JW subtitle extractor

Сенімім бар

Video Other languages Share text Share link Show times

Арыстанның тісінен,
Жауларымның күшінен
Селк етпейді жүрегім,
Өйткені білемін,
Ехоба жанымда менің!
Сенімім бар үміт нұрын төгетін,
Сенімім бар үрейді жеңетін.
Күш беріп маған дәйім
Ехоба Құдайым,
Ешқашан жалғыз тастамайды.
Сенімім бар.
От пен суға салса да,
Сынбайтын жандар болған.
Күмән жоқ, олардың
Болашағы жарқын,
Оянады бәрі алда.
Сенімім бар үміт нұрын төгетін,
Сенімім бар үрейді жеңетін.
Күш беріп маған дәйім
Ехоба Құдайым,
Ешқашан жалғыз тастамайды.
Сенімім бар.
Сенім барда жықпас мені ешкім,
Сенім — әл-қуатым ішкі.
Сенімімнен
Күн сайын күш алып келем,
Сынбай қиындыққа ешбір.
Келешегім кемелді,
Бар назарым сонда.
Күтсем сәл ғана,
Көремін жуырда
Құдайымның ұлы жеңісін!
Сенімім бар үміт нұрын төгетін,
Сенімім бар үрейді жеңетін.
Күш беріп маған дәйім
Ехоба Құдайым,
Ешқашан жалғыз тастамайды.
Сенімім бар.
Сенімім бар.