JW subtitle extractor

Джонатан Смит. Кішігірім мәселелерде де мойынсұнушылық танытайық (Лұқа 16:10)

Video Other languages Share text Share link Show times

Бүгінгі күннің тармағына
және “Күзет мұнарасынан”
алынған түсініктемеге назар аударсақ,
бір маңызды жайтты көреміз,
яғни кішігірім мәселелерде
мойынсұнушылық танытқанымыз
зор алапатта құтқарылатын
не кұтқарылмайтынымызға әсер етуі мүмкін.
Қазір осыған қатысты
басқа да “Күзет мұнараларында” не айтылғанына назар аударайықшы.
Мысалы, 2007 жыл, желтоқсан айының
“Күзет мұнарасында” былай делінеді:
“Ауыр азап жақындаған сайын бізге
егжей-тегжейлі нұсқаулар берілуі әбден мүмкін.
Сол бір аумалы-төкпелі күндерден аман-есен өтуіміз
Ехобаның басқа да адал қызметшілерімен
бірлікте әрі пікірлес болуымызға байланысты”.
2012 жыл, сәуір айының “Күзет мұнарасында” болса, былай деп жазылған:
“Зор алапаттың кезінде мәсіхшілерге Құдай Сөзі мен
ұйымның басшылығына мойынсұну керек болады.
Сол нұсқауларға мойынсұнсақ қана аман қаламыз”.
Енді 2022 наурыз айының “Күзет мұнарасы”:
“Кейде біз адал да ақылды құлдың берген нұсқауларын дұрыс түсінбейтін шығармыз.
Мысалы, олар қандай да бір табиғи апатқа дайындалуға қатысты
нақты бір нұсқаулар беруі мүмкін.
Ал біз мұндай апат біздің аумақта ешқашан болмайды деп ойлайтын шығармыз”.
2023 жыл, қазан айының “Күзет мұнарасында” болса былай деп жазылған:
“COVID-19 пандемиясы басталғанда,
Патшалық сарайына жиналмаймыз,
үйме-үй уағыздамаймыз деген нұсқауға бағыну бізге қиын болған шығар.
Бірақ соған бағынғанның арқасында аман-сау жүрдік,
бауырластармен бірлікте болдық,
Ехобаны да қуанттық.
Енді зор алапатта қандай басшылықтар келсе де,
мойынсұнуға бұрынғыға қарағанда дайынбыз”.
Және соңғы үзінді 2024 жыл, ақпан айының “Күзет мұнарасынан” алынған.
Онда былай делінеді: “Ехобаның басшылығын
кемелсіз адамдар арқылы алғанда, мойынсұну
әсіресе қиын болып жатады.
Бұған не себеп болуы мүмкін? Бауырластар берген нұсқау
бізге ұнамайтын шығар немесе ол ақылға қонымсыз көрінгендіктен
Ехобадан келмеген деп пайымдайтын шығармыз”.
Көріп отырғанымыздай, соңғы жылдары шыққан “Күзет мұнаралары”
мойынсұнушылықтың қаншалықты маңызды екенін
қайта-қайта есімізге салып келеді.
Бұдан бөлек, бүгінгі түсініктемеде айтылғандай,
біз біртүрлі, тиімсіз, тіпті
ақылға қонымсыз болып көрінетін нұсқаулар алуымыз мүмкін.
Неліктен?
Қазір исраилдіктер Мысыр жерінде құл болып жүргенде
қандай жағдай орын алғанын қарастырайықшы.
Қалай ойлайсыздар, оларға берілген нұсқаулардың ішінде
біртүрлі, тиімсіз, тіпті ақылға қонымсыз болып көрінген нұсқаулар болды ма?
Ең алдымен, Ехоба Мұса мен Харонды
перғауынның алдына жіберіп, исраилдіктерді босатуды айтқызды.
Алайда перғауын не істеді?
Перғауын исраилдіктердің өздеріне сабан жинатқызды
және құятын кірпіштің санын да азайтуға рұқсат бермеді.
Басқаша айтқанда, жағдай жақсарудың орнына, барған сайын қиындай түсті.
Кейін Ехоба алғашқы жазаны жіберіп, Ніл өзенін қанға айналдырды.
Бірақ перғауын сиқыршылықпен айналысатын
Мысыр абыздарының дәл сол кереметті қайталағандарын өз көзімен көреді.
Сондықтан жүрегін қасарыстырып тұрып алады.
Кейін екінші жаза жіберіліп, елді бақалар қаптайды.
Бұл жолы да Мысыр абыздары
тура сол кереметті қайталап жасайды.
Осы екі кереметтен кейін Мұса мен Харон былай деп ойлады ма екен?
“Ехоба біз қанша тырысып бақсақ та,
бұдан еш пайда жоқ”.
Кейінірек Мысыр жеріне
бұдан да көп жаза жіберілгенін жақсы білеміз.
Бірақ Мысыр сиқыршылары бұл кереметтерді қайталай алмады.
Олар тіпті “бұл — Құдайдың құдіретімен жасалған іс” деп мойындады.
Оныншы жазаның алдында
Исраил отбасыларына бір жасар тоқтыны құрбандыққа шалу бұйырылды.
Оны суға қайнатпай, қақтап жеулері керек еді.
Бірде-бір сүйегін сындыруға болмайтын.
Етті таңға дейін қалдырмай,
ал қалып қойса, өртеп жіберулері керек еді.
Одан қалса, исраилдіктер тоқтының етін
белдерін буып, аяқ киімдерін киіп,
қолдарына таяқ алып, асығыс жеулері керек еді.
Бұл не деген көп басшылықтар?!
Исраилдіктер бұл басшылықтардың не себепті берілгенін түсінді ме?
Мысалы, олар
неліктен тоқтының сүйегін сындыруға болмайды деп ойлаған шығар.
Неліктен болмайтыны оларға түсіндірілмеген еді.
Негізі, бұл басшылықтың пайғамбарлық мәні болды
әрі бұл пайғамбарлық арада ғасырлар өте, яғни
1500 жыл өткеннен кейін орындалмақ еді.
Алайда сол кезде исраилдіктер
былай деп ойланып отырды ма?
“Мұса, айыпқа бұйырмашы,
бірақ сен бізге тамақ пісіруге қатысты нұсқау беріп жатырсың ғой.
Бұл әркімнің өз шаруасы емес пе?
Мысалы, маған етті қайнатып жеген ұнайды.
Сондықтан қазанға сыйдыру үшін кейбір сүйектерін шабуым керек”.
Немесе өзге біреуі: “Мен асығыс жесем, ішім ауырады”,— деді ме?
Бәлкім, кейбіреулер осылай наразылық білдірген де шығар.
Бірақ олар мойынсұнды ма?
Иә, олар мойынсұнды.
Мұсаның 2-жазбасы 12:28-де былай делінген:
“Ехоба Мұса мен Харонға қалай бұйырса, исраилдіктер барып,
дәл солай істеді. Олар бәрін бұлжытпай орындады”.
Оныншы жаза аяқталған соң,
Ехоба исраилдіктерге тағы бір нұсқау берді.
Бұл да оларға біртүрлі көрінсе керек.
Ехоба халыққа мысырлықтарға барып, олардың
алтын-күміс бұйымдарын және киімдерін сұрап алыңдар деп бұйырды.
Осы жағдайда исраилдіктер бұл басшылыққа мойынсұнудан бас тартты ма?
Олар былай деп ойласа болар еді:
“Мұса, қазір қалай сұраймыз? Ыңғайы келіп тұрған жоқ қой.
Бүкіл Мысыр елі қара жамылып, әрбір үй өзінің тұңғышынан айырылып отыр ғой.
Біз қай бетімізбен оларға барып,
күміс, алтыннан жасалған бұйымдарын, киім-кешектерін сұраймыз?
Бұлай етсек, тасжүрек болғанымыз емес пе?”
Бірақ шындығына келгенде,
бұл исраилдіктердің қаншама жыл құл болғандары үшін
мысырлықтардан алған қарымталары еді.
Мысырлықтарға исраилдіктерді құл қылуға ешкім құқық бермеген еді.
Түптеп келгенде, исраилдіктер сол жерге қонақ ретінде келген болатын.
Сонымен, исраилдіктер сол нұсқауға құлақ асты ма?
Иә, әрине. Киелі кітапта айтылатындай, “Ехоба мысырлықтарды
өз халқына оң көзбен қаратты
және мысырлықтар оларға сұрағандарын берді”.
Көп жылдар өте киелі шатырдың құрылысына қажетті керек-жарақтарды да берді.
Кейін исраилдіктер Мысыр жерінен шыққан соң,
Ехоба Мұсаға тағы бір нұсқау берді.
Олар кері бұрылып, Қызыл теңіз жағалауына қос тігулері керек еді.
Сол кезде олар қақпанға түскендей болды.
Өйткені бір жағында Қызыл теңіз тұрса, екінші жақтан перғауын әскерімен келе жатты.
Бұл нұсқау ақылға қонымсыз болып, қауіп төндірді ме?
Әлде табылған ақыл болды ма?
Жауабын жақсы білесіздер.
Ендеше, түйіп алар сабағымыз мынау:
Біз де ұйымнан алғашында тиімсіз болып көрінетін
басшылықтар, нұсқаулар алуымыз мүмкін.
Тіпті олар біздің өмірімізді одан сайын қиындататындай болып көрінуі мүмкін.
Тура бір кірпіш кұю үшін сабанды
өздері іздеген исраилдіктер сияқты.
Ал кейде жеке өмірімізге араласып жатқандай көрінетін нұсқаулар алсақ ше?
Мысалы, ол нұсқаулар біздің не жейтінімізге,
оны қалай пісіретінімізге, не тіпті
қалай жейтінімізге қатысты болса.
Не болмаса қандай да бір басшылықтың не себепті берілгені
бірнеше күндер, апталар, айлар
не тіпті 1500 жылдан кейін белгілі болса, мұндайда не істер едік?
Ал Қызыл теңіздің маңында
тығырыққа тірелген исраилдіктердің жағдайындағыдай
бізге де өмірімізге
қауіп төндіретіндей болып көрінетін басшылықтар берілсе ше?
Сондайда мойынсұнуға не көмектеседі?
Мына жайтты есте ұстағанымыз:
мысырлықтарға жіберілген әрбір жазада
Ехоба Мұса мен Харон арқылы басшылық беріп отырғаны айқын көрінді.
Ехоба бүгінде де солай етеді.
Осы соңғы күндері әлемде неше түрлі соғыстар, апаттар, індеттер жүріп жатыр.
Осындай жағдайларда Ехоба өзінің ұйымы,
адал да ақылды құл арқылы тиімді басшылықтар беріп, бізді жетелеп келеді.
Алар сабағымыз: біз қазірден бастап Ехобаға сенім артуды үйренуіміз керек.
Ол тағайындаған адамдарға да сенім артып,
тіпті кішігірім істерде де оларға мойынсұнайық.
Осылай етер болсақ, зор алапатқа ғана дайын болып қоймай,
Зәбүр 45-тарау, 16-тармақта айтылатындай,
Исаның мың жылдық билігі кезіндегі кезеңге де сақадай дайын боламыз.
Сонымен, өз қалауымызды шетке ысыруға тура келсе де,
біз берілетін басшылықтарға мойынсұнамыз ба?
Мұның бәрі
Ехоба қазір беріп жатқан нұсқауларға мойынсұнамыз ба, жоқ па соған байланысты.