JW subtitle extractor

Сет Хайатт. Қараңдаршы! Міне, ұлы жамағат! (Аян 7:13, 14)

Video Other languages Share text Share link Show times

1 сәуір, 1935 жылғы “Күзет мұнарада”
оқырмандар өте ерекше бір жиынға шақырту алды.
Шақыртуды сіздерге оқып берейін.
Онда былай делінді:
“Ехоба куәгерлері мен Ехонадабтар
Вашингтонда өтетін конгреске шақырылады.
Бұл конгресс 1935 жылдың
30-шы мамыр мен 3-ші маусым аралығында өтеді.
Бұл конгреске майланғандардың тамтығы да,
Ехонадабтар да көптеп келеді деп үміттенеміз.
Бұрын көптеген Ехонадабтарда мұндай мүмкіндік болмаған еді.
Ал енді олар Вашингтонда өтетін конгреске қатысып,
зор жігер мен жұбаныш ала алады”.
Бұл өте қызық шақырту болды.
Алайда көкейімізде кейбір сұрақтар туындайды.
“Ехонадабтар” деген кімдер?
Қалайша олар конгреске қатысып, жұбаныш пен жігер алмақшы еді?
Және де 85 жыл бұрын өткен бұл конгресс
қалайша бізге Аян 7-тараудағы сөздерді жақсырақ түсінуге көмектесті?
Мұны бірге білейік.
1935 жылы Ехобаның халқы құтқарылуға үш топтың адамдары ие болады деп сенген.
Алғашқысы, Аян 7-тарау, 1—8 дейінгі тармақтарда сипатталған
144 000 майланғандар
және киелі рухпен майланған олар
Мәсіхпен бірге көкте билік етпек еді.
Ал екінші топ болса, жер бетінде
мәңгі бақи өмір сүруге үміттенетіндер еді.
Бір қызығы, 1932 жылғы “Күзет мұнарада”
жерде өмір сүруге үміті барлар
Иқудың қызметшісі Ехонадабқа теңелген еді.
Өйткені Ехонадаб Ехоба майлаған патшаны қолдаған.
Сондықтан 1932 жылдан бастап
бұл топтың адамдары “Ехонадабтар” деп аталып кетті.
Бірақ Вашингтонда өткен әлгі конгрестен бір жыл бұрын,
яғни 1934 жылы “Күзет мұнарада”
Ехонадабтарға бір нұсқау берілді.
Онда оларға да өз өмірлерін Ехобаға бағыштап,
шомылдыру рәсімінен өту керектігі айтылды.
Біз екі топтың адамдарын айттық.
Бұл 144 000 майланғандар мен Ехонадабтар.
Ал үшінші топтың адамдары кімдер?
Иә, бұл топтың адамдарына
Аян кітабы 7-тарау, 9-тармақтан бастап сипатталатын “ұлы жамағат” жатады.
Қазір Аян кітабы 7-тарау, 9-тармақтан бастап бірге оқиық.
Оқу барысында экраннан шығатын суретке назар аударсаңыздар болады.
Жохан былай деген: “Содан соң қарадым да, [яғни ол бұл сөздерді
144 000 көрген соң айтып тұр]
әрбір ұлттан, рудан, халықтан және тілден шыққан,
ешбір адам баласы санай алмайтындай ұлы жамағатты көрдім”.
Демек, ұлы жамағат 144 000-нан мүлдем ерекшеленеді.
Оның саны жоқ.
“Олар тақ пен тоқтының алдында ақ шапан киіп,
қолдарына пальма бұтақтарын ұстап тұр екен.
Олар қатты дауыстап:
“Құтқарылғанымыз үшін біз тақта отырған
Құдайымыз бен Тоқтыға борыштымыз”,— деп жатты”.
Бұл неткен әдемі көрініс!
Олардың ақ шапан кигендері осы дүниедегі арамдықтардан
өздерін кіршіксіз таза ұстайтындарын білдіреді.
Олар құтқарылудың Ехоба мен Тоқтыдан келгенін мойындайды.
Олар Исаға адал болады.
Ал қолдарына пальма бұтақтарын ұстағандары Исаны
тағайындалған патша ретінде мойындайтындарын көрсетеді.
Қазір Аян 7-тарау, 13-тармақтан оқып жалғастырайық.
Сіздерді сол тармақты ашуға шақырамын.
Аян 7-тарау, 13-тармақтан былай делінеді:
“Сонда ақсақалдардың бірі менен: “Ақ шапан киген мына адамдар кімдер,
олар қайдан келді?”— деп сұрады.
Мен бірден: “Мырзам, мұны өзіңіз білесіз”,— деп жауап бердім.
Ол маған былай деді:
“Бұлар зор алапаттан өткендер.
Олар шапандарын Тоқтының қанына жуып ағартты.
Сондықтан Құдай тағының алдында тұрып,
оның ғибадатханасында күні-түні қасиетті қызмет атқаруда.
Тақта отырған олардың үстінен өз шатырын тігеді”.
Енді мынадай сұрақ: Ұлы жамағатты кімдер құрайды?
Бұл сұрақтың жауабы Ехобаның халқын жылдар бойы қызықтырды.
Киелі кітап зерттеушілері бұл көкке баратын басқа топтың адамдары деп сеніп келді.
Неге? Өйткені олар Құдай тағы мен Тоқтының алдында тұрды.
Байқасаңыздар, олар тақтарда отырмаған, тұрып тұрған.
Сондықтан олар жерде өмір сүргенде
Ехобаға толықтай мойынсұнбаған, сенімдері аз болған адамдар деп есептелінген.
Бірақ бұл тура түсінік болды ма?
Бұл сұраққа Вашингтон қаласында 1935 жыл,
31 мамырда өткен конгресте жауап берілді.
Мұны Рутерфорд бауырлас “Ұлы жамағат” деп аталатын баяндамасында ашты.
Ол баяндамасында нені айқындады?
Иә, ол ұлы жамағатқа кімдер жататынын түсіндірді.
Рутерфорд бауырлас ұзақ уақыт бойы шешілмей жүрген мәселенің нүктесін қойды.
Көкке баратын екінші топтың жоқ екенін айтты.
Қайта, ұлы жамағатқа Ехонадаб сияқты адал адамдар кіретінін түсіндірді.
Бұл тамаша жаңашылдық болды.
Ұлы жамағатқа да дәл майланғандар сияқты
Ехобаға мінсіздіктері мен адалдықтарын сақтау керек еді.
Содан соң Рутерфорд бауырлас тыңдармандардан былай деп сұрады:
“Жерде мәңгі өмір сүруге үміттенетіндер орындарыңнан тұрыңдаршы”.
Бір куәгердің айтуынша,
сол кезде 10 000 астам адам өз орындарынан тұрды.
Қандай көңіл толқытарлық сәт!
Сол кезде Рутерфорд бауырлас: “Міне, қарандаршы, ұлы жамағат!” деп жар салды.
Бір әйел бауырластың айтуынша сол кезде бір сәт тыныштық орнады.
Бірақ артынша барлығы қатты дауыстап қуанды.
Әрине, бұл конгресс өткеннің тарихы болса да,
оның әсері бүгінге дейін бар.
Сол конгресс қандай нәтиже берді?
Бауырластарымыз одан сайын құлшына уағыздай бастады.
Бір әйел бауырлас былай деп бөлісті: “Сол конгрестен жалындаған біздер
үйлерімізге келе салысымен-ақ, ақ жүректі адамдарды іздеуге кірісіп кеттік”.
Бұл конгрестің тағы бір нәтижесі,
Еске алу кешінде нан мен шараптан дәм тататын кейбіреулер бұлай етпейтін болды.
Неге? Өйткені олар көкте емес, жерде өмір сүру үмітіне ие екендерін түсінді.
Олар Ехоба осындай шара ұйымдастырғаны үшін риза болды.
Және конгрестің алып келген тағы бір жақсы нәтижесі болды.
Мысалы, конгреске дейін әдебиеттеріміз негізінен
Исаның майланған бауырларына арналып жазылатын еді.
Алайда 1935 жылдан бері қарай
“Күзет мұнарасы” мен басқа да әдебиеттеріміз
майланғандарға да, ұлы жамағатқа да арналып жазылатын болды.
Міне, осының арқасында қазір сіз бен біз бірлікте өмір сүріп жатырмыз.
Біз Исаның Жохан 10:16-да айтқан сөздері орындалып жатқан уақытта өмір сүріп жатырмыз.
Ол былай деген еді: “Менің бұл қорадағыдан басқа да қойларым бар.
Соларды да алып келуім керек, олар менің даусыма құлақ салады.
Сонда бәрі бір бағушысы бар бір отар болады”.
Бұл неткен мәртебе! Неткен бақыт!
Біз — Ехобаның отарымыз.
Ізгі Бағушымыз мен адал да ақылды құлдың дауысын ести аламыз.
Роберт Симонс деген бауырлас 1935 жылы өткен сол конгреске қатысты.
Ол өзін мына суретте көре алды.
Ол ұлы жамағатқа жататынын түсінгенде, қуанышы қойнына сыймады.
Оның қуанғаны соншалық, конгрестен өзі тоқтаған қонақ үйге қайтып бара жатқанда
көшеде көрген адамдардың бәріне “Мен ұлы жамағатқа жатамын!” деп айтқан.
Бұл бауырласымызда қуануға себеп болды.
Бізде де Ехоба осындай үміт сыйлағаны үшін қуануға себебіміз жетіп артылады.
Ендеше, Еске алу кешіне жүрегіміз бен ой-санамызды дайындай отырып,
мейлі, майланғандар тобына жатсақ та
немесе ұлы жамағаттың қатарына кірсек те, әрдайым қуанып жүрейік!