз.00:02:34
00:02:34
Біз сот залына келген куәгер іспетті шындықты айтуды уәде еткенбіз.00:02:39
00:02:40
Рамф бауырластың жылдық жиында айтқан баяндамасындағы бір ой маған қатты ұнаған еді.00:02:45
00:02:45
Естеріңізде ме?00:02:46
00:02:47
Ол Иса өзі сауықтырған адамдарға00:02:49
00:02:49
жаны ашығаны сонша,
олардың бір минутқа да артық қиналғандарын қаламағанын айтты.00:02:55
00:02:55
Тіпті Демалыс күніне қарамастан оларды сауықтырды.00:02:58
00:02:58
Ол “ертең келіңдер немесе Өлі теңіз сияқты бір жерден тауып аласыңдар” деді ма?00:03:03
00:03:03
Жоқ-жоқ.00:03:04
00:03:04
Ол көре сала сол заматта сауықтырды.00:03:07
00:03:07
Тіпті парызшылдар сынап-мінейтінін білсе де, солай етті.00:03:10
00:03:11
Негізі, шындығына келсек,00:03:13
00:03:13
Демалыс күні адамды сауықтыру Иса үшін өте қауіпті еді.00:03:17
00:03:18
Мұса заңы бойынша, Демалыс күнін бұзған адамды өлім жазасына кесу керек еді.00:03:23
00:03:23
Міне, сол себепті парызшылдар осы мүмкіндікті пайдаланып,00:03:27
00:03:27
Исаны өлімге кескісі келді.00:03:29
00:03:30
Сонымен Рамф бауырлас қандай қорытынды шығарды?00:03:33
00:03:33
Бүгінде біз былай деп ойламаймыз:00:03:35
00:03:35
“Адамдарға уағыздамасам да болады, олар бәрібір де зор алапатта 00:03:38
00:03:38
Ехоба жайлы шындықты біледі ғой”.00:03:40
00:03:40
Өйткені адамдар қазірдің өзінде қиналып жатыр.00:03:43
00:03:43
Олар жұбанышқа дәл қазір мұқтаж.00:03:45
00:03:45
Олар Ехоба жайлы білімді қазір алу керек.00:03:47
00:03:48
Олар қазірдің өзінде мәнді өмір кешіп,00:03:50
00:03:50
әрі болашаққа деген шынайы үмітке ие болулары керек.00:03:54
00:03:55
Ал Иса жайлы айтар болсақ.00:03:57
00:03:57
Ол біздің істерімізге назар аударады ма?00:03:59
00:03:59
Жоқ, әлде құтқарылу үшін сенім ғана жеткілікті дейтіндермен келісе ме?00:04:03
00:04:04
Бұл сұраққа Исаның өзі жауап берсін.00:04:06
00:04:06
Келіңіздер, олай болса00:04:08
00:04:08
Мартин Лютер онша ұнатпаған00:04:10
00:04:10
Аян кітабындағы кейбір тармақтарды оқып көрейік.00:04:12
00:04:13
Келіңіздер, қазір Аян кітабының 2-тарауын ашып,00:04:16
00:04:16
Иса біздің іс-әрекетіміз жайлы не ойлайтынын оқып көрейік.00:04:20
00:04:20
Аян 2-тарау,00:04:22
00:04:24
2-ші және 5-ші тармақтарды оқып көрейік.00:04:27
00:04:29
Бұл сөздер Ефес қауымына арналған еді.00:04:31
00:04:32
Онда былай делінеді: “Мен істеріңді,00:04:36
00:04:36
еңбегің мен табандылығыңды білемін”.00:04:39
00:04:39
Қазір біз екінші тармақты оқыдық.00:04:42
00:04:42
Келесі 5-тармақ: 00:04:44
00:04:44
“Сондықтан қайдан құлағаныңды есіңе алып, өкін 00:04:48
00:04:49
әрі бастапқыдағы істеріңді істе”.00:04:52
00:04:53
Енді 19-тармақта Тиатира қауымына не дегенін көрейікші.00:04:57
00:04:59
Бұл тармақ “Иса қызметте атқарған істерімізді байқай ма?” деген сұраққа жауап береді.00:05:05
00:05:06
19-тармақ, Иса былай дейді: 00:05:08
00:05:08
“Сенің істеріңді, сүйіспеншілігіңді,00:05:13
00:05:13
сенімің мен қызметіңді, табандылығыңды және”00:05:18
00:05:18
енді байқаңыздар, “қазіргі істеріңнің бұрынғыдан көп екенін білемін”.00:05:24
00:05:24
Демек, не білеміз?00:05:26
00:05:27
Иса біздің істерімізді байқайды.00:05:29
00:05:30
Мысалы, сенбі күні таңертең әдеттегіден көбірек уағыздағанымызды,00:05:34
00:05:35
әлдебір сатушыға тоқтап,00:05:37
00:05:37
байланыс картасын бергенімізді, я болмаса00:05:40
00:05:41
жұмыстан шығып, өзімізге ыңғайсыз болса да,00:05:44
00:05:44
қызығушылық білдірген адамға қайта барғанымызды.00:05:47
00:05:47
Иса мұның бәрін байқайды.00:05:48
00:05:49
Иса осындай кішігірім құрбандықтарымызды да байқап, оларды бағалайды.00:05:54
00:05:56
Бүгінде Ехобаның халқы атқарып жатқан істерге қарап, таң-тамаша қаласың.00:06:01
00:06:01
Әрине, Шайтан үнемі тырнақтың астынан кір іздейді.00:06:04
00:06:04
Ол біздің бауырластарымызға айып тағып,00:06:07
00:06:07
“қазір жариялаушыларға есеп тапсырудың қажеті жоқ,00:06:10
00:06:10
сондықтан олар қызметке жөнді шықпайды да,00:06:13
00:06:13
айдың соныңда әйтеуір қызметке шықтым деп белгілеу үшін ғана00:06:17
00:06:17
арасында уағыздап қояды” дейді.00:06:19
00:06:20
Бірақ құлшынысты бауырластарымыз Шайтанның өтірігін бетіне басады.00:06:24
00:06:24
Есеп тапсырғанда сағат жазудың қажеті болмаса да,00:06:27
00:06:27
өз жағдайларына қарай, ақылға қонымды мақсаттар қойып жүр.00:06:31
00:06:32
Біз ақылға қонымды мақсаттар деп жатырмыз.00:06:34
00:06:35
Мысалы, 19 жасар денсаулығы мықты бауырласқа ақылға қонымды болған нәрсе00:06:40
00:06:40
90 жастағы әлсіз бауырласқа олай болмауы мүмкін.00:06:43
00:06:44
Соның өзінде қарт бауырластарымыз қызметте көп нәрсе істей алады.00:06:47
00:06:48
Кей бауырластарымыз істерін алдын ала жоспарлайды.00:06:51
00:06:51
Айдың басында демалыс күндерін қалай жұмсаймыз деп ойланады.00:06:54
00:06:55
Мысалы, бауырының тойы болғалы жатыр.00:06:57
00:06:57
Сондықтан бір демалысын сол жерге баруды жоспарлайды.00:07:00
00:07:00
Сосын қалған үш демалысында не істеймін деп ойланады.00:07:03
00:07:03
Құдайдың халқы Ехобаға деген сүйіспеншіліктерін тағы бір жолмен көрсетеді.00:07:08
00:07:08
Үйреншікті, жайлы болып қалған нәрселерінен бас тартады.00:07:11
00:07:11
Бірақ, бір қызығы, кейбіреулер үшін00:07:13
00:07:13
үйреншікті болып қалған нәрседен бас тарту деген00:07:16
00:07:16
үйме-үй жүріп уағыздау болып табылады.00:07:18
00:07:19
Өйткені көпшілік үшін ковидтен бері00:07:22
00:07:22
адаммен бетпе-бет сөйлесу қиын болып қалған.00:07:24
00:07:24
Олар хат алмасып сөйлесуге әбден үйреніп қалған.00:07:28
00:07:28
Сондықтан олар әдебиет арбасымен, хат жазып уағыздайды.00:07:32
00:07:32
Әрине, екеуі де жақсы.00:07:33
00:07:33
Бірақ олар тек осы уағыздау түрлері арқылы00:07:36
00:07:36
адамдардың барлығына бірдей уағыздай алмайтындарын түсінеді.00:07:39
00:07:39
Сондықтан олар үйме-үй жүріп уағыздау үшін00:07:42
00:07:43
дұғада Ехобадан батылдық сұрайды.00:07:45
00:07:46
Иса мұның бәрін көреді00:07:48
00:07:48
әрі олардың осындай батылдықтарына, дайындықтарына риза болады.00:07:52
00:07:53
Бетелдегі еріктілер де Ехобаға,00:07:55
00:07:55
бауырластарға деген сүйіспеншілігін көрсетіп,00:07:58
00:07:58
керемет үлгі қалдырады.00:07:59
00:08:00
Егер олар ізашар болып қызмет етсе, сағат нормаларын00:08:03
00:08:03
үш аптаның ішінде-ақ орындап қояр еді.00:08:06
00:08:06
Бірақ төртінші аптада олар демалыс алмайды.00:08:08
00:08:08
Себебі төртінші аптада да олардың көмектері қажет екенін түсінеді.00:08:11
00:08:11
Сондықтан Бетелге келеді.00:08:13
00:08:13
Олардың еңбектері аса қажет.00:08:15
00:08:15
Біз оларды бағалаймыз.00:08:16
00:08:17
Иса сенімнің істермен байланысты екенін көрсеткен.00:08:20
00:08:21
Иса өзінің өлер алдындағы түні шәкірттеріне00:08:24
00:08:24
келесідей сөздерді айтқан болатын.00:08:27
00:08:28
Иса былай деген еді: “Маған сенген адам00:08:31
00:08:32
мен жасаған істерді де00:08:34
00:08:35
жасайды”.00:08:36
00:08:37
Ал Иса қандай істерді атқарды?00:08:39
00:08:40
Ең басты уағыз ісін.00:08:42
Дейвид Сплэйн. Іс-әрекетсіз сенім өлі (Жақ. 2:17)
Бүгінгі күннің тармағы
Жақып кітабынан алынған.
Протестант дінінің
негізін салушы болған Мартин Лютер
Жақып кітабын аса бір құрметтемеген.
Ол оны тіпті “салмағы жоқ кітап” деп атаған.
Өйткені ол кітаптың тигізер пайдасы жоқ деп ойлаған.
Лютер Естер, Еврейлерге арналған хат,
Яһуда, Аян кітаптары жайлы да сондай ойда болған.
Бірақ неге ол Жақып кітабын жақтырмады?
Өйткені ол Жақып кітабындағы мына сөздерге тіреліп қалған еді:
“Іс әрекетсіз болса, сенім де өлі”.
Бұл сөздермен Жақып не айтқысы келгенін Лютер дұрыс түсінбеген.
Өйткені Жақыпты “тек іс-әрекеттеріміздің арқасында
құтқарыламыз” деп айтып жатыр деп ойлап қалған.
Ал Лютердің ойынша, біз сеніміміздің арқасында ғана құтқарыламыз.
Осылай шатасып,
оның көңілі түскені сонша, тіпті Жақып
кітабын Жақыптың өзі жазбады деген тұжырымға келген.
Қайта, мәсіхшіліктен мүлдем хабары жоқ
бейтаныс бір еврей жазды деп ойлаған.
Оның былай ойлағаны Жақыптың не айтқысы келгенін дұрыс түсінбегендіктен болды.
Ал Жақып болса, “әрине сенім маңызды,
бірақ ол көзге көрінбейді ғой.
Егер көзге көрінбесе, адамда сенім бар-жоғын қайдан біле аласың?!
Істерінен көре аласың” дегісі келген.
Демек, адамның істеріне қарап, оның сенімі бар екенін біле аламыз.
Ал сол сенім, яғни Иса Мәсіхтің құрбандығына деген сенім бізді құтқарады.
Біз үшін алар сабақ,
мысалы, Киелі кітаптан не әдебиеттерімізден
бір мәлімет оқып жатып, оны түсінбей қалсақ,
жазушыны кінәлағанымыз дұрыс болмас еді.
Қайта, мәселе біздің түсінігімізде болуы мүмкін.
Осындайда Ехобадан жазылғандарды түсіну үшін
дұға етіп, көмек сұрасақ болады.
Бүгінде Мартин Лютер сияқты көптеген діншіл адамдар
сенімді іс-әрекеттерден жоғары қойып жатады.
Мысалы, біз қызметте жүргенде олар:
“Сендер, осылай үйме-үй жүріп құтқарылуға ие боламыз деп ойлайсыңдар”,— деп айтады.
Бірақ бұл шындыққа жанаспайды ғой.
Иса Мәсіхтің құрбандық қаны ғана
бізді барлық күнәдан тазарта алатынын жақсы білеміз.
Біз Ехоба Құдайды жақсы көргендіктен,
адамдарды жақсы көргендіктен уағыздаймыз.
Ехоба туралы өтірікті жоққа шығару үшін
ол туралы шындықты мүмкіндігінше көп адамның білгенін қалаймыз.
Біз сот залына келген куәгер іспетті шындықты айтуды уәде еткенбіз.
Рамф бауырластың жылдық жиында айтқан баяндамасындағы бір ой маған қатты ұнаған еді.
Естеріңізде ме?
Ол Иса өзі сауықтырған адамдарға
жаны ашығаны сонша,
олардың бір минутқа да артық қиналғандарын қаламағанын айтты.
Тіпті Демалыс күніне қарамастан оларды сауықтырды.
Ол “ертең келіңдер немесе Өлі теңіз сияқты бір жерден тауып аласыңдар” деді ма?
Жоқ-жоқ.
Ол көре сала сол заматта сауықтырды.
Тіпті парызшылдар сынап-мінейтінін білсе де, солай етті.
Негізі, шындығына келсек,
Демалыс күні адамды сауықтыру Иса үшін өте қауіпті еді.
Мұса заңы бойынша, Демалыс күнін бұзған адамды өлім жазасына кесу керек еді.
Міне, сол себепті парызшылдар осы мүмкіндікті пайдаланып,
Исаны өлімге кескісі келді.
Сонымен Рамф бауырлас қандай қорытынды шығарды?
Бүгінде біз былай деп ойламаймыз:
“Адамдарға уағыздамасам да болады, олар бәрібір де зор алапатта
Ехоба жайлы шындықты біледі ғой”.
Өйткені адамдар қазірдің өзінде қиналып жатыр.
Олар жұбанышқа дәл қазір мұқтаж.
Олар Ехоба жайлы білімді қазір алу керек.
Олар қазірдің өзінде мәнді өмір кешіп,
әрі болашаққа деген шынайы үмітке ие болулары керек.
Ал Иса жайлы айтар болсақ.
Ол біздің істерімізге назар аударады ма?
Жоқ, әлде құтқарылу үшін сенім ғана жеткілікті дейтіндермен келісе ме?
Бұл сұраққа Исаның өзі жауап берсін.
Келіңіздер, олай болса
Мартин Лютер онша ұнатпаған
Аян кітабындағы кейбір тармақтарды оқып көрейік.
Келіңіздер, қазір Аян кітабының 2-тарауын ашып,
Иса біздің іс-әрекетіміз жайлы не ойлайтынын оқып көрейік.
Аян 2-тарау,
2-ші және 5-ші тармақтарды оқып көрейік.
Бұл сөздер Ефес қауымына арналған еді.
Онда былай делінеді: “Мен істеріңді,
еңбегің мен табандылығыңды білемін”.
Қазір біз екінші тармақты оқыдық.
Келесі 5-тармақ:
“Сондықтан қайдан құлағаныңды есіңе алып, өкін
әрі бастапқыдағы істеріңді істе”.
Енді 19-тармақта Тиатира қауымына не дегенін көрейікші.
Бұл тармақ “Иса қызметте атқарған істерімізді байқай ма?” деген сұраққа жауап береді.
19-тармақ, Иса былай дейді:
“Сенің істеріңді, сүйіспеншілігіңді,
сенімің мен қызметіңді, табандылығыңды және”
енді байқаңыздар, “қазіргі істеріңнің бұрынғыдан көп екенін білемін”.
Демек, не білеміз?
Иса біздің істерімізді байқайды.
Мысалы, сенбі күні таңертең әдеттегіден көбірек уағыздағанымызды,
әлдебір сатушыға тоқтап,
байланыс картасын бергенімізді, я болмаса
жұмыстан шығып, өзімізге ыңғайсыз болса да,
қызығушылық білдірген адамға қайта барғанымызды.
Иса мұның бәрін байқайды.
Иса осындай кішігірім құрбандықтарымызды да байқап, оларды бағалайды.
Бүгінде Ехобаның халқы атқарып жатқан істерге қарап, таң-тамаша қаласың.
Әрине, Шайтан үнемі тырнақтың астынан кір іздейді.
Ол біздің бауырластарымызға айып тағып,
“қазір жариялаушыларға есеп тапсырудың қажеті жоқ,
сондықтан олар қызметке жөнді шықпайды да,
айдың соныңда әйтеуір қызметке шықтым деп белгілеу үшін ғана
арасында уағыздап қояды” дейді.
Бірақ құлшынысты бауырластарымыз Шайтанның өтірігін бетіне басады.
Есеп тапсырғанда сағат жазудың қажеті болмаса да,
өз жағдайларына қарай, ақылға қонымды мақсаттар қойып жүр.
Біз ақылға қонымды мақсаттар деп жатырмыз.
Мысалы, 19 жасар денсаулығы мықты бауырласқа ақылға қонымды болған нәрсе
90 жастағы әлсіз бауырласқа олай болмауы мүмкін.
Соның өзінде қарт бауырластарымыз қызметте көп нәрсе істей алады.
Кей бауырластарымыз істерін алдын ала жоспарлайды.
Айдың басында демалыс күндерін қалай жұмсаймыз деп ойланады.
Мысалы, бауырының тойы болғалы жатыр.
Сондықтан бір демалысын сол жерге баруды жоспарлайды.
Сосын қалған үш демалысында не істеймін деп ойланады.
Құдайдың халқы Ехобаға деген сүйіспеншіліктерін тағы бір жолмен көрсетеді.
Үйреншікті, жайлы болып қалған нәрселерінен бас тартады.
Бірақ, бір қызығы, кейбіреулер үшін
үйреншікті болып қалған нәрседен бас тарту деген
үйме-үй жүріп уағыздау болып табылады.
Өйткені көпшілік үшін ковидтен бері
адаммен бетпе-бет сөйлесу қиын болып қалған.
Олар хат алмасып сөйлесуге әбден үйреніп қалған.
Сондықтан олар әдебиет арбасымен, хат жазып уағыздайды.
Әрине, екеуі де жақсы.
Бірақ олар тек осы уағыздау түрлері арқылы
адамдардың барлығына бірдей уағыздай алмайтындарын түсінеді.
Сондықтан олар үйме-үй жүріп уағыздау үшін
дұғада Ехобадан батылдық сұрайды.
Иса мұның бәрін көреді
әрі олардың осындай батылдықтарына, дайындықтарына риза болады.
Бетелдегі еріктілер де Ехобаға,
бауырластарға деген сүйіспеншілігін көрсетіп,
керемет үлгі қалдырады.
Егер олар ізашар болып қызмет етсе, сағат нормаларын
үш аптаның ішінде-ақ орындап қояр еді.
Бірақ төртінші аптада олар демалыс алмайды.
Себебі төртінші аптада да олардың көмектері қажет екенін түсінеді.
Сондықтан Бетелге келеді.
Олардың еңбектері аса қажет.
Біз оларды бағалаймыз.
Иса сенімнің істермен байланысты екенін көрсеткен.
Иса өзінің өлер алдындағы түні шәкірттеріне
келесідей сөздерді айтқан болатын.
Иса былай деген еді: “Маған сенген адам
мен жасаған істерді де
жасайды”.
Ал Иса қандай істерді атқарды?
Ең басты уағыз ісін.
-