JW subtitle extractor

Мені батыл етші

Video Other languages Share text Share link Show times

Көк тұман жан-жағым,
Үрей, күмән басып.
Қолымнан ұстап жетелер
Әкем қасымдасың.
Бұл заман ызғарлы,
Бірақ сенім өшпес.
Құтқарып аламын деген
Сөзің текке кетпес.
Ехоба, қорықпайын мен,
Мықты сенім берші.
Мың есе көп қой салыстырсам,
Біздің жақтың күші.
Берік, нық тұрайын,
Мені батыл етші.
Нық тұрып, жеңісіңе
Куә болайыншы.
Еш төтеп бере алмайм,
Пендемін ғой әлсіз.
Қорған боп бірақ келесің,
Күшің сенің шексіз.
Дір қаққан кеудеме
Берші батыл жүрек.
Оңалмас зиян әкелмес
Түрме, өлім, көр де.
Ехоба, қорықпайын мен,
Мықты сенім берші.
Мың есе көп қой салыстырсам,
Біздің жақтың күші.
Берік, нық тұрайын,
Мені батыл етші.
Нық тұрып, жеңісіңе
Куә болайыншы.
Ехоба, қорықпайын мен,
Мықты сенім берші.
Мың есе көп қой салыстырсам,
Біздің жақтың күші.
Берік, нық тұрайын,
Мені батыл етші.
Нық тұрып, жеңісіңе
Куә болайыншы.
Нық тұрып, жеңісіңе
Куә болайыншы.