JW subtitle extractor

Иә, көз алдымда

Video Other languages Share text Share link Show times

Заман-ай, неткен қатал ең...
Шара таппай қиналдым мен.
Аңсап жаным шын өмірді,
Елестеттім жарқын күнді.
Иә, көз алдымда азапсыз күндер,
Бойдан тасып тұрмақ жастық жігер.
Иә, көз алдымда сол бір таңғы сезім,
“Көп рақмет өмір үшін” деп айтатын кезім.
Дыбыстың ешбірін естімей,
Тұманданды көзім көрмей.
Әсем әуен тыңдап алда,
Анық көрем күнді жаңа.
Иә, көз алдымда азапсыз күндер,
Бойдан тасып тұрмақ жастық жігер.
Иә, көз алдымда сол бір таңғы сезім,
“Көп рақмет өмір үшін” деп айтатын кезім.
Жарым жанды болғаным қасірет,
Асыр салып жүгіргім келед.
Иә, көз алдымда сол жарқын күндер,
Бойдан тасып тұрмақ жастық жігер.
Иә, көз алдымда тұр, асыр сап билеймін,
Әр күн тамаша, рақмет деймін.
Иә, көз алдымда сол жарқын күндер,
Бойдан тасып тұрмақ жастық жігер.
Иә, көз алдымда сол бір таңғы сезім,
“Көп рақмет” деп айтатын кезім.