JW subtitle extractor

Энтони Гриффин. Сіз Ехоба үшін "ораза ұстайсыз" ба? (Зәк. 7:5)

Video Other languages Share text Share link Show times

Біз бүгінгі баяндамада
жақсы жүріс-тұрыс жайлы сөз етеміз.
Және бір айта кететін жайт,
сіздер барлықтарыңыз
үлгілі жүріс-тұрыс танытасыздар.
Және осы үшін сіздер мақтауға
әбден лайықсыздар!
Алайда ойланып көрейікші, бізді жақсы жүріс-тұрыс танытуға не нәрсе талпындырады?
Үлгілі жүріс-тұрыс танытуда біздің ниетіміз қандай?
Қазір сол жайлы сөйлесейік.
Мен осы баяндаманың тақырыбын сұрақ ретінде алғым кеп тұр.
Бұл сұрақты Ехоба кезінде тұтқыннан оралған халқына қойған еді.
Ол Зәкәрия кітабы 7-тарау, 5-тармақта жазылған.
Ехоба халқына өз сөзін Зәкәрия пайғамбар арқылы жеткізді.
“Елдің күллі жұртына және діни қызметкерлерге былай деп айт:
70 жыл бойы бесінші және жетінші айда ораза ұстап, жылағандарыңда,
[енді Ехобаның сұрағы:]
мұны мен үшін істедіңдер ме?”
Яһудиліктер Ехоба оларға қарсы үкім шығарғандықтан ораза ұстады.
Сондықтан Ехобаға олардың бұлай ораза ұстағандары ұнамады.
Негізінде, олар елдеріне аман оралғандарына қуанып, ораза ұстаулары керек еді.
Бірақ керісінше, олар өздерінің жасаған қателіктерінің кесірінен
бастарына төнген апатқа бола ораза тұтты.
Демек, олардың ниеттері мүлдем түзу болмады.
Сондықтан да Ехоба: “Мұны мен үшін істедіңдер ме?”— деп сұрады.
Осы сұрақты Ехоба кезінде исраилдіктерге қойғанындай,
былайша айтқанда, бүгінде де ол бізден солай сұрайды.
Сіз де, мен де, жалпы барлығымыз да
Ехоба үшін ораза ұстаймыз ба?
Күн сайын қызметімізді атқарғанда оны қандай ниетпен атқарамыз?
Осы баяндаманы тыңдап отырған басым көпшілігіміз
толық уақытты қызметтің қандай да бір түрін атқарамыз.
Және мұндай үлгілі жүріс-тұрыс шынымен де мақтауға тұрарлық.
Бірақ келісетін шығарсыздар, кейде қызметімізге басымызбен кіріп кетіп жатамыз.
“Ананы істеуім керек, мынаны істеуім керек” деп
барлығы қарбалас болып кетеді.
Қызметтен қолымыз босамайтыны соншалық, біз бір сәт тоқтап,
“мен мұны не үшін істеп жатырмын?” деп ойлануды ұмытамыз.
Мен Ехобаға қандай ниетпен қызмет етіп жүрмін?
Бетелде не үшін қызмет етемін?
Неліктен күн сайын уағызға шығамын?
Неліктен апта сайын аудандық бақылаушы ретінде қауым аралаймын?
Ал құрылысқа қандай ниетпен атсалысамын?
Ал Патшалықты жариялаушыларға арналған мектептің оқушыларын,
аудандық бақылаушыларды,
ақсақалдарды не үшін оқытқызамын?
Біздің қызметіміз қандай іс атқаратынымызбен және қанша атқаратынымызбен өлшенбейді.
Ехоба жүректі көре алатын Құдай.
Сондықтан оны қандай ниетпен істейтініміз қызықтырады.
Есімізде болса, Самуил Исраилдің
келесі патшасын тағайындамақ еді.
Сол кезде Ехоба не нәрсеге назар аударды?
Қазір Самуилдің 1-жазбасы 16-тарау, 7-тармақты ашайықшы.
Онда Ехоба Самуилге былай деді:
“Оның [яғни бұл жерде Елияп туралы айтылып тұр]
келбеті мен бойшаңдығына қарама,
мен таңдаған адам — бұл емес”.
Алайда неліктен Ехоба оны таңдамады?
Ұзын болғандықтан ба?
Жоқ. Ехоба оның бойына назар аудармады.
Ехоба оның жүрегін көрді.
Ол айбынды жауынгер болды, бірақ патша болуға лайық емес еді.
Елияпқа патша болуға лайықты ететін екі нәрсе жетіспеді.
Біріншісі — батылдық,
екіншісі — парасаттылық.
Неге бұлай дейміз?
17-тарау, 11-тармақта айтылатындай,
алып Ғолияттан “зәрелері қалмай, қорыққандардың” арасында Елияп та болды.
Осы себепті оған батылдық жетіспеді дей аламыз.
Дәл сол 17-тарауда Дәуіт Ехобаның атын қорғап,
батылдықпен: “Тірі Құдайдың жасағын қорлайтындай бұл філістір кім сонша?!”— деп сұрайды.
Дәл сол аралықта
28-тармақта айтылатындай,
Елияп Дәуітті ұрсып, “сен менменсің, арам пиғылың бар” деп айыптайды.
Демек, парасаттылық жетіспеді.
Елияп патша болуға дайын емес еді.
Әрине, ол соғысудан қашқан жоқ.
Бірақ кім үшін соғысып жатқанын ұмытып кетті.
Міне, сондықтан да Самуилдің 1-жазбасы 16-тарау, 7-тармақта
Ехоба Самуилге былай дейді:
“Құдай пенде емес қой: пенде адамның сырт келбетіне қарайды,
ал Ехоба жүрегіне қарайды”.
Міне, осы сөздерден Ехоба
не нәрсеге көбірек назар аударатынын түсіне берсек болады.
Әрине, ол істегендерімізді,
былайша айтқанда, соғысып жатқанымызды бағалайды.
Бірақ “оны не үшін істеп жатырмыз
немесе кім үшін соғысып жатырмыз?” сол көбірек қызықтырады.
Еремия 17-тарау, 10-тармақта
“Ехобаның жүректі зерттейтіні, көңіл түбіндегі ой-сезімді тексеретіні,
Сөйтіп, әркімге ұстанған жолына қарай,
іс-әрекетінің жемісіне қарай қарымтасын беретіні” айтылған.
Басқа аудармада болса былай делінеді:
“Мен адамның жүрегіне үңілемін.
Оның тамырына қараймын.
Мені оның қандай болып көрінгісі келетіні емес, шын мәнінде кім екені қызықтырады”.
Осыған қатысты ес жидыратын тағы да бір ой
1995 жылғы “Күзет мұнарасында да” жазылған.
Мақала “Сен Құдайға қандай ниетпен қызмет етесің?” деп аталады.
Онда былай деп жазылды:
“Кемелсіз адамдар өзгелерге істеріне қарай баға беруге бейім.
Ал кей жағдайларда
өзіміздің істеп жатқан істерімізге баға беріп жатамыз.
Кейде біздің рухани істерге шектен тыс
назар аударып кететініміз бар.
Осылай сол істерді атқарсам ғана, рухани адам боламыз деп ойлаймыз.
Сөйте тұра, сол істерді қандай ниетпен атқарып жатқанымызды тексеруді
ұмыт қалдыруымыз мүмкін”.
Мен осы сөздерді оқып, мәссаған, бұның маған да қатысы бар ғой дедім.
Кейде атқаратын қызметімізден бас алмайтынымыз соншалық,
өзімізге “неге?” деген сұрақты қоюды ұмытып жатамыз.
Менің ниетім қандай? Жүрегімде не бар?
Мен бұны не үшін істеп жатырмын? Кім үшін соғысып жатырмын?
Бір әйел бауырлас былай деді:
“Мен қызмет етемін, қауымға барамын, оқимын, дұға айтамын.
Бірақ бұның бәрін еш сезімсіз, ойланбай істей береді екенмін”.
Сонымен, біз Ехобаға қандай ниетпен қызмет етеміз?
Мәртебелі қызмет үшін бе?
Әлде аудандық бақылаушыларға жағыну үшін ба?
Не мәңгі өмірді иемдену үшін бе?
Ендеше, не үшін,
кім үшін істеп жатқанымызды бір сәтке кідіріп, ойланайық.
Қызметімізді атқаруға Ехобаға деген сүйіспеншілік талпындыру керек.
Мұндай сүйіспеншілікті Иса Марқа кітабы 12-тарау,
30-тармақта жақсы сипаттап кеткен еді.
Қазір Марқа 12:30-ды ашайық.
Былай делінеді: “Құдайың Ехобаны бар жүрегіңмен, бүкіл жан-тәніңмен,
барлық ақыл-ойыңмен және бар күш-қуатыңмен сүй”.
Осы сүйіспеншілігіміздің қаншалықты берік болу керектігі
30-тармаққа берілген зерттеу мәліметінде жақсы түсіндіріледі.
Былай делінеді: “Тармақта төрт тіркес қолданылады: жүрек,
жан, ақыл-ой, күш-қуат.
Осы төрт жайттың бір-бірімен тығыз байланысы бар.
Бұдан нені түсінуге болады?
Біздің Құдайға деген сүйіспеншілігіміз де терең болу керек.
Және бұл сүйіспеншілікті
өміріміздің барлық саласында танытуымыз қажет”.
Міне, көріп отырғанымыздай,
бізді Ехобаға қызмет етуге талпындыратын осындай сүйіспеншілік болу керек.
Бұндай сүйіспеншілікті бөлінбеген, тұтас сүйіспеншілік дейміз.
Демек, Ехоба бізден бар жүрегімізбен, жан-тәнімізбен,
ақыл-ойымызбен, бар күш-қуатымызбен сүйеді деп күтеді.
Сөйте тұра, ол біздің бар болғаны топырақ екенімізді ұмытпайды.
Бұл біздің жүрегімізге жылу береді емес пе?!
Оның бар сұрайтыны — ең жақсымызды беру.
Жылдар өте, тіпті күндер өте
біздің жағдайымыз өзгеруі мүмкін.
Күш-қуатымыз, жігеріміз бұрынғыдай болмауы мүмкін.
Бірақ Нақыл сөздер 21:2-де “Ехоба жүрегімізді тексеретіні” айтылған.
Оған қанша мөлшерде істейтініміз маңызды емес.
Ехоба кейбір нәрселер біздің құзырымызда емес екенін жақсы түсінеді.
Мысалы, бұл материалдық жағдайымыз, денсаулығымыз
немесе эмоциялық күйіміз болуы мүмкін.
Ехоба мінсіз Құдай.
Бірақ ол бізден мінсіздікті күтпейді.
Ехоба әрқашан бізге түсінікпен қарайды
және ешқашан қолымыздан келмейтінді талап етпейді.
Егер біз өзіміздің қызметімізді
бар махаббатымызды салып атқарсақ,
онда өз жағдайымызда Ехоба үшін ең жақсымызды бердік деген сөз.
Ендеше, арагідік өзімізге “неге?” деген сұрақты қойып тұрайық.
Мені Ехобаға қызмет етуге не талпындырады?
Оған қандай ниетпен қызмет етемін?
Сонда Ехоба бізден “Мен үшін ораза тұттыңдар ма?” деп сұрағанда,
біз сеніммен: “Иә!”— деп жауап бере аламыз.
Өйткені бұлай айтуға бізді
оған деген шынайы сүйіспеншілігіміз бен
қызметімізге деген ризашылық талпындырады.